Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет48/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

Телофаза - ажыраған бір хроматидті хромосомалар ӛз 
диплосомасына жақындаған соң, тоқтайды. Хромосомалар профаза 
кезінде 
ядро 
мембранасы ыдырау 
барысында пайда болған 
кӛпіршіктермен байланыста болады. Олардың қабырғасына ядро 
саңылауларын құрайтын комплекстер орналасады, сол арқылы 
кӛпіршіктерге ақуыздар еніп, ядролық ламинаны құрайды. Соның 
нәтижесінде кӛпіршіктер бірігіп, кариомера түзіледі, олардың әр 
қайсысы ӛз диплосомасымен байланысқан, сондықтан олар бірігіп ядро 
мембранасын құрайды, яғни екі жас ядро пайда болады.


62 
Хромосомалар бірте-бірте деспиралданады, ядрошық қалыптаса 
бастайды. Телофазаның соңғы жағында цитотомия (цитокинез) жүреді – 
жасушаның екіге бӛлінуі. Ол үшін жасуша экваторларында актомиозинді 
сақина қалыптасады, ол бірте-бірте тарылып, жіңішкеріп, нәтижесінде екі 
жасуша түзіледі. Одан соң жасушада ЭПТ мен Гольджи аппараты 
қалпына келеді. 
Ӛсімдіктерде жас жасушалардың бӛлінуі аналық жасушаның ішкі 
аймағында басталады. Жасушаның ортасында біртіндеп ӛсіп, толығымен 
екіге бӛлетін, жасушалық пластина түзіледі.
Митоздық хромосомалар жеке, қарқынды боялатын тығыз денешік 
түрінде кӛрінеді. Центромераларының орналасуына тәуелді митоздық
хромосомалардың бес типін ажыратады (1 кесте): метацентрлік, 
субметацентрлік, акроцентрлік, телоцентрлік, спутниктік. Қалыпты 
кариотипте телоцентрлік хромосомалар кездеспейді.
Хромосомалардағы иіндердің шетін теломерлер деп атайды, ол 
хромосомаларды ӛзара немесе олардың фрагменттермен қосылуына 
кедергі жасайтын арнайы бӛліктері.
Хромонемалар спиральды ширатылып, тығыздалып, хроматидтерді 
түзсе, екі хроматид хромосоманы түзеді. 
1 - кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет