Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет97/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

Агранулоциттерге сипаттама: 
 Лимфоциттердің кӛлеміне қарай үш типін ажыратады: кіші 
лимфоцит - 4,5-5 мкм, орташа лимфоцит - 7 мкм, ірі лимфоцит – 10 мкм, 
пішіндері домалақ, ядролары ірі дӛңгелек. Лимфоциттер сүйек кемігінде 
лимфобластан түзіліп, жалпы дайындықтан ӛтеді, оның пісіп жетілуі 
тимуста, кӛк бауырда және лимфа түйіндерінде жүреді. 
лизосомаларға бай келеді және митохондрияларында тотықтырғыш 
ферменттердің активтілігі жоғары. Нейтрофилдерде гидролиздеуші және 
тотықтырғыш ферменттердің кӛп болуы олардың маңызды қызметімен 
байланысты. Бұл жасушалардың фагоцитоздық активтігі эозинофилдерден 
күшті. Нейтрофилдер микроорганизмдерді ұстап алып қорыта алады. 
И.И.Мечников оларды микрофагтар деп атаған. Нейтрофилдер жылжып 
қозғалып, тамырлар арнасынан шығып, қабыну ошағына кӛп мӛлшерде 
жиналады. Микроорганизмдерді қармап ұстап, оларды гидролиздейді, 
сонымен қатар жасуша да ферменттердің әсерінен ыдырайды. 
Нейтрофилдер ыдыраған кезде микроорганизмдердің дамуын бӛгейтін 
және жасушалардың кӛбеюіне әсер ететін физиологиялық активті заттар 
бӛлініп шығады. Сонымен, нейтрофилдердің негізгі қызметі – қорғаушы, бұл 
қызметті фагоцитоздық қабілетімен іс жүзіне асырады және адамды 
иммунитетпен қамтамасыз етеді (3 - сурет Б). 
3. Базофилдер лейкоциттердің шамамен 0 - 1% құрайды, сүйек 
кемігінде миелобластан дамып жетіледі, пішіні домалақ. Жасушаның 
жартысын екі бӛліктен тұратын ядро алып тұрады. Цитоплазмиасында 
пішіні мен мӛлшері әртүрлі қаныққан сия кӛк гранулалар орналасқан, олар 
қара уылдырыққа ұқсас болып келеді. Гранулалары сілтілі реакция беретін 
бояулармен (рН >7) боялатын болғандықтан базофил деп аталған. 
Гранулаларда қабыну процестерін дамытуға қатысатын ақуыз, реттеуші 
молекулалар, гепарин, гистамин мен ферменттер бар. Пісіп жетілген 
базофилдер қанға ӛтіп, онда 2-3 тәулік тіршілік етіп, ұлпаларға ӛтеді, одан 
кейінгі тағдыры әлі күнге дейін анықталмаған. Қанда базофилдер қабыну 
процесі мен анафилактикалық шоктың дамуына қатысады, қанның ұю 
процестері мен қан тамыры қабырғасының ӛткізгіштігін реттейді.
Сонымен қатар, иммундық және аллергиялық реакцияларға қатысады (3-
сурет В). 
 


122 
 
Мұндай пісіп жетілу процесі қажет, себебі лимфоцит – 
иммунокомпетентті жасуша, яғни ағзадағы әртүрлі иммундық реакцияларды 
қамтамасыз етіп, оның иммунитетін қалыптастырады. Лимфоциттерге 
жақсы боялған (базофилді) ірі, әрі дӛңгелек пішінді гетерохроматинді ядро 
мен оны қоршаған сақина тәрізді цитоплазма тән және цитоплазмасы аз 
жасушалар. Кіші лимфоциттердің цитоплазмасында бос орналасқан
рибосомалардан басқа органеллалар жоқтың қасы (4-сурет А). Орташа 
лимфоциттің 
цитоплазмасында 
бос 
рибосомалардан 
басқа 
митохондриялардың жеткілікті саны және түйіршікті эндоплазмалық тор 
болады. Ірі лимфоциттер жаңа туған сәбилер мен жас балалардың қанында 
кездеседі. Ересек адамдарда болмайды. 1 мм
3
қанда 1000-4000 дейін 
лимфоциттер болады. Ересек адам қанындағы лейкоциттердің жалпы
санының 25-35% лимфоциттер. Жаңа туған нәрестелерде және сәбилерде 
лимфоциттердің саны 60% жетеді, ал кәрі адамдарда 20% құрайды.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет