Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет92/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

 
Қан 
Қан (грекше haemo; 
латынша
sanguis — қан) — сұйық дәнекер ұлпа,
қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтерін атқарады. Ол 
қан 
тамырларының
тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін де 
атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен 
оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің ӛнімдерін шығару мүшелеріне 
тасымалдайды. Ағзадағы биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық 
реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан 
1 - сурет. 
Тауық ҧрығының  
мезенхимасы 
1 - ядро, 2 - цитоплазма, 
3 – жасуша ӛсінділерінің  
бір-бірімен жалғасулары. 
 
(
http://5y.ru/B5361Part610.shtml
) 


116 
қорғану реакциясын және жасушалық иммунитетті қамтамасыз етеді
жарақаттану кезінде қанның ұюына қатысады. Ішкі ортаның гомеостазына 
қатыса отырып, оның ішінде иммунды гомеостаздың да тұрақтылығын 
сақтайды. Қан мен лимфа ағзада кӛптеген гормондар мен әртүрлі белсенді 
заттарды тасымалдайды. Осы аталған қызметтері қанның адам ағзасындағы 
алатын орны ерекше екендігін кӛрсетеді. Егер, адам 30% қан жоғалтса 
тіршілігін жояды. Клиникада қанның анализі бойынша науқастарға диагноз 
қойып, алдын-ала емдеу әдістерін анықтайды. 
Қан пішіндік элементтер мен плазмадан тұрады. Пішіндік 
элементтерге эритроциттер (гректің эритрос — қызыл), лейкоциттер (гректің 
лейкос — ақ) жатады және плазмада қан пластинкалары (тромбоциттер) 
болады. Эритроциттер мен қан пластинкалары қызметтерін тікелей қанның 
ішінде, ал лейкоциттер ӛздерінің әртүрлі міндеттерін, дәнекер ұлпасында 
атқарады (2 - сурет).  
Қан  
плазмасының 
жалпы мӛлшері 55-60%, қан жасушалары - 40-
45%. Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары 
бар судан тұрады. Плазма құрамының ӛзгеруі организм үшін ӛте қауіпті.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2 – сурет. Қанның пішіндік элементтері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет