жасушалары (
http://www.claw.ru/a-man/1140.htm
).
Ойыста кальций иондары жиналып, цитоплазмаға қарай кӛпіршік
түрінде ӛтеді де, кальций иондары кӛпіршіктен босап, миозин мен актин
филаменттерін әрекеттестіреді (полимеризация). Осының әсерінен миоцит
қысқарып жиырылады. Жүйке жүйесінен сигналдар тоқтаған кезде,
ойыстардан кальций иондары кӛшіп (эвакуация), миозин филаментінің
әрекеттесуі
тоқтайды
(деполимеризация).
Сонымен,
актин-миозин
комплексі бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасындағы миоциттердің
жиырылуы кезінде ғана жүреді.
Миоциттер бір-бірімен нексустар арқылы байланысады. Әрбір
миоциттердің сыртын базальді мембрана қоршайды. Ал, миоциттер
160
тобының сыртына эластинді, ретикулярлы талшықтар торы орналасып
жалпы ұлпалық комплексті құрайды.
Эпидермальді ет ҧлпасы – жасушалары миоэпителиоциттер, олар
эпидермадан бастау алады. Миоэпителиоциттер тер, сүт, сілекей және кӛз
жасы бездерінің құрамында кездеседі. Олар базальді мембранаға бекінеді,
пішіндері жұлдызша тәрізді, кейде себет пішіндес. Регенерация кезінде осы
және басқада жасушалар аз маманданған жасушалар бастамасынан
қалыптасады. Миоэпителиоциттер без жасушаларының сыртын себет
тәрізді қоршап, механикалық қызмет атқарады. Құрамында жиырылғыш
элементтері болады, құрылысы жағынан мезенхималық ет ұлпасының
миоциттеріне ұқсас.
8 – сурет. Бірыңғай салалы бҧлшық ет ҧлпасы.
(
http://budtezdorovjem.ru/gladkaya-myishechnaya-tkan/
)
Нейральді ет ҧлпасы – жасушалары миоциттер, кӛз алмасының ішкі
қабырғасы құрамындағы жүйке ұлпасынан дамыған. Миоциттердің денесі
нұрлы қабық эпителийінің астында орналасқан. Бұл миоциттердің
ӛсінділері нұрлы қабыққа бағытталған, құрамында жиырылғыш
аппараттары бар. Олар ӛсінділерінің бағытына байланысты кӛздің
қарашығына қарай перпендикулярлы немесе параллель бағытталғандықтан
кӛз қарашығын кеңейтетін немесе тарылтатын миоциттер тобын құрады
Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы ішкі мүшелердің – ас қорыту
жолының диафрагма астындағы бӛлігінің, тыныс жолдарының, қан
тамырларының, несеп-жыныс мүшелерінің бұлшық ет қабатын құрайды.
161
Достарыңызбен бөлісу: |