Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет128/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

 Бірыңғай салалы бҧлшық ет ҧлпасы 
Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы миоциттерден тұрады, олардың 
кӛлденең жолақтары болмайды. Жиырылуы біздің еркімізге тәуелсіз жүреді. 
Олардың қызметін вегетативті жүйке жүйесі реттеп отырады. Миоциттер 
ұзын ұршық тәрізді жасушалар (7, 8 -суреттер). Жеке жасушалар сирек 
кездеседі, әдетте олар жуандығы әртүрлі шоғырлар құрайды. Шоғырлар мен 
олардың аралығында коллагендік және эластиндік талшықтары кӛп дәнекер 
ұлпасының жіңішке қабаты орналасады. Коллагендік және эластиндік 
талшықтар бұлшық ет жасушаларын байланыстыратын қаңқа құрайды. 
Дәнекер ұлпасы арқылы қан тамырлары мен жүйке талшықтары ӛтеді. 
Бұлшық ет жасушасы қабықшамен қапталған, оны миолемма деп атайды. 
Миолемма сыртқы жағынан базальді мембранамен (пластинкамен) 
қоршалған. Базальді пластинка механикалық функция мен жасушаның 
гомеостазын сақтауда маңызды рӛл атқарады. Бірыңғай салалы бұлшық ет 
ұлпасы мезенхималық, эпидермальді, нейральді болып жіктеледі. 


159 
Мезенхималық ет ҧлпасы – онда миоциттерінің ұзындығы 20-500 
мкм, ені 5-8 мкм, жіп тәрізді жасушалар. Ядросы таяқша пішіндес, миоцит 
жиырылған кезде пішіні ӛзгеріске ұшырайды. Органоидтардан ең кӛбі 
митохондрия, Гольджи комплексі мен түйіршікті эндоплазмалық тор нашар 
дамыған, бірақ бос рибосомалары болады. Миоциттердің цитоплазмасында 
актин филаменттері ұзыннан орналасып, плазмалеммаға арнайы тығыз 
денешіктер арқылы байланысады. Миозин мономерлері актинмен қатарласа 
орналасады. Жүйке импульсі миоциттерге жүйке талшықтары арқылы 
келеді. Жүйке талшықтарының терминальді бӛлігінен келген медиаторлар 
плазмолемманың пішінін ӛзгеріске ұшыратып, ойыстар (кавеола) пайда 
болады. 
 
 
 
7 – сурет. Бірыңғай салалы бҧлшық ет ҧлпасының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет