158
Цитоплазмасында жалпы қызмет атқаратын органеллалардың біразы бар,
бірақ олардың құрамында кӛлденең жолақтары болмайды.
Негізгі
қызметтері Пейсмекер элементтерінен (РР-жасушаларынан) жүйке
импульсін қабылдап, оны жиырылғыш кардиомиоциттерге ӛткізеді.
Сондықтан жиырылғыш кардиомиоциттердің арасында орналасады.
Ӛткізгіш кардиомиоциттер үш топқа бӛлінеді І, ІІ, ІІІ.
Секреторлы кардиомиоциттер – ерекше қызмет атқарады. Оның
жасушалары гормон бӛліп, жиырылғыш ет
жасушасының қызметіне,
артериялық қан қысымына, су
мен тұздың алмасуына, несептің бӛлінуіне
әсер кӛрсетеді.
Жүректің қабырғасы үш қабаттан тұрады - сыртқы немесе эпикард,
ортаңғы – миокард, ішкі – эндокард.
Эпикард – жүректің сыртқы сероздық қабықшасы, миокардпен
тығыз
байланысқан.
Миокард – жүректің
етті қабаты, бір-бірімен байланысып, тығыз
орналақан кӛлденең салалы ет жасушалары кардиомиоциттерден тұрады,
олардың арасында борпылдақ дәнекер ұлпалар, қан тамырлары және жүйке
талшықтары орналасқан.
Эндокард – жүректің
ішкі астары, құрамында кӛптеген эластинді
талшықтар бар, бірыңғай салалы бұлшық ет
талшықтарынан және
эндотелийден тұрады. Жүректің жақтаулары мен қалталары эндокардтың
қатпарлары.
Достарыңызбен бөлісу: