.
Тәжірибеде бос көмір қышқылын сілті ерітіндісімен бикарбонатқа дейін титрлеп,
анықтайды:
CO
2
+H
2
O↔H
2
CO
3
H
2
CO
3
+NaOH↔NaHCO
3
+ H
2
O
4.2 Анықтауды орындау
4.1 суретте көрсетілген аспап құрастырылады. Аспапты каучукты құбыршамен 2 алу
нүктесіне жалғап, құбырша 3 арқылы құйылуына мүмкіндік беріп, колбаны 1 талданатын сумен
толтырады. Бұдан кейін резеңке құбыршаны 2 қысқышпен қысып, құбыршаны 3 құрамында
аскарит немесе натронды ізбесі бар хлоркальцийлі құбыршамен ауыстыра отырып, алып
тастайды. Құбыршадағы 2 қысқышты әлсіретеді және ондағы сұйықтық деңгейі 200 см
3
белгіге
жеткенше судың колбадан ағып кетуіне мүмкіндік береді. Құбыршаны 2 қайтадан қысады және
бюретка 5 арқылы фенолфталеиннің 1%-дық ерітіндісінің 0,2 см
3
енгізеді. Енді сұйықтықты
тиісті түс тұрақтанғанға дейін сұйықтықтың түсін эталонмен салыстыра отырып 0,1н немесе
0,01н сілті ерітіндісімен титрлейді. Егер эталон талданатын суда дайындалса, онда сондай
өлшемді колбаға сақтандырусыз 200см
3
талданатын су құйылады, оған 0,2 см
3
0,01%-дық
фенолфталеин ерітіндісі және 1см
3
30%-дық сілті ерітіндісі қосылады. Сынаманы титрлегенде
алынған эталонның түсіне жетуге ұмтылады. Егер эталондарды буферлі қоспалардан дайындаса,
4.1 суретте көрсетілгендей бірдей өлшемді екі колба алынады. Бұл колбалардың біреуіне 120
см
3
Na
3
BO
3
ерітіндісі және 80 см
3
тұз қышқылының 0,1н ерітіндісі құйылады, бұл қоспа рН=8,3.
Екінші колбаға 130 см
3
борлы қышқыл натрдың ерітіндісі және 70 см
3
0,1н тұз қышқылы
құйылады, бұл қоспада рН=8,5. Екі колбаға да 0,2 см
3
1%-дық фенолфталеин ерітіндісін енгізеді
және колбаларды резеңке тығындармен нығыздап жабады. Бұл эталондар 1 ай бойы тұрақты.
Титрлеу қарқындылығы «эталондар аралығында», яғни біреуінен ашығырақ және екіншісінен
боздау болатын күйге жетуге ұмтылады. Бұл кезде титрленетін сұйықтықтың рН мәні шамамен
8,4-ке дейін жетеді.
4.1 сурет - Су сынамасын алуға және ондағы бос көмір қышқылын анықтауға арналған аспап
1 – конустық колба; 2 – талданатын суды әкелуге арналған құбырша; 3 – талданатын
суды әкетуге арналған құбырша; 4 – резеңке тығын; 5 – титрлеу жүргізілетін бюретка ұшы.
Достарыңызбен бөлісу: