Жаратылыстану және география институты


№ 7 зертханалық жұмыс. Хлорид-иондарының мөлшерін анықтау



Pdf көрінісі
бет19/43
Дата12.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#81941
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар әдістемесі 2023 2

№ 7 зертханалық жұмыс. Хлорид-иондарының мөлшерін анықтау 
 Жұмыстың мақсаты: Судағы хлорид-иондар мөлшерін анықтауды үйрену 
 7.1 Теориялық кіріспе 
Хлоридтардың концентрациясын меркуриметрлік немесе аргентометрлік әдістермен 
анықтауға болады. Бұл әдістер хлоридтерді табиғи (шикі), жұмсартылған, қоректік және 
қазандық суларда анықтауға жарайды. Қазандарды шықтық қоректендірудегі қоректік су мен бу 
шығында хлоридтерді анықтау бұл әдістермен жүргізілмейді. Мұндай суларды нефелометрлік 
және колориметрлік әдістермен талдайды. 
Хлоридтерді жиірек олардың сынап(II)-иондарымен аз диссоциациялана-тын қосылысты 
түзуге негізделген меркуриметрлік әдіспен анықтайды. 
Анықтауды дифенилкарбазид немесе нитропруссид индикаторларымен тура титрлеу 
әдісімен жүргізеді. Нитропруссид индикаторы улы зат болғандықтан, оны қолданбауға тырысу 
керек. 
7.2 Анықтауды орындау  
Аликвотаны дұрыс таңдау үшін талдауды жүргізудің алдында хлорид-иондардың 
массалық концентрациясының сапалық анықтауын жүргізеді. Талданатын сынаманың көлемі 
5см
3
аликвотты бөлігін көлемі 10 см

пробиркаға құйып, азот қышқылының 1-2 тамшысымен 
қышқылдатып, күміс нитраты ерітіндісінің 3-5 тамшысын қосып араластырады. Тұнбаның 
мөлшеріне байланысты 7.1-кестеге сәйкес талдауды жүргізуге қажетті сынаманың аликвотты 
бөлігін таңдайды. 
7.1 к е с т е - Талданатын судың аликвотты бөлігін таңдау 


Тұнбаның сипаттамасы 
Сынаманың аликвотты бөлігінің 
көлемі, см
3
Үлкен үлпектәрізді тұнба 
Қатты лайланған 
Аз лайланған 
Опалесценция 
1-5 
10 
20-50 
50-100 
Дифенилкарбазид индикаторымен титрлеу. 1-10 мг хлоридтері бар талданатын судың 
өлшенген 
бөлігін 
көлемі 250 
см
3
конустық 
колбаға 
құйып, 
көлемін 100 
см
3
–ге 
дейін тұзсыздандырылған сумен жеткізіп, 5-6 тамшы индикатор ерітіндісін қосады. Ерітінді түсі 
көкшіл немесе күлгін болса (рН>7, сілтілік ортаны көрсетеді), оны 0,5 %-дық азот қышқылы 
ерітіндісімен сары немесе жасыл-сары түске дейін бейтараптайды. Егер рН<7, яғни орта 
қышқылдық болса, ерітіндіні 0,1 н натрий гидроксиді ерітіндісімен түсі көгілдірге айналғанша 
бейтараптайды да қайтадан 0,5% азот қышқылымен жасыл-сары түске дейін апарады. 
Бейтарапталған сынаманы сынап (II) нитраты ерітіндісімен түсі лимон-сарыдан көк-ақшыл 
көкке айналғанға дейін титрлейді. 
Мұнымен қатар бақылау тәжірибесін жүргізеді. Азот қышқылы мен индикатор қосылған 
таза суда лайдың түзілуіне сынап (II) нитраты ерітіндісінің шығыны ≤0,05 см
3
құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет