6.3 Жалпы кермектілікті анықтау Егер талданатын суда кедергі келтіретін иондар болса, сынаманы талдауға жоғарыда
айтылған әдістеме бойынша алдын ала дайындайды. Егер талданатын суда кедергі келтіретін
иондар болмаса, онда сынамаға 5 см
3
аммиакты буферлі ерітінді енгізеді, 5-6 тамшы қара-көк
қышқылды хром индикаторының ерітіндісін немесе эрихром қара Т қосып (бұл индикатордың
ерітіндісін эрихром қара Т қатты индикаторлы қоспаның бірнеше түйіршектеріне алмастыруға
болады), араластырады және жайлап ЭДТА ерітіндісімен шарапты-қызыл түстен көкшіл түске
өткенге дейін титрлейді. Трилон Б ерітіндісінің көлемін V
ж
, см
3
деп белгілейді.
Жалпы кермектілікті келесі формуламен анықтайды:
К
ж
=
[мг-экв/дм
3
]
мұнда К
ж
– жалпы кермектілік, мг-экв/дм
3
; V
ж
– титрлеуге шығындалған трилон Б
ерітіндісінің көлемі, см
3
; V
сын
–тәжірибеге алынған сынама көлемі, см
3
; С
экв
(ЭДТА) – ЭДТА
ерітіндісінің нормальдік концентрациясы, г-экв/дм
3
(эквиваленттердің молярлы концентрациясы,
моль/дм
3
).
6.4 Кальцийлік кермектілікті анықтау Титрлеу үшін таза колбаға өлшегіш цилиндрмен немесе пипеткамен талданатын судың
белгілі көлемі алынады (6.1 кесте), қажет болса 100 см
3
жалпы көлемге дейін тұзсызданған
сумен жеткізеді, 2 см
3
2н NaOH ерітіндісін қосып араластырады және 5 минутқа қалдырады, бұл
уақыт аралығында Mg(OH)
2
тұнады.
Егер талданатын суда кедергі келтіретін иондар болса, онда сынаманы жоғарыда
айтылған әдістеме бойынша алдын-ала дайындайды. Магний иондары тұнғаннан кейін сынамаға
мурексид қатты индикаторлы қоспасының бірнеше түйіршектерін (немесе флуорексон) қосып
араластырады да, трилон Б ерітіндісімен қызғылт күрең түстен күрең көк түске өзгергенге дейін
титрлейді.
Егер рН=12 болса, кальцийлі кермектілікті қара-көк хром индикаторымен де титрлеуге
болады. Титрлеуді ерітінді түсі қызыл күрең түстен күрең көк түске өзгергенге дейін жүргізеді.
Шығындалған трилон Б ерітіндісінің көлемі V
Са
, см
3
деп белгілейді.
Кальцийлік кермектілікті келесі формула бойынша есептейді:
К
са
=
[мг-экв/дм
3
, ммоль/дм
3
]
,
мұнда V
са
– титрлеуге кеткен ЭДТА көлемі, см
3
; V
сын
– талдауға алынған сынама көлемі,
см
3
; С
экв
(ЭДТА) – ЭДТА ерітіндісінің нормальдік концентрациясы, г-экв/дм
3
(эквиваленттердің
молярлы концентрациясы, моль/дм
3
).
Кальций концентрациясын С(Са
2+
)=К
са
∙ 20,04 [мг/дм
3
] формуласы бойынша есептейді,
мұнда 20,04 – кальций эквивалентінің молярлы массасы, мг/ммоль.