Жаратылыстану және география институты


 Магнийлік кермектілікті анықтау



Pdf көрінісі
бет18/43
Дата12.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#81941
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар әдістемесі 2023 2

6.5 Магнийлік кермектілікті анықтау 
Магнийлік кермектікті жалпы және кальцийлік кермектіліктердің айырымы бойынша 
анықтайды. Бұл көрсеткішті тәжірибелік жолмен, яғни титриметрлік әдіспен де анықтауға 
болады. Ол үшін титрлеуге арналған таза колбаға өлшегіш цилиндр немесе пипеткамен 
талданатын судың белгілі көлемін құяды (6.1 кесте), қажет болса көлемін тұзсыздандырылған 
сумен жалпы көлемі 100 см
3
-ге дейін толықтырады, кальций иондарын тұндыру үшін аммоний 
оксалатының 5 см
3
мен аммиакты буферлі ерітіндінің 5 см
3
қосады. Судың жалпы сілтілігі 5 мг-
экв/дм
3
-ден
жоғары болса, аммоний оксалатының мөлшерін де пропорционалды жоғарлату 
қажет. 10 минуттан кейін кальций оксалатының тұнбасы толық түзіледі. Көп мөлшерде 
қоймалжын тұнба түзілсе сынаманы «ақ таспа» тығыз күлсіз фильтр қағазы арқылы сүзіп, 
фильтр қағазын тазартылған судың шамалы мөлшерімен жуады. Бұл суларды да сол колбаға 
жинап, титрлеуді бастайды. 
Сынамаға 3—6 тамшы қышқылдық қара-көк хром индикаторын немесе қара эриохром Т 
индикаторын (индикатор ерітіндісі орнына қара эриохром Т индикаторының бірнеше 
түйіршектерін салуға болады) қосып араластырады да түсі қызыл-күлгін түстен  көгілдір-көк 
түске ауысқанға дейін ЭДТА ерітіндісімен баяу титрлейді. ЭДТА ерітіндісінің шығындалған 
көлемін (V, см
3
)
дәлелдейді. Магнийлік кермектілікті (мг-экв/дм
3
немесе ммоль 
.
экв)/дм
3
) келесі 
формуламен есептейді: 
мұнда V
Mg
— титрлеуге шығындалған ЭДТА көлемі, см
3
; V
сын
— талдауға алынған 
сынама көлемі, см
3
; С
экв
(ЭДТА) — ЭДТА ерітіндісінің нормальдігі, г-экв/дм
3
(эквиваленттік 
молярлы концентрациясы, моль/дм
3
) . 
Магний концентрациясын келесі формуламен есептейді: 
C(Mg
2+
)=К
Mg
.
12,16 [мг/дм
3
], 
мұнда 12,16 — магний эквивалентінің молярлы массасы, мг/ммоль. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет