Перманганаттық тотығушылықты сілтілік ортада анықтау Сілтілік ортада перманганаттық тотығушылықты анықтау үшін көлемі 250 см
3
конустық
колбаға талданатын судың 50 см
3
алып, 100 см
3
-ке дейін тұзсыздандырылған сумен сұйылтады.
Ерітіндіге 10%-дық сілтінің 2 см
3
қосып, қайнағанша қыздырады да, калий перманганатының
0,01 н ерітіндісі-нің 10 см
3
қосады.
Ерітіндіні 10 мин. қайнатады. Ыстық ерітіндіге 10 см
3
10 н күкірт қышқылы мен 10
см
3
0,01 н қымыздық қышқылы ерітінділерін қосады. Түссізденген ерітіндіні 0,01 н калий
перманганаты ерітіндісімен 1 мин. ішінде кетпейтін әлсіз қызғылт түске дейін титрлейді.
Перманганатпен қайнатуды сілтілік ортада жүргізгенде қоңыр түсті тұнба пайда болып,
ерітінді жасыл-күлгін түске боялады. Бұл құбылыстар тәжірибені талданатын судың азырақ
мөлшерімен қайталауды талап етпейді. МnО
2
қоңыр тұнбасының үстіндегі ерітінді толық
түссізденгенде анықтауларды талданатын судың азырақ мөлшерімен қайталау қажет. Бұл
жағдайда бақылау анықтауды да сілтілік ортада жүргізеді, ол үшін тұзсыздандырылған судың
100 см
3
алып, әдістеме бойынша өңдейді.
Тотығушылықтың есептеулерін қышқылдық ортадағыдай жүргізеді.
8.3 Нәтижелерді өңдеу Перманганаттық тотығушылықты келесі формуламен есептейді
[мг/дм
3
О
2
],
мұнда V— талданатын су сынамасының титрлеуіне шығынданатын калий перманганаты
ерітіндісінің көлемі, см
3
; V 0 — дистилленген су сынамасының титрлеуіне шығынданатын калий
перманганаты ерітіндісінің көлемі, см
3
; V сын — анализге алынған талданатын судың көлемі,
см
3
; С экв (КМnO 4 ) — калий перманганатының нормальдік (молярлы эквиваленттік, моль/дм
3
)
концентрациясы, г-экв/дм
3
; К— калий перманганаты ерітіндісінің нормальдігін түзету
коэффициенті; 8 — оттегінің эквиваленттік молярлы массасы, г/моль.