Жаратылыстану және география институты



Pdf көрінісі
бет21/43
Дата12.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#81941
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар әдістемесі 2023 2

8.2 Анықтауды жүргізу 
Перманганаттық тотығушылықты қышқылдық ортада анықтау 
Бұл әдіспен анықталатын тотығушылықтың максималды мәні 10 мг/дм
3
құрайды 
(сынаманы алдын ала сұйылтпай). Сынаманы 10 есе ғана сұйылтуға болады. Сондықтан 
тотығушылығы >100 мг/дм
3
О
2
суларды талдауға бұл әдіс жарамайды. 
Көлемі 250—300 см
3
колбаға қалқыған заттардан сүзілген талданатын судың 100 
см
3
алады (немесе одан азырақ, егер судың тотығушылығы жоғары болса). Су органикалық 
қоспалармен қатты ластанған болса, аликвотты бөлігі ≤5 см
3
, ал азырақ ластанған болса, 20 
см
3
құрайды. Колбадағы сұйықтықтың көлемін 100 см
3
-ке дейін тұзсыздандырылған сумен 
сұйылтып, күкірт қышқылының 10 см
3
және бюреткадан 0,01 н калий перманганаты ерітіндісінің 
нақты 10 см
3
қосады. Колбаны воронкамен жауып, плиткада қайнағанша қыздырады да, 10 мин. 
қайнатады. Қайнау кезінде ерітіндінің бояуын байқау керек: ерітінді түссізденсе, колбаға калий 
перманганатының 5—10 см

қосып, тағы қайнатады. Ыстық ерітіндіге қымыздық қышқылы 

2
С
2
О
4
) немесе натрий оксалаты (Na
2
C
2
O
4
) 0,01 н ерітіндісінің
10 см
3
қосып, жақсылап 
араластырады. Колбадағы ерітінді бұл кезде түссізденеді (марганец диоксидінің қоңыр тұнбасы 
түзілсе – ол ериді). Түссізденген ерітіндіні бюреткадан 0,01 н калий перманганаты ерітіндісімен 


тұрақты әлсіз қызғылт түске дейін титрлейді. Қайнату кезінде қоңыр түс пайда болса немесе 
қоңыр түсті тұнба түзілсе, анықтауды талданатын судың азырақ көлемінде қайталайды. 
Мұнымен қатар тұзсыздандырылған судың 100 см
3
-нің тотығушылығын анықтайды («бос» 
тәжірибені жасайды).Тотығушылықты 2-3 параллельді сынамаларда анықтайды. Нәтижелердің 
айырымы 0,25 мг/дм
3
О
2
аспау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет