Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі



бет3/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

А.Я. Герд жаратылыстану әдістемесінің дамуына елеулі үлес қосты. Ол, жаратылыстану оқушыларға дұрыс дүниетаным беріполарда ғылымның қазіргі кездегі жағдайына сәйкес белгілі дүниеге көзқарас қалыптастырылды, деп есептелді. 1877 жылы ол мектептегі жаратылыстану курсының жоспарын жариалады. Ол жоспар бойынша ІІ және ІІІ сыныптарда табиғаттағы органикалық емес дүниені оқыту ұсынылды. Оған тау жыныстарының, топырақтың, минералдардың қасиеттері, әртүрлі тау жыныстарының пайда болуы, вулкандар мен жер сілкінулер, рудаларды қолдану және олардан металдарды бөліп алу енді. Осылай, үш жылдың бастауыш мектепке жаратылыстануды байланысқан пәндік сабақтар сериясы түрінде екі жылда оқытуды енгізу жоспарланды. Гердтің айтуынша бастауыш мектепте жеке жаратылыстану пәндеріне орын жоқ, табиғатты оқып үйрену комплексті, ол бөлінбейтін айналадағы дүние туралы бір пән түрінде жүргізілуі тиіс. Осылайша орта мектепте жаратылыстану тарихын оқыту дұрыс деп есептелді. Өлі табиғат курсын оқытуда көптеген жылдар бойы оқытушылардың негізгі оқу құралы, оның ‘’Жер, ауа, су’’ кітабы мен оған әдістемелік нұсқауы ‘’Заттық сабақтар’’ болып келеді. Өзінің әдістемелік шығармаларында Герд бірнеше озық пікірлер айтты:

  1. Баланың өзбетімен белсенді әрекеті сарамандық сабақтар мен танымжорықтарда (экскурсияларда) байқалады.

  2. Мектептің тірі табиғатпен байланысы.

  3. Табиғатты оқып үйренудегі зерттеу жұмыстары.

  4. Бастауыш сыныптарда табиғатты оқытып үйретуді кешенді қарастыру.

  5. Оқушылардың эволюциялық көзқарасын қалыптастыру.

Гердтің көптеген ойлары мектеп практикасында көптеген жылдардан кейін ғана кеңінен қолдау тапты.
1870-ші жылдардағы реакциядан кейін гимназиялардың бастауыш сыныптарынан жаратылыстану алынып тасталды.. Жоғарғы сыныптарда жаратылыстану ғылымдарының пәндері көп қысқартылып, формальды түрде жүргізілді. Кейбір гимназияларда бұл пәндерге мүлде тиым салынды. Тек қана реальды училищелерде жоғарғы сыныптарда ол пән қысқарған түрде оқытылды.
Капитализмнің дамуы, ХІХ ғасырдың аяғындағы революциялық өрлеу мектептегі білім беру жүйесіне реформа жүргізу қажеттігіне әкелді. Халық ағарту Министірлігіне көпшіліктің қысым түсіруінен гимназиялық білім беруді түбегейлі қайта құру туралы сұрақ қаралды. 1901 жылы құрылған комиссия орта мектептерде, VІІ класты қоса есептегенде, жаратылыстануды оқытуды енгізу жөнінде ұсыныс жасады. Қоғамның либеральды бөлігі бұл жобаны құптап қарсы алды, ал классикалық гимназиялық білім беруді жақтаушылар жаратылыс ғылымдарының төменгі кластағыларға ‘’түсініксіздігінен’’ мәнсіз деп есептеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет