К.Д. Ушинский 1824 жылы 18 ақпанда Тула қаласында дүниеге келді. Әкесі оқыған офицер дәрежесінде 1821 жылы Отан соғысына қатысты.
К.Д. Ушинский 1840 жылы Москва университеттің заң факультетіне түсіп, оны 1844 жылы бітіріп шығады. Университтетті аяқтағаннан кейін екі жылдай профессорлық атаққа әзірленеді. 1846 ж. Ярославльдегі заң лицейіне профессор болып тағайындалды. Үш жыл жұмыс істегеннен кейін дарынды педагог лицейден шығарылды. 1852 жылы ол қосымша қызмет атқарды. ''Соврменник'', кейін ''Библиотека для чтения'' журналына орналасады. 1854 жылы ғана жетім балалар институтында оқытушы болып орналасуға мүмкіндік алады.
Ушинскийдің педпгогикалық талаптарының бірі- еңбек сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Ұлы педагогтың айтуынша, еңбек- адам өмірінің негізі, өмірдің құралы. Екіншіден, еңбек- адамгершілік, ақыл- ой тәрбиелерінің, адамның дене жағынан жетілуінің көзі. Еңбек- тәрбиенің күшті құралы. ''Балалармен не істеу қажет'' деген еңбегінде ол жаратылыстанудың зор білімділік және тәрбиелік маңызын атап көрсетті.
Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов ХУІІІ ғасырдың 2-ші жартысында қазақ даласында туған тұңғыш демократ, ағартушы. Ол өз дәуіріндегі орыстың прогресшіл ғылымы мен әдебиеті, мәдениеті дәстүрінде тәрбие алған және әр алуан ғылым саласын алғаш рет зерттеген адам. Оның философия, этнография, тарих, экономика, заң, география, фольклор, әдебиет теориясы жайлы құнды-құнды еңбектері мен пікірлері бар.
Шоқан 1835 жылыдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Балалық шағы ата қоныста Сырымбет тауының бауырында өткен. Жасында ауыл мектебінде мұсылманша хат таныған Шоқан кейін орыс мектебі тәрбиесінде өскен. 1847 – 1853 жылдары ол Омбыдағы кадет корпусында оқыды. Кадет корпусын бітіргеннен кейін Шоқан Омбыда әскери қызметке қалдырылады. Осы қызметте жүріп ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен географиясын зерттеуге белсене араласады. 1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбығатайды аралайды.
1855 жылы Шоқан қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды. Шоқанның демократтық, ағартушылық көзқарасын анықтауда бұл еңбектерінің маңызы зор.