Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту әдістемесі тарихынан



бет2/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту әдістемесі тарихынан
1. Революцияға дейінгі Россия мектептеріндегі жаратылыстану
1786 жылы орыстың жалпы білім беретін мектептеріне жаратылыстану пән ретінде алғаш рет енгізілді.Үкімет мектеп реформасын жүргізгенде халық училищелерінің уставы жариаланды. Ашылған училищелер кіші және негізгі болып бөлінді. Жаратылыстану пәні негізгі училищелердің бағдарламасына ғана енді және ол география, физика, жаратылыстану тарихынан тұрды. Жаратылыстану тарихы ІУ класта оқытылды..Кіші училищелерде оқу мерзімі екі жылдық,оқушылар тек қана сауаттылыққа үйретіліп,есептей білуге және Құдай заңын оқыды.
Сол кездің алғашқы және жалғыз орыс әдіскері,алғашқы жаратылыстану оқулығының авторы, табиғат зерттеушісі және саяхатшы академик- Василий Федорович Зуеев болды.
В.Ф. Зуевтың кітабы ''Жаратылыстану тарихының суреттемесі'' деп аталды және ол екі бөлім мен үш бөліктен тұрады: ''Қазба патшалығы'', ''Мұздықтағы патшалық'' және ''Жануарлар патшалығы''. Бірінші бөлім жерді, тастарды, тұздарды, жанатын заттарды, металдарды, сипаттауға арналды. Өлі табиғатты оқып үйрену топырақты, құмды, сазды сипаттаудан басталды. Екінші бөлім өсімдіктердің құрылысын, тіршілігін оқуға, ал үшінші бөлім зоологиялық материалды оқытуға арналды. Зуевтың оқулығы бірмезгілде әрі оқулық, әрі мектептегі алғашқы жаратылыстану бағдарламасы, мұғалімге арналған әдістемелік алғашқы құрал да болып саналды. Автор пән бойынша көрнекіліктерді, натурал-объектілерді көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда суретті көрнекіліктерді пайдалануды ұсынды. Ол жергілікті табиғатты және адамға пайдалы қазбалар, өсімдіктер мен жануарларды оқып үйренуге үлкен көңіл бөлді. В.Ф. Зуевтың оқу құралы ширек ғасыр бойы жаратылыстанудың жалғыз және негізгі оқулығы болды.
Халыққа білім беру жүйесінде ХІХ ғасырдың басында негізгі өзгерістер жасалды. 1804 жылғы устав бойынша жаратылыстануды оқыту едәуір кеңейтілді. Приходучилищелерінде жаратылыстану жеке пән ретінде оқытылмады, бірақ оқушыларға табиғат жайлы қысқаша мәліметтерді, ауылшаруашылығы, адам денсаулығы жөнінде оқу ұсынылды. Бұндай оқудың мақсаты табиғат құбылыстары жөнінде түсінік қалыптастыру. Уездік училищелерде жаратылыстану курсы физика бастамасымен бірге ІІ сыныпта өтілсе, бұрын бұл пән кіші училищелерде мүлде болмаған. Гимназияларда жаратылыстану ІІ және ІV сыныптарда оқытылды. Одан басқа, жеке физика мен география оқытылды.
Пәнді тиімді оқыту мақсатында мұғалімге танымжорыққа (экскурсияға) табиғатқа ғана емес, фабрика мен заводтарға бару ұсынылды. Устав бойынша әрбір гимназияда табиғи көрнекіліктердің табиғаттың үш патшалағы бойынша жинақтамасы болуы керек делінген, соның ішінде жергілікті материалды қолдануға үлкен мән берілді.
Уақыт өткен сайын пәннің мазмұны өзгерді, бірақ 1828 жылдан жалпы білім беретін мектептерде жаратылыстану ширек ғасыр пән ретінде оқытылмады. Бұл декабристер көтерілісінен кейінгі үкіметтің ғылымға соның ішінде жаратылыстануға сенімсіздігінің туыдауынан болды. Ұзақ үзілістен кейін 1852 жылы мектепке жаратылыстану қайта оралды. І сыныпта бекітілген бағдарлама бойынша пәнді оқытуға 2 сағат бөлінді. Онда оқушыларға жалпы және түсінікті түрде ‘’табиғат денелері туралы мағлумат әңгіме түрінде’’ берілді. Келесі сыныптарда биология, география, физика оқытылды. Осы бағдарламаның ерекшелігі алғашқы жаратылыстанудың пропедевтикалық курсы І сыныпта енгізілуінде.
1864 жылғы жаңа мектеп реформасының уставы бойынша реалды және классикалық гимназиялардың бағдарламасынан пропедевтикалық курс жойылды, биология, география, физика пәндерін оқыту сақталып қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет