Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі



бет36/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Натуралды обьектілер. Маңызды оқыту құралдары ретінде натурал (танымжорықтық және жинақтамалық) обьектілерді, тікелей табиғат денелері мен құбылыстарын, олардың қасиеттерін, өзара байланыстылығы жөнінде тікелей ұғым қалыптастыруға қажеттілер ретінде бөліп көрсетуге болады. Оқушылар табиғи обьектілермен танысады:

  1. шолу танымжорықтарында, оның барысында мұғалім оқушыларды табиғи обьектілермен таныстырады, ерекшеліктерін айтады, негізгі көңілді белгілеріне аударады, т.с.с.

  2. мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар бақылаулары, сарамандық жұмысты орындағандаудағы бақылаулары.

Коллекцияларды оқушылар пайдаланғанда сезім ерекшеліктері арқылы қабылдайды, қарай отыра оның пішінін, түсін, иісін анықтайды, танысады. Натурал обьектімен жұмыс кезінде оқушыларға білім информациясы бірнеше каналдан түседі, ол оқытуды сенімді, түсінікті етеді. Ас тұзын оқығанда оқушылар оның кристалдарына, түсіне, суда ерігіштігіне, дәміне көңіл аударады. Табиғи көрнекті құралдардың алатын орын ерекше, оларды сабақтың барлық кезендерінде пайдалануға болады, әсіресе оның тиімділігі сарамандық жұмыстарды, өз бетімен жұмыстарды орындағанда арта түседі, оларды орындау бұл пәннің өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік белгілерін көрсетеді.
Табиғи объектілердің келесі типтерін бөліп көрсетуге болады:

  1. Өлі табиғат объектілері.

  2. Тірі өсімдіктер мен жануарлар

  3. Гербарийлер (кепкен өсімдіктердің жинақтамалары)

  4. Жануарлардың жинақтамасы.

  5. Консервленген объектілер (ылғалды препараттар)

  6. Жануарлардың тұлыптары (чучелалары)

Өлі табиғат объектілеріне топырақ, тау жыныстары мен минералдар, пайдалы қазбалар жатады. Оларды сабақта көрсетіп және таратып беру арқылы да пайдалануға болады. Мұғалім үстелінен көрсету үшін ең ірісін таңдап алған дұрыс, ол соңғы партада отырған оқушыларға да жақсы көрінуін ескерген жөн. Таратып бергенде аталған объектілер арнайы сыртында жазуы бар қораптың ішінде болғаны дұрыс. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар оларды зерттеп, жұмыс жүргізеді. Оқушылар оларды қолдарымен ұстап, жақынырақ танысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет