Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Баспадан шыққан көрнекіліктер



бет38/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Баспадан шыққан көрнекіліктер. Дүниетану курсын оқытуда карталар кеңінен пайдаланылады. Олар кеңістік ұғымын қалыптастыруда, табиғат объектілері мен құбылыстары жөнінде ұғым қалыптастыруда, пайдаланылады. Оқушыларға картографиялық символикалар мен номенклатураны нәтижелі игеруде көмекші құралдар, рельефті және кескін карталар қолданылады.
Суретшілердің картиналарын да оқу картиналары сияқты пайдалануға болады. Оқу картиналарының арнайы білімділік бағыты болады, оны оқушылар оңай таба алады.
Оқу кестелері әртүрлі. Бұл суретті оқыту құралдары. Оның бейнелеу тәсіліне байланысты: иллюстративті, графикалық сызбалы, сандық, аралас т.б. болады. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыруда бұл кестелердің үлкен маңызы бар. Оларды жаңа білім негіздерін игертуде, білім, іскерлік, дағдының қалыптасуын тексеруде қолданудың мәні зор. Суретті көрнекіліктердің ірілерін мұғалім жаңа ұғым-түсініктерді қалыптастырып тұрғанда іліп пайдаланады. Ол эстетикалық талғамға сай, пайдалануға икемделген болуы керек, сабақта пайдалану кезінде мұғалімге еш қиындық келтірмеуі тиіс. Осы көрнекіліктердің түрін сабақтың басқа кезеңдерінде де пайдалануға болады. Ұсақ суретті көрнекіліктерді мұғалім қатарларды аралап жүріп көрсетеді, оқушылардың назарын суретте неге аудару керектігін айтады. Жаңа білім, дағды, іскерлік қалыптастырып болғаннан кейін мұғалім ұсақ суретті көрнекіліктерді қатарлар бойынша таратып береді, оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша суреттермен жұмыстар жүргізеді.
Картографиялық құралдармен жұмыс.
Бастауыш мектепте картографиялық оқыту құралдарынан: жартышарлардың физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстанның пайдалы қазбаларының және табиғат белдеулерінің карталары, жергілікті жер сұлбасы, бастауышқа арналған атлас карта, ол оқушының жеке пайдалануына негізделген.
Бастауышта үлкен глобусты пайдаланған дұрыс (диаметрі 42,5 см.), жеке оқушылармен жұмыс жүргізгенде кішкене глобусты пайдалануға болады (диаметрі 15 см)
Оқушыларға картадан көрсету ережелерін үйреткен дұрыс:

  1. Картаның оң жағында тұр. Картаны өз денеңмен жаппа.

  2. Көрсеткішпен ғана көрсет

  3. Жазуды емес, объектіні ғана көрсет.

  4. Тауларды жатқан жоталарының бағытымен, өзендерді басталатынын жерінен құятын жеріне қарай, қалаларды нұктесін, көлдерді қоршап көрсет.

  5. Картадағы атауларды бұрмаламай дұрыс атап үйрен.

Картамен жұмыс жасатуға баулуда келесі тапсырмаларды орындатуға болады:

  1. Глобусты және жартышарлар карталарын салыстыр. Қандай ұқсастық бар? Қандай айырмашылық бар?

  2. Картадан көкжиектің негізгі бағыттарын көрсет; батыс және шығыс жартышарларын; Солтүстік және Оңтүстік полюстерді; экваторды

  3. Жартышарлар картасында әртүрлі түстер нені белгілейтінін анықта. Оларды есіңде сақтауға тырыс.

  4. Жартышарлар картасында мұхиттарды тауып, оларды көрсет. Олардың саны қанша? Ең үлкен және ең кіші мұхит қайсысы?

  5. Жартышарлар картасынан материктерді тауып көрсет. Олардың саны қанша? Қай материк ең үлкені, қайсысы ең кішкентайы?

  6. Картадан мұхиттардың ең терең және ең таяз жерлерін көрсет. Құрлықтардан ең биік жерлер мен ойпаттарды тап, көрсет

  7. Картадан өз елімізді тауып, көрсет. Оның шектелуі мен астанасын көрсет.

  8. Біздің еліміз қай құрлықта орналасқандығын анықта. Қай жартышарда? Біздің еліміздің жерінде қандай ірі көлдер бар? Картадан тауып, көрсет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет