Глобуспен жұмысты ұйымдастыруда оқушыларға берілетін тапсырмалардың үлгісі. 1. Глобустан көкжиектің негізгі тұстарын көрсет; Солтүстік полюсті; Оңтүстік полюсті; экваторды.
Глобустың көмегімен Жердің өз білігінен қалай айналатынын көрсет. Жердің айналып тұрғандығы бізге неге білінбейді?
Жарық көзін, лампаны Күн деп алып, оған қарсы глобусты орналастыр. Глобусты айналдырып, көлеңке мен жарықтың қалай ауысатынын бақыла. Жер бетінде күн мен түннің қалай ауысатынын көз алдыңа елестет.
Осы жарық көзін пайдаланып, Жердің оның төңірегінде айналатынын көрсетіп, Жер бетінде жыл мезгілдерінің қалай ауысатынын түсіндір.
Карта, глобус, сұлбамен жұмыста олардың масштабы, ондағы көкжектің тұстары мен шартты белгілерін таныстырып өту керек. Мұғалім тақта алдында барлық оқушыларға көрініп тұратын үлкен көрнекіліктен көрсетеді, ал оқушылар осы көрсетілімдерді атлас карталарынан, немесе кішкене глобустарынан өз стөлдерінде қарап табады. Үйде мұғалімнің тапсырмалары бойынша оқушылар атлас және кескін карталарымен жұмыс жүргізеді.
Экрандық құралдар. Диапозитивтер, оларды сабақтың барлық кезеңдерінде қажетіне қарай пайдалануға болады, көрсетудің ыңғайлы ретін қарастырған дұрыс. Оған фотоаппарат объективіне түскен барлық детальдар енеді, нақты ұғымдар қалыптастырады. Оларды мұғалімнің әңгімесінде, білім, дағды, іскерлікті тексеруде, қайталау мен білім жүйелеуде пайдалануға болады.
Диафильмдер, олар жүйелі орналасқан диапозитивтердің жинақтамасы. Диафильмдерді пайдалану белгілі ойды ары қарай жүйелі өрбітеді. Диафильм көрсетілер алдында мұғалім оқушылар алдына мақсат қойып, оны тамашалау арқылы оқушылар қорытындылай алуға үйренеді, мұғалім алдын ала тапсырма, сұрақ береді.
Оқу киносы, оның ерекшелігі:
- экрандағы көрсетілімдердің шындыққа сай келуі
денелер мен құбылыстар қозғалмалы болып бірге талданылуы
құбылыстар мен денелер қысқа уақыт ішінде жан-жақты динамикалық түрде қарастырылып, қоюланған түрде көрсетілуі
тікелей қабылдауға қиын денелер мен құбылыстардың көрсетілуі, қайталануы
құбылыстарды модельдеу арқылы оларды қозғалмалы түрде қабылдату.
Киноны сабақтың барлық кезеңдерінде көрсетуге болады.Оқушыларға тапсырмалар алдын ала беріліп, кино алдында неге көңіл бөліну керектігі айтылып, соңынан оқушылардың ой қорытындысы, сұрақтарға жауабы тыңдалады.
Тапсырмалар '' Балаға оған таныс емес кез-келген бес сөз үйретіңіз, ол ұзақ және еш нәтижесіз босқа қиналады, бірақ та осындай жиырма сөзді суреттермен байланыстырсаңыз, бала оны тез ұғып алады''. К. Д. Ушинский
Дүниетануды оқытуда пайдаланатын алуан түрлі құралдарды негізгі 2 топқа жіктеуге болады: табиғи және жасанды.