ІІІ. Тест түрінде оқушы білімін тексеру уақыт үнемдеуге, білімді толық тексеруге мүмкіндік береді.
Оқыту саласында тесті қолдану соңғы кезде басты орын алады. Тест ағылшын сөзі, аударғанда ''байқау'', ''бақылау'',''зерттеу'' деген мағына білдіреді. Педагогикада тест пайдалану 130 жылдан артық уақытты қамтиды. Ең алдымен педагогикалық тестіні 1864 ж. ағылшын Джордж Фишер құрастырып, оны Гринвич госпиталіндегі мектепте пайдаланған.
Білім деңгейін тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым- педагогтар тест – оқушылардың өз- өзін тексеруіне мүмкіндік ашатын, есеп беру, оқыту әдісі деп есептейді.
Оқушылардың білімін салыстыруға, мұғалім әдістемесінде жіберілген олқылықтарды ашып көрсетуге, білім беру үрдісінді оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге, әртүрлі оқыту әдістерін салыстыруға мүмкіндік туғызады.
Тест әдісінің мынандай тиімді жақтары бар:
Өткен материалды әртүрлі нұсқалар негізінде қайталауға, пысықтауға, қорытындылауға мүмкіндік бар.
Материалдың игерілу дәрежесін дұрыс, дәл, жылдам бағалауға болады.
Мұғалімнің алдын ала дайындығын немесе арнайы құрал- жабдықты дайындауын қажет етпейді.
Білім сапасын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.
Тест арқылы тексеруде өткен материалдың көп мөлшері қамтылады.
Сабақтың кез- келген түрінде, кез- келген кезеңінде пайдалануға болады.
Тест қорытындысы арқылы сандық, әрі сапалық тұжырым жасауға мүмкіндік болады.
Білім тексеруге аз уақыт кетеді, уақыт үнемдеуге мүмкіндік бар.
Тексеру арқылы дұрыс бағалау жүргізу мүмкіндігі бар.
Дүниетану пәніндегі көп кездесетін ұғымдарды, түсініктерді, терминдерді есте сақтауға, ажырата білуге көмектеседі.
Оқушыда ғылыми сөздік қор қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жауапты іздеу, белгі қою, т. б. балада қызығушылық туғызады.
Қоршаған ортадағы құбылыстар, олардың арасындағы байланыс, тірі және өлі табиғат арасындағы өзара тәуелділік сияқты аса маңызды түсініктердің қаншалықты дәрежеде игерілгенін анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушының өз бетімен жұмыс арқылы әртүрлі жолдармен алған білімін бағалауға мүмкіндік ашылады.
Тест тапсырмаларының шамамен берілу саны:
1-2 класта 5 тапсырма
3 класта 10 тапсырма
4 класта 15 тапсырма
Әдістемесі: Мақсатын анықтау.
Талдау жасап, тексерілетін білім элементтерін анықтау.