Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі



бет47/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

ІІ. Биологиялық диктант.
Бұл әдісті мұғалім ІІ- ІУ кластарда қолданғаны тиімді. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытады, салыстыра отырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
Мысалы:

  1. Жақшадағы керекті сөздердің астын сыз.

Бұғы.
Бұғы (жылқыға, сиырға) ұқсас жануар. Оның мүйізі (бұтақша, тік) тармақталып өседі. Олар (ыстыққа, суыққа) төзімді. Қыс кезінде (қарға, мұзға) батпай жүру қиын. Ал (батыс, солтүстік) бұғылары қарға батпай жүре алады. Сондықтан олар көлік қарға батпай жүре алады. Сондықтан олар көлік ретінде (қолданады, пайдаланады). Бұғылар (қамсыз, мүк, қынаны) жейді. Қыста қуатты (жалпақ, доғал) тұяғымен қарды теуіп, жайылады.

  1. Керекті сөздерді таңдап жаз.

Қыс.
Қыс мезгілінде күн … суық болады. Жер бетін аппақ … басады. Ағаштарда жапырақ … . Көлдер мен өзен … болып қатып қалады. Қаңтар, ақпан - … айлары. Жауын- шашын … түрінде түседі. … болған күні оқушылар сабаққа бармайды.
Керекті сөздер: мұз, өте, қар, қыс, болмайды, қар, аяз

  1. Сұрақтарға жауап бер.

а) Ағаштардың бұталардан айырмашылығы. Бұталардың басқа өсімдіктер тобынан айырмашылығы неде? Қайыңның діңін терекпен салыстыр.
ә) Табиғатта су қайда кездеседі?
Судың қасиеті:
а) судың пішіні
ә) түсі
б) дәмі
в) иісі
г) мөлдірлігі
ғ) кейбір заттар : тұз, қант, дәрі суда
д) құм, саз, топырақ суда
е) түсі

  1. Адам көптеген заттарды табиғаттан үйрену арқылы жасады. Әр заттың жанына сәйкес сөздерді жаз:

Жасанды заттар Табиғи заттар
Қол шатыр
Ұшақ
Әтір
Үй
Су сепкіш
Сүңгуір қайық
Тік ұшақ
Керекті сөздер: құс, саңырауқұлақ, үңгір, жаңбыр, гүл, балық, инелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет