6. Адам дене қызуын өлшейтін аспап …
7. Көбелектің даму кезеңдері: … … … … .
8. Ғарыш … … … .
9. Жергілікті жердегі табиғи белгілерге қарап бағытты анықтау … деп аталады.
10. Шөл жердің өсімдіктерінің тамырлары … болып келеді.
ІІ тапсырма.
а) Қазақстанның қорықтарының аттары берілген, олардың ішінен Шығыс Қазақстан өңірінде орналасқан қорықтарды ата: Үстірт, Марқакөл, Алматы, Ақсу- Жабағылы, Барсакелмес, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алакөл, Наурызым.
ә) Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жануарлар атауларын теріп жаз: меруертгүл, түймедақ, мойыл, рауағаш, жаушұмылдық, тобылғы, қандық, қызыл қасқыр, қыран, үкі, ақбас тырна, қарсақ, күзен, марал, қоңыр аю, арқар, ақ тұңғиық, қамыс, тал, қарағай.
ІІІ тапсырма - жағдаят.
Экологиялық жағдаятты шеш: ''Ормандағы барлық кәрі ағаштар кесілді. Құстар орманды тастап кетті. Жас ағаштарды құрттар жеп қойды. Орман жойылып кетті.''
Сұрақ:
- Кәрі ағаштарды кесу мен орманның жойылуының қандай байланысы бар?
- Орманды құстар неге тастап кетті?
- Орман неге жойылды?
Орман жойылып кетпес үшін не істеу керек еді?
ІV тапсырма
Бос тор көздерге шалғындықтың маңызын жаз.
Шалғындықтың маңызы.
V тапсырма
Төмендегілердің аттарын сәйкес деңгейге орналастыр, екі қорек пирамидасын құр.
Қасқыр Ермен
Шыбын Түлкі
Бақа Торғай
Инелік Қоңыз
Тырна Бүркіт
ІУ. Сарамандық жұмыс. Оқушылардың білімін сарамандық жұмыс түрінде тексеріп, іскерліктің қалай қалыптасқандығын айқындап, бағалаудың маңызы зор. ''Бақылау дәптері'' осындай тексеру жұмыстарын жүйелі жүргізген дұрыс. бойынша
Мысалы:
Мектеп клумбасынан бір гүлді өсімдікті қазып алып, оны қыш құмыраға отырғызып күтіңдер (қыркүйек айында). Бақылау нәтижелерін жазып отырыңдар
Үрмебұршақтың тұқымын құмыраға отырғызып күт. Нәтижелерін жазып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |