Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі



бет56/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Болжамдар:
Түтін тік ұшса- аязға
Түтін жер бауырласа – жылыға
Ағаштардың жапырақтарының барлығы түсіп қалмаса, қыс қатаң болады.
Жұмбақтар:
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
(Қар)
Қолы жоқ бірақ та,
Әйнекке өрнек салады.
(Аяз)

  1. Қозғалмалы ойын. Екі аяз.

ІІІ. Қорытынды.
1. Сабақты қорытындылау.
Бүгін біз қайда болдық? Танымжорықтың тақырыбы қандай? Немен шұғылдандыңдар? Не ұнады? Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?
Кіші топшаларға берілетін тапсырмасы бар карточкалардың үлгісі.
''Экологтар''
1. Бақты зерттеп қарап,оның қандай күйде екендігін анықтаңдар. Бақ күтімді ме, әлде күтімсіз бе?
2. Адам әрекетінің мысалдарын табыңдар және оны бағалаңдар?
3. Осы мысалдарды дәлелдейтін экологиялық карточкаларды таңдап алыңдар.

  1. Үлкендер мен балаларға қандай кеңес берер едіңдер?

''Жануарлар''

  1. Жемтақтаға жем шашып, оны бақылаңдар.

  2. Құстардың дыбысына құлақ салыңдар, күзбен салыстырғанда олар көп пе?

  3. Қандай құстарды көрдіңдер, олар не істеп жүр?

  4. Құс ұяларын бақылаңдар, оларды құстар қайда салған? Ұяны қазір не мекендейді?

  5. Кепкен ағаш, не кесілген ағаш түбіртегін, бұтағын табыңдар. Қабығын аздап сыдырып, мұқият қараңдар, қыстап қалған бунақденелілер бар ма?

  6. Баққа қыстың келуімен ондағы жануарлардың тіршілігі қалай өзгерді?

  7. Бақылаулардан қорытынды жасаңдар.

''Өсімдіктер''

  1. Паркте өсімдіктердің қандай топтары бар? Олардың кейбіреулерін атаңдар?

  2. Күзбен салыстырғанда бақ өсімдіктері қалай өзгерген?

  3. Жалпақ жапырақты ағаштар мен бұталардың сабақтарына қараңдар, өзгерістер бар ма? Не байқадыңдар? Қылқан жапырақты ағаштарда ше?

  4. Қыс мезгіліне қарай ағаштар неге жапырақтарын тастаған, ойланыңдар?

  5. Өсімдіктің осы күйін қалай атайды?

  6. Қарды күрекпен тазалап, шөптесін өсімдіктердің қалай қыстайтындығын бақылаңдар?

  7. Бақылауларың бойынша қорытынды жасаңдар.

''Ауа райы''

  1. Бүгінгі күннің ауа райын бақылап, шартты белгілермен жазып көрсетіңдер.

  2. Ашық жердегі және ағаштар мен бұталар түбіндегі қар қалыңдығын өлшеңдер. Не байқадыңдар?

  3. Қыста күн неге қысқа? Неге суық? Өлі табиғатта қандай өзгерістер болады?

  4. Аяқ астындағы қар сықыры қандай? Бақыла. Аязды күні ол қалай сықырлайды, жылырақ күні ше?

  5. Жел күшін таяқшаға байланған капрон талшығының көтерілу биіктігімен анықта.

  6. Қорытынды жаса.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет