Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Мұғалім қатарларды аралап жүріп көрнекіліктерді көрсетіп, соңынан тақта алдына қойды. Мұғалім қандай көрнекіліктерді пайдаланды?



бет43/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   81
Мұғалім қатарларды аралап жүріп көрнекіліктерді көрсетіп, соңынан тақта алдына қойды. Мұғалім қандай көрнекіліктерді пайдаланды?

А. ірі суретті көрнекілік В. ұсақ суретті көрнекілік
С. ылғалды препараттарды Д. глобусты Е. құстың тұлыбы

  1. Дүниетану оқулықтарының авторлары:

А) Қ. Аймағанбетова, Ә. Бірмағанбетұлы, Б.Мұқанов
В) К.Жүнісова, Н. Нұрахметов, З. Ф. Олейник
С) К. Жүнісова, Ж.С.Базарбаева, З. Ф. Олейник
Д) Б. Абырайкеліні, З. А. Клепинина, З. Ф. Олейник
Е) Б. Мұқанов, Б. Абырайкеліні , К. Жүнісова
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту процесін ұйымдастыру формалары
Оқыту формалары –бұл оқыту үрдісін ұйымдастыру жолдары. Ол тәрбиелей оқыту процесінің әртүрлі жағдайларына сәйкес келеді. Дүниетану пәні мен мазмұнының ерекшелігіне байланысты оқытуды ұйымдастыруды келесі формаларға бөледі:

  1. Сабақ

  2. Кластан тыс сабақ

  3. Сабақтан тыс жұмыс.

Сабақ- бұл пән бойынша оқыту мен тәрбиенің негізгі ұйымдастыру формасы. Сабақ мұғалімге әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, негізгі дүниетану ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру бағытында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сабақ тақырыптары белгілі бір жүйелілікпен орналасқандықтан, олар осы пәнге қатысты ғана ұғымдар мен түсініктерді ғана дамытып қоймай, табиғатты немесе оның объектілерін бақылау, зерделеу машықтары мен түсініктерін де дамытады. Дүниетану сабақтарының ерекшеліктері:
а) орта мектепте өтілетін пәндерге негіз, қажетті білім, іскерлік пен дағды қалыптасады ( ойлан, ата).
ә) табиғат объектілерін, құбылыстарын тікелей бақылауға болады, бұл танымдық ойлау негіздерін қалыптастырады.
б) бақылау, танымжорық (экскурсия), сарамандық сабақ, тәжірибе жүргізуде экрандық құралдар, теледидар мен радио кеңінен қолданылады.
Сабақтың негізгі қызметтері
а) білімділік қызметі- жүйелі білім, дағды және іскерлік қалыптастыру. Ол үшін мұғалім тақырыптан негізгі, қосымша ұғым- түсініктерді ажыратып, сабақтан сабаққа олардың дамуын қамтамасыз етеді Білімнің объективті, толық, сапалы, терең, жүйелі, нақты, қолданылуы сияқты критерийлері ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет