Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі



бет44/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   81
ә) тәрбиелік қызметі –табиғаттың құбылыстары мен негізгі заңдары туралы ұғымның қалыптастырылуымен түсіндіріледі. Материал мазмұны патриоттық, экологиялық, еңбексүйгіштік, эстетикалық т.б. тәрбие беру мәселелерін шешеді.
б) дамытушылық қызметі- оқушының жеке бас қабілеттеріне байланысты машықтарды дамыту қарастырады. Дүниетану сабақтарында есте сақтау, ойлау, зейін, бақылағыштық қабілеттері дамытылады.
в) талпындыру қызметі- оқушылардың білім алуға деген тұрақты қызығушылығы мен табиғатты зерттеуге деген таным қызығушылығын туғызумен түсіндіріледі.
г) өзбетімен білім алу қызметі- өз бетінше жұмыс істей алу әдістері мен тәсілдеріне баулу, үйрету. Бұл жұмыстар оқулықпен, бақылау күнделігімен, глобуспен, картамен, кесте немесе суреттермен жұмыс болуы мүмкін. Ол сабақтың түрлі кезеңдері мен үй тапсырмаларын орындау кезінде жүзеге асырылады.
Сабақтың дидактикалық мақсаттар мен оқыту әдістеріне қатысты типтері:
1. Жаңа білім негіздері мен іскерлік, дағды қалыптастыру сабақтары

  1. Білім бекіту, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабақтары; қорытындылау сабақтары

  2. Білім тексеру және бағалау сабақтары

4. Аралас сабақтар
Аралас сабақтарда жаңа білім негіздерін игерту және іскерлік пен дағды қалыптастырудан басқа оқушылардың өткен сабақтар бойынша білім, іскерлік, дағдылары қалай қалыптасқандығы да тексеріледі. Мұндай сабақтарды, егер өткен сабақ өтілетін сабаққа тірек болатын болса, білім, дағды, іскерлікті тексеруден де бастауға болады. Сабақ кұрылымын жаңа білім, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру кезеңінен бастап, білім бекітіп, соңынан білім тексеруді жүргізуге болады. Жаңа білім негіздерін бекіту міндетті түрде игертуден кейін жүргізілгені дұрыс. Кейде өткен сабақ бойынша жағдаяттық тапсырмалар беріледі де, оны шешуде жаңа тақырыпта игертілген білім негіздері пайдаланылады, бекіту білім тексеруден кейін біріктіріліп жүргізіледі, мұндай сабақтарда өткен тақырып бойынша ортақ түсінік қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет