Болжамдар: Түтін тік ұшса- аязға
Түтін жер бауырласа – жылыға
Ағаштардың жапырақтарының барлығы түсіп қалмаса, қыс қатаң болады.
Жұмбақтар: Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
(Қар)
Қолы жоқ бірақ та,
Әйнекке өрнек салады.
(Аяз)
Қозғалмалы ойын. Екі аяз.
ІІІ. Қорытынды.
1. Сабақты қорытындылау.
Бүгін біз қайда болдық? Танымжорықтың тақырыбы қандай? Немен шұғылдандыңдар? Не ұнады? Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?
Кіші топшаларға берілетін тапсырмасы бар карточкалардың үлгісі. ''Экологтар''
1. Бақты зерттеп қарап,оның қандай күйде екендігін анықтаңдар. Бақ күтімді ме, әлде күтімсіз бе?
2. Адам әрекетінің мысалдарын табыңдар және оны бағалаңдар?
3. Осы мысалдарды дәлелдейтін экологиялық карточкаларды таңдап алыңдар.
Үлкендер мен балаларға қандай кеңес берер едіңдер?
''Жануарлар'' Жемтақтаға жем шашып, оны бақылаңдар.
Құстардың дыбысына құлақ салыңдар, күзбен салыстырғанда олар көп пе?