Жаратылыстану негіздері



бет30/49
Дата09.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#42054
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49
4.Қосмекенділердің систематикасы
Қазіргі қосмекенділер үш отрядқа бөлінеді: құйрықты (шамамен 300 түрі), аяқсыздар (шамамен 60 түрі), құйрықсыздар (шамамен 2000 түрі). Қазақстанда шамамен 12 түрі кездеседі.
Құйрықты қосмекенділер отряды. Бұл отрядқа саламандрлар, тритондар, протейлер (олар желбезегі бар, көздері жоқ, үңгір су қоймаларында кездеседі), сирендер (желбезегі бар, бірақ артқы аяқтары жоқ) жатады. Көпшілік құйрықты қосмекенділер Солтүстік Америкада таралған. Олардың денесі бас, дене және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Өмірінің көпшілік уақытын суда еткізед. Алдыңғы артқы аяқтарының ұзындығы бірдей. Бізде кәдімгі тритон және жалпы тритондар кездеседі. Бұлар жайларында шағын ақпайтын, ақса өте баяу ағатын өсімдігі мол суларды мекендейді, Күзге қарай тритондар судан шығып, ағаштың түбіне, тастың астына, жердің жарығына кіріп паналайды. Қыста құрғақ түбірлердің, құлаған ағаштардың астына қыстап шығады. Көктемде қайтадан су қоймаларына оралады. Көбеюі мен личинкаларының дамуы суда өтеді.
Аяқсыз қосмекенділер отряды. Жер астында тіршілік етуіне және жерді қазуына байланысты, дене құрылысы өзгерген құрттар тәрізді кішкентай топ жануарлар. Көпшілік түрлерінің денесі жауын құрттарына (сақиналы) ұқсайды. Аяқтары жоқ, терісінде тері бездері көп болады. Құртша (червяк) деп аталатын бір ғана тұқымдасы бар. Ол Оңтүстік Америкада таралған, ұзындығы 40 см болады. Дымқыл жерлерді 50 см-ге дейін қазып, сол жерде тіршілік етеді. Аяқсыздар індерге, түбірдің түбіне 10-20 шақты жұмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқадан шыққан личинкалар, суға барып дамуын аяқтайды. Ұры атануы іште болады.
Құйрықсыз қосмекенділер отряды. Сан жағынан көп, құрылысы күрделі, құрлықта да тіршілік етуге бейімделген жануарлар тобы жатады. Бұл отрядқа көлбақа, тоспа бақасы, құрбақа, жерлянка, квакш, чесночницы т.б. жатады. Құйрықсыздардың көпшілігі тропикалық елдерде көп кездеседі. Олардын әрқашан жақсы дамыған алдыңғы, артқы аяқтары болады. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда күшті дамыған, сондықтан жер бетінен секіріп жүреді. Олардың ішінде құрлықта, ағаштың басында, суда және қазып інде тіршілік ететіндері бар. Құйрықсыздар терісі қалындау, сондықтан олардың өкпесі жақсы дамыған. Деседе олар тек дымқыл жерлерде ғана тіршілік етеді. Сыртқы ортада ұрықтанады. Қосмекенділердің көбеюіндегі ерекшелік - олардың көбею кезінде суға келіп жұмыртқасын салуы және суда личинканың дамуы өтеді
Хордалылар типіне жататын бауырымен жорғалаушылардың 8000 –нан астам түрлері белгілі. Бұл класқа жататын жануарлардың аяқтары қысқа немесе болмағандықтан, бауырын жерге тигізіп, жорғалап немесе ирелеңдеп жүреді, сондықтан класс осылай аталады.
Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту жолының үлкен бөлімдерге бөлінуіне және жаңа бөлімдердің пайда болуына байланысты қосмекенділердікімен салыстырғанда әлдеқайда күрделі. Бауырымен жорғалаушылардың тісі болады. Олар жоғарғы жақ және төменгі жақ сүйектеріне орналасқан. Тістердің негізі қызметі азықтарын тістеп ұстау. Ауыз бездері қосмекенділердікімен салыстырғанда күшті жетілген. Тасбақа мен крокодилдердің мұрын жұтқыншақ жолы ауыз қуысынан тандай сүйектері арқылы бөлінген. Ауыз қуысының таңдай сүйектері арқылы бөлінген. Ауыз қуысының түп жағында атылып шығуға бейімделген тіл орналасқан. Тілінің (формасы) пішіні әртүрлі болады, ол қоректік заттарды ұстау тәсілімен сипатталады. Мысалы, жыландар мен кесірткелерде тілі жіңішке, ұшы екі айыр болады. Жұтқыншақ, өңеш және қарын жақсы дамыған. Бауыр мен ұйқы безі жақсы жетілген. Бауырдағы өт жолы да ұйқы безінің ашылатын жеріне келіп ашылады. Аш ішек тоқ ішекке қарағанда ұзындау, ал тоқ ішек клоакаға жалғасады. Қазіргі бауырымен жорғалаушылардың басым көпшілігі жануар тектес азықтармен қоректенеді. Ұсақ насекомдармен (кесірткелер) ірі сүтқоректілерге дейін (крокодилдер мен Сарбас жылан – удав) жейді. Өсімдік тектес азықтармен қоректенетін (тасбақалар) аз кездеседі.
Нерв жүйесі. Бауырымен жорғалаушылардың нерв жүйесі қосмекенділерге қарағанда күрделі құрылысты болады. Бауырымен жорғалаушылардың күрделі өмірімен байланысты алдыңғы ми сыңарлары сүр заттарының үстіңгі қабаты ми қабығына айнала бастады. Бұлардың жылдам қозғалуына байланысты мишығы күшті дамыған. Ми жарты шарлары үлкен, олардың мидың сүр затынан тұратын қыртысы болады, бірақ қыртысы әлі де жақсы жетілмеген. Жұлын құрылысы күрделенген ұзын болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет