|
Ғашық хәлін ақиқатқа қақпа қылса
|
бет | 32/40 | Дата | 11.09.2022 | өлшемі | 80,97 Kb. | | #38820 |
| Байланысты: 40-khikmetБұл бет үшін навигация:
- Сұбхан Ием шарабынан құрсан табам, Зікір сырын айтып-айтып қылсам тәмам. Үр-ғылмандар, періштелер тұр самсаған, Жәннаттағы жібектен тон пішер, достар.
- «Алла!» – десем, ғалам жылар жанын сөгіп, Ием сүйер, хас пендем деп, нәрін сеуіп. Жүзін бояр жас орынына қанын төгіп
- Қолымды алды, қашты менен түрлі бәле, Ондай ғашық шауық шарабын ішер, достар. Құл Қожа Ахмет, имансыздар жанын езер
- Махаббаттың ішпесем шарабынан, Жан мен ділім қайғымен кетер, достар. Аулақта өлсем Алламның талабынан, Есіл ғұмырым арманмен өтер, достар.
- Алла деген шын ғашық пырақ мінер, Бейнет шегіп ышықтан, жылап сүрер. Тарихаттың базарын мұрат білер, Хақиқаттың дариясын кешер, достар.
- Хақиқаттың селіне шомылған жан, – Өзі мұңдық, көзде жас, көңілде арман. Қорлық, зорлық көргені – небір зордан, Хақ Дидарын талап қып, жетер, достар.
- Хақиқатқа ғашықтың нәпсісі өлі, Нені іздесе шын сопы – тапты соны. Тілі – шырын, шындықтың ақты сөлі, Пұшық пұлға дүниені сатар, достар.
- Ғашық болсаң, азапқа әсте батқын, Хаққа қарай дария-жаспен аққын.
Ғашық хәлін ақиқатқа қақпа қылса,
Екі ғалам нұры сонда ақтарылса.
Шын ышықтан жүрек балқып Хақ сағынса,
Ғашық құлдар Хақ сарайына ұшар, достар.
Сұбхан Ием шарабынан құрсан табам,
Зікір сырын айтып-айтып қылсам тәмам.
Үр-ғылмандар, періштелер тұр самсаған,
Жәннаттағы жібектен тон пішер, достар.
«Алла!» – десем, ғалам жылар жанын сөгіп,
Ием сүйер, хас пендем деп, нәрін сеуіп.
Жүзін бояр жас орынына қанын төгіп,
Әлхамды айтсаң, шайтан жаннан күсер, достар.
Мен айтпадым, Аллам өзі қылды уәде,
Жолсыз едім, хақ жолына бұрды және.
Қолымды алды, қашты менен түрлі бәле,
Ондай ғашық шауық шарабын ішер, достар.
Құл Қожа Ахмет, имансыздар жанын езер,
Хақ дидары нәсіп емес қаныпезер.
Ғаршы-Күрсі, Лаухы-Кәләм – бәрі безер,
Кәпірлерге дозақ есік ашар, достар.
МАХАББАТТЫҢ ІШПЕСЕМ ШАРАБЫНАН
Махаббаттың ішпесем шарабынан,
Жан мен ділім қайғымен кетер, достар.
Аулақта өлсем Алламның талабынан,
Есіл ғұмырым арманмен өтер, достар.
Алла деген шын ғашық пырақ мінер,
Бейнет шегіп ышықтан, жылап сүрер.
Тарихаттың базарын мұрат білер,
Хақиқаттың дариясын кешер, достар.
Хақиқаттың селіне шомылған жан, –
Өзі мұңдық, көзде жас, көңілде арман.
Қорлық, зорлық көргені – небір зордан,
Хақ Дидарын талап қып, жетер, достар.
Хақиқатқа ғашықтың нәпсісі өлі,
Нені іздесе шын сопы – тапты соны.
Тілі – шырын, шындықтың ақты сөлі,
Пұшық пұлға дүниені сатар, достар.
Ғашық болсаң, азапқа әсте батқын,
Хаққа қарай дария-жаспен аққын.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|