Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет Хақ Тағала фазылымен пәрмен қылып, Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Алпыс үште сүннеттерін дәрмен біліп, Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Жер үстінде өлмес бұрын өліп едім, Алпыс үште сүннет тұтып, еніп едім. Жерастында жан-діліммен еңіредім, Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Жарандардан бақыт, баян – нұр алмадым, Жүз жыйырма бес жасқа келіп біле алмадым. Хақ-Тағала тағаттарын қыла алмадым, Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Болармын ба Мұхаммедтің үмбеті шын, Үмбет үшін ғана бұзды ол түнде түсін. Балдан тәтті оның маған міндеті – сын, Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Біздер үшін ол Мұхаммед жаннан кешті, Үмбет болсаң, жанға тұтпа жалған досты. – Ол күнәһар босқа өткізді таң мен кешті, Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Елу жаста болды хабар: «Адам өлмек, Нұр-и иман ғана саған салады өрнек. Таңда Мақшар мейман ғып Хақ, баға бермек», – Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Ей, мүміндер, бұл жалғанда баян бар ма?! – Бұл бір шын сөз, – дүние сәтке аялдар ма! Хақты білмес имансызға саям бар ма?! – Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Асылым – топырақ, нәсілім – топырақ, гүл ашпадым, Басып өтсең, ар тұтады ылас тәнім. Ар тұтқанды шайтан шырмар, ырас, мәлім, Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.