Жарғыны әзірлеуге қойылатын талаптар


Ұйым қызметінің пәні мен мақсаттары



бет2/7
Дата22.01.2023
өлшемі89,08 Kb.
#62351
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жарғы үлгісі

2. Ұйым қызметінің пәні мен мақсаттары
2.1. МДҰ қызметінің пәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (ҚР Үкіметінің 23.08.2012 ж. № 1080 қаулысымен бекітілген; 13.05.2016 ж. өзгертулермен) (бұдан әрі – МЖМБС), мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына (20.12.2012 ж. № 557 ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына қосымша (22.06.2016 ж. жағдай бойынша өзгерістер және толықтырулармен)) (бұдан әрі – ҮОЖ), мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында ҚР уәкілетті органы белгіленген тәртіппен бекіткен басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыру болып табылады.
2.2. МДҰ міндеттері:
1) балалардың өмірін және денсаулығын қорғау;
2) тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;
3) сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;
4) азаматтылықты, қазақстандық отаншылдықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
5) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс-қимыл жасау;
6) ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету.
2.3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру бағдарламаларын балалардың меңгеруі үшін жағдай жасау.
2.4. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, саламатты өмір салты құндылықтарына тарту.
2.5. Тәрбие мен оқытудың инновациялық технологияларын енгізу негізінде білім беру процесін жаңашаландыру.
2.6. Білім беру процесіне ақпараттық-коммуникативтік технологияны тиімді түрде енгізу.
2.7. Ұйымда тілдердің үшбірлігін жүзеге асыру.
2.8. Педагогикалық жұмыскерлердің кәсібилігін жетілдіру.
2.9. Ата-аналарды МДҰ қызметіне тарту, баланы тәрбиелеу процесінде өзара әрекеттің әртүрлі стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені жүзеге асыруда ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет