9. Басқару органдары 9.1. Ұйымда басқарудың мынадай органдары көзделген:
жоғары орган – құрылтайшы;
атқарушы орган – директор;
алқалы орган – педагогикалық кеңес;
бақылау органы – білім беру бөлімі.
9.2. Құрылтайшы
1) Құрылтайшының атқарушылық құзыретіне мыналар жатады: ұйым атауының өзгеруі, құрылтайшы құжаттарына өзгерістер енгізу.
2) Ұйым қызметінің басым бағыттарын анықтау.
3) Өкілеттілік тәртібін анықтау, ұйым қызметін тоқтату.
4) Атқарушы органдарға қаржылық есеп берудің тәртібін, кезеңділігін, сондай-ақ бақылау органдарының тексеру жүргізу тәртібі мен нәтижесін айқындау.
5) Ұйымды жою туралы шешім қабылдау, басқа ұйым қызметін құру.
6) Кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде түскен кірістер мен табыстарды пайдалану туралы шешімдерді қабылдау.
7) Ұйым қызметінің тәртібін анықтайтын ережелерді әзірлейді және бекітеді.
8) Құпия сипатқа ие ақпаратты айқындау.
9.3. Құрылтайшының құзыретіне жататын мәселелер білім берудің басқа органдарының шешім шығаруына берілмейді.
9.4. Алқалы орган – педагогикалық кеңес оқу қызметін ұйымдастырудың стратегиясы мен тактикасын, педагогтардың кәсіби деңгейін көтеруді ұсынады.
1) Ұйымның жылдық жоспарын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, МЖМБС талаптарына сәйкес жұмыс режимін талқылайды және бекітеді.
2) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған неғұрлым тиімді бағдарламаларды ұсынады.
3) Ұйым қызметінің неғұрлым өзекті бағыттарын талқылайды.
4) Педагогтарды аттестаттаудан өткізу мәселелерін қарастырады, олардың кәсіби деңгейін көтереді.
5) Балаларды дамытудың біліктілік деңгейі, олардың дамуындағы ілгерілеушілік мәселелерін қарастырады.
6) Педагогикалық кеңесті өткізу кезеңділігін ұйымның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес директор анықтайды.
7) Кеңес шешімі ұжым мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған жағдайда әдеттегі дауыс беру арқылы қабылданады.
8) Кеңес шешімі хаттама түрінде жазылады, директор қол қояды.
9.5. Ұжым директоры
1) Ұйымның атынан әрекет етеді, оны барлық мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарға таныстырады.
2) Қаржыны иеленуші болып табылады, шарт жасасады, сенімхат береді, банктерде есеп айыру және басқа да шоттарды ашады.
3) Өз құзыреті шегінде МДҰ жұмыскерлері орындауға міндетті бұйрықтар мен жарлықтар шығарады, жазалау шараларын қолданады.
4) Кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкес жұмыскерлерді қабылдау мен босату құқығын пайдаланады.
5) МЖМБС талаптарына және санитариялық-гигиеналық нормаларға сәйкес тәрбиелеу-білім беру процесін жүзеге асыру үшін жағдай жасайды.
6) Балалардың қызығушылығын, отбасы мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қосымша қызметтерді ұйымдастырады.
7) Баланы МДҰ-ға қабылдау кезінде ата-аналарды немесе заңды өкілдерді жарғымен, қабылдау тәртібін регламенттейтін құжаттармен, оқу-білім беру процесі мен медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастырылуымен таныстырады, ата-аналармен немесе заңды өкілдермен шарт жасасады.
8) Мектепке дейінгі ұйымға бекітілген мүліктердің сақталуы мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
9) Ұйым директоры ҚР Заңына сәйкес, мыналар үшін жауапты болады:
тәрбиеленушілердің, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы;
өзінің құзыретіне жататын функциялардың орындалмауы;
қаржылық-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде, материалдық және ақшалай қаражаттарды мақсатсыз пайдалану;
нормативтік құқықтық актілер мен еңбек шарты жағдайларында көзделген басқа да талаптардың бұзылуы.
10. Ұйым жұмыскерлерінің құқықтары мен міндеттері ішкі тәртіптеме ережелерінде және ұйымның өз бетінше әзірлеген жұмыскерлердің лауазымдық нұсқауларында нақтыланады. Бұл ретте көрсетілген актілерде тіркелген құқықтар мен міндеттер ҚР Конституциясына, «Білім туралы» Заңға, басқа да заңнамалық актілерге және ұйымның жарғысына қайшы келмеуі керек.
11. МДҰ директорын құрылтайшы тағайындайды және ол ұйымды тікелей басқаруды жүзеге асырады.
12. Құрылтайшының атынан әрекет етеді және барлық мемлекеттік, жекеменшік әрі қоғамдық ұйымдармен және үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста оның мүдделерін білдіреді.
13. Директор ұйымның мүлкіне және қаржысына құрылтайшы белгілеген шекте және осы жарғыға сәйкес иелік етеді.
14. Құрылтайшының шешімін дайындауды және орындауды ұйымдастырады, оның алдында қаржылық, басқарушылық, педагогикалық, ұйымдастырушылық қызмет мәселелері бойынша есеп береді.
15. Құрылтайшыға толық қаржылық есеп ұсынады:
банк шотын ашады;
мүліктің қозғалысы және басқа да қаржы қаражаттары туралы есеп береді;
ата-аналармен, педагогтармен және тағы басқа тұлғалармен шарт жасасады;
өз құзыреттілігі шегінде ұйым жұмыскерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
кадрларды іріктеу және орналастыруды жүзеге асырады, ҚР қолданыстағы Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлерді қабылдайды және жұмыстан босатады;
педагогтарды аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады, еңбек төлемі кезінде нәтижелерді ескереді;
МЖМБС, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие берудің Үлгілік оқу бағдарламасының (ҚР Білім және ғылым министрінің 12.08.2016 ж. № 499 бұйрығымен бекітілді) (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама) орындалуы, санитариялық-гигиеналық нормаларға сәйкес оқу процесін ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;
балалар мен ата-аналардың қажеттіліктеріне сәйкес сауықтыру, білім беру және дамыту бағдарламалары бойынша көрсетілетін қосымша қызметтерді ұйымдастырады;
сеніп тапсырылған мүліктердің сақталуын және оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
қаржылық-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде, ақша қаражаттарын мақсатсыз пайдалану;
санитариялық нормаларды, тамақтануды ұйымдастыру және еңбек заңнамасын орындау.
16. Директор ұйымдағы еңбек қатынастарына байланысты барлық мәселелерді шешеді, қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жүйесі мен нысанын белгілейді.
17. ҚР заңнамасын бұзбастан, ата-аналардың қажеттіліктеріне сай ұйымдағы еңбек режимін белгілейді.