Жарғыны әзірлеуге қойылатын талаптар


Білім беру процесін ұйымдастыру



бет5/7
Дата22.01.2023
өлшемі89,08 Kb.
#62351
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жарғы үлгісі

7. Білім беру процесін ұйымдастыру
7.1. Ұйым құрылымы:

  • 2 жастан 5 жасқа дейін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

  • 5 жастан 6 жасқа дейін мектепке даярлау;

  • 3 жастан 4 жасқа дейін мемлекеттік тілде оқитын топ.

7.2. Оқу қызметін ұйымдастыру.

  • оқыту мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізіледі;

  • 3 жастан бастап ағылшын тілі оқытылады;

  • 2 жастан 3 жасқа дейінгі топта ____ баладан аспайды;

  • 3 жастан 4 жасқа дейін ____ баладан аспайды;

  • 4 жастан 5 жасқа дейін ____ баладан аспайды;

  • 5 жастан 6 жасқа дейін ____ баладан аспайды.

7.3. Ұйым ата-аналармен жасалған шартқа сәйкес қолайлы режим бойынша жұмыс істейді.
7.4. Ұйым мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін оқыту бойынша МЖМБС орындалуын қамтамасыз етеді.
7.5. Ұйым ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен штаттық кестеге енетін медициналық жұмыскерлер жүзеге асыратын тиісті медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
7.6. Ұйымдастырылған оқу қызметі ҮОЖ-ға сәйкес әзірленген оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады.
7.7. Оқу жоспары, сабақ кестесі МЖМБС талаптары негізінде әзірленеді және іске асырылады.
7.8. Ұйым тиімді оқу процесін қамтамасыз ету үшін міндеттер мен негізгі функцияларға сәйкес МЖБС талаптарына бейімделген мемлекеттік әрі шетелдік тәжірибенің баламалы бағдарламалары мен әдістемелерін таңдауға құқылы.
7.9. Ұйымдағы оқу қызметін білім беру мен біліктіліктің сәйкес деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттармен бекітілген педагогикалық білімі бар тұлғалар (орта кәсіби, жоғары педагогикалық) жүзеге асырады.
7.10. Білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері әзірленген қағидалар негізінде белгіленеді.
8. Тәрбиеленушілермен, ата-аналармен және басқа да заңды өкілдермен қарым-қатынасты ресімдеу тәртібі
Тәрбиеленушінің, ата-аналар мен МДҰ қызметкерлерінің қатынасы тәрбиеленушінің жеке мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне сай даму еркіндігін беру есепке алына отырып, білім беру процесіне қатысушылардың ынтымақтастығы, өзара сыйластығы негізінде құрылады.
8.1. Ұйым, тәрбиеленушілер, ата-аналар және басқа да заңды өкілдер арасындағы қатынасты регламенттеу және ресімдеу шарт негізінде жүзеге асырылады, ол осы Жарғымен және ҚР заңнамасымен айқындалады.
8.2. Баланы қабылдаған кезде ата-аналар мен басқа да заңды өкілдер ұйымның жарғысымен, жұмыс режимімен, оқу жоспарымен, білім беру ортасы ұйымымен, педагогикалық құраммен танысуға құқылы.
8.3. Ата-аналар мен басқа заңды өкілдер:

  • ұйыммен өзара уағдаластық негізінде ынтымақтастық жасауға;

  • баланың даму барысындағы жетістіктерге қызығушылық танытуға;

  • педагогтың келісімімен оқу процесіне қатысуға;

  • ұйымның материалдық жағдайын арттыруға бір реттік демеушілік көмек көрсетуге;

  • ата-аналар жиналысына, ертеңгіліктерге, концерттерге келуге, балалардың туған күнін ұйымдастыруға;

  • баланың ұйымға келтірген залалын дер кезінде өтеуге құқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет