Жарғыны әзірлеуге қойылатын талаптар


Құрылтайшы, оның құқықтары мен міндеттері



бет3/7
Дата22.01.2023
өлшемі89,08 Kb.
#62351
1   2   3   4   5   6   7
3. Құрылтайшы, оның құқықтары мен міндеттері
3.1. Ұйымның құрылтайшысы мыналар болып табылады:

(Т. А. Ә., туған жері мен жылы, жеке куәлігінің мәліметтері, мекенжайы, ЖСН)
3.2. Ұйымның толыққанды жұмыс істеуі үшін құрылтайшы оның қалыпты жұмыс істеуіне арналған барлық қажетті мүліктерді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
3.3. Құрылтайшының құқықтары:

  • ұйым қызметі туралы ақпарат алу;

  • тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыру;

  • ұйымдастыру міндетінің шеңберіне кіретін ұсыныстарды басшы органдардың қарауына шығару;

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жақсарту жөніндегі мәселелерді, ұсыныстарды жоғары тұрған ұйымдардың қарауына шығару;

  • білім беру органдарында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында ғылыми әзірлемелерге қол жеткізу және пайдалану.

3.4. Құрылтайшы үй-жайды пайдалануға, материалдық мүлікті тиімді пайдалануға бақылау жасауды жүзеге асырады.
3.5. Ұйымға жаңа директорды қабылдау кезінде Құрылтайшыға түскен жазбаша жолданым өтініші негізінде, Құрылтайшы өтініш түскен күннен бастап 20 күн ішінде жаңа үміткерді, сондай-ақ өтініш негізінде ұйым міндеттерін орындау, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен оқыту мақсаттарының жетістігі бойынша ұйым жұмысын жақсарту жөніндегі мүмкіндіктерді қарастырады.
4. Ұйымның құқықтары мен міндеттері
Өз қызметтерін жүзеге асыру және ұйым алдындағы міндеттерді шешу мақсатында ұйым:
4.1. Пәндер мен мамандықтар бойынша оқу жоспарларын, педагогтарға біліктілік мінездемелерін, МЖМБС негізінде авторлық бағдарламаларды өз бетінше әзірлеуге және бекітуге.
4.2. Қойылған міндеттерді орындау үшін, шарттық және келісімшарттық негізде жұмыс тәртібі мен еңбек жалақысының көлемін анықтай отырып, жоғары білікті мамандарды тартуға.
4.3. Шетелдік оқу орындарымен, ұйымдармен, сондай-ақ шетел азаматтарымен ұйымның толық құзыретіне енетін және ҚР заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін мәселелер бойынша ынтымақтастық жасауға.
4.4. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік, қоғамдық, жекеменшік ұйымдармен, серіктестіктермен және жеке тұлғалармен шарт жасасу және басқа да заң актілерін жасауға.
4.5. Ғылыми-әдістемелік, бағдарламалық әдебиет, журналдар, жарнамалық материалдар, оқу-әдістемелік құралдарын, дидактикалық, ойын материалдарын шығаруға.
4.6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша ата-аналар үшін, басқа ұйымдардың педагогтары үшін кеңес беру, ақпараттық-анықтамалық, ұйымдастырушылық және зияткерлік қызметтердің басқа да түрлерін көрсетуге.
4.7. Қызметкерлер еңбегін басқару құрылымын, нысандары мен жүйелерін әзірлеу және анықтауға, білікті мамандарды тартуға, өзіндік ғылыми-зерттеу орталықтарын, бөлімдерін ашуға құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет