10. Ұйым мүліктерін қалыптастыру көздері 10.1. Ұйымның жалға алынған мүліктерді және басқа материалдық қаражаттарды иеленуге, өз бетінше иелігінен шығаруға немесе басқа тәсілмен иеленуге құқығы жоқ.
10.2. Ұйым келіп түскен ақшалай қаражаттар, оның мақсатты түрде пайдаланылуы үшін құрылтайшы алдында жауапты.
10.3. Ұйымды қаржыландыру көздері:
құрылтайшыдан түскен қаржы;
ерікті мүліктік жарналар және ата-аналардың, демеушілердің жанашырлық жәрдем көрсетуі;
тауарларды, жұмыстарды, білім берудің көрсетілетін қызметтерін іске асырудан түскен кіріс;
дивидендтер (акциялар, бағалы қағаздар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздар мен салымдардан (депозиттерден) түскен кірістер мен сыйақылар) болып табылады.
10.4. Ұйымның материалдық-техникалық базасын құру мен дамыту қаржыландыру көздерінен алынған табыстардың есебінен, сондай-ақ ҚР заңнамасында көзделген басқа негіздемелер бойынша жүзеге асырылады.
10.5. Ұйымға бекітілген меншік объектілері жедел басқару құқығында және ҚР заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
11. Ұйым жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі 11.1. Осы Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар құрылтайшының, директордың, педагогикалық кеңестің шешімі бойынша енгізіледі.
11.2. Жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті әділет органдарында оларды тіркегеннен кейін ғана жарамды болады.
12. Ұйым қызметін қайта құру және тоқтату 12.1. Ұйымды құрылтайшы құрады және әділет органдарында ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеледі. Тіркелгеннен кейін білім беру ұйымы орналасқан жері бойынша құзыреттілікке сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органды қызметін бастағаны туралы хабардар етеді.
12.2. МДҰ қызметін тоқтатқан кезде бұл туралы орналасқан жері бойынша құзыреттілікке сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.
12.3. Қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізбесін қолдана отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
12.4. Қайта ұйымдастыру бірігу, қосылу, бөліну, бөлу, өзгерту нысандарында және ҚР заңнамасында көзделген басқа да нысандарда жүргізілуі мүмкін. Қайта ұйымдастыру кезінде оның міндеттері мен құқықтары құқықтық мұрагерге өтеді.
12.5. Ұйымды тарату кезінде тарату комиссиясы тағайындалады және ҚР заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіп пен мерзімде тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап мүлікті және ұйым ісін басқару жөніндегі өкілеттілік соған ауысады.
12.6. Ұйымды тарату кезінде құрылтайшы ұйым мүлкін меншіктеу құқығын сақтап қалады.
Құрылтайшы ______________ / __________________