Жарықтың корпускулалық теориясы мен-жарықтың толқындық теориясы



бет8/12
Дата12.05.2023
өлшемі1,6 Mb.
#92471
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Жары ты корпускулалы теориясы мен-жары ты тол ынды теориясы

6.Көз-оптикалық жүйе. Көру
Оптикалық жүйе - жарық көзінен шыққан ағындарды басқаруға және заттардың оптикалық кескінін алу үшін белгілі бір тұрде тұрғызылған линзаайнапризма және тағы басқа жиынтығы
Көру - көру мүшелерінің және көру таңдағыштарының анализатор жарықты қабылдауы арқылы ағзаңың қоршаған орта нысандары (олардың шамасы, тұрпаты, түсі т.б.) жайлы ақпарат алуы.
Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы, диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес,ақ түсті, ол белок деп аталады.
Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір, қызыл және т.б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді. Түсту қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы қарашықтың диаметрун өзгерте алады. Көздің қарашығы – ерекше келген тірі диофрагмалар.
Тамырлы қабықтың ішкі бетінде торлама немесе торламалы қабық орналасқан. Ол көздің алдыңғы бөлігінен басқа түбін толық жабады. Артқы жағынан қабық арқылы көзді мимен жалғайтын көру жүйкесі кіреді.Торлама негізінен көрі жүйкесі мен олардың ұштарындағы талшықтардың тармақталуынан тұрады және көздің жарық сезгіш бетін құрайды.
Түсті қабықтың артында мөлдір серпімді дене – көз бұршағы бар. Ол өзін склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағының диаметрі- 8-10 мм кішкентай көздөңіс линза.
Қасаң және түсті қабықтардың аралығында су тәрізді сұйық зат бар, ал көз алмасы қоймалжың затпен - шыны тәрізді денемен толған.

Аталған төрт орта – қасаң қабық, су тәрізді сұйық, көз бұршағы және шыны тәрізді дене – оптикалық күші D = 58,5 дптр ( F=17,2 мм) болатын линзаға ұқсас оптикалық жүйе құрайды. Ол күрделі объективтің ролін атқарады.
Көз « объективі » - фотоаппарат тәрізді көз торында нәрселерді шын, кіші- рейтілген және төңкерілген кескінін береді. Тордың жүйке талшықтарымен тітіркенуі- көру жүйкесі арқылы миға беріліп адамға көру әсерін туғызады, соның нәтижесінде адам нірселерді көреді. Көру процесі мида түзетіледі , сондықтан біз нәрсені тікелей қабылдаймыз. Көз торламасында нәрсе кескінінің пайда болуынан көру сезімі басталады.
Торламадағы кескіннің өлшемі – нәрсенің өлшеміне және одан торламаға дейінгі қашықтыққа , яғни нәрсеге қарау бұрышына байланысты . Бұл бұрышты- көру бұрышы деп атайды. Нәрсе неғұрлым алыстаған сайын оның көз торындағы кескіннің өлшемі кішірейе береді және көрі бұрышы кемиді. Көздің оптикалық жүйесінде нәрсе қалай орналасса да, көз торламасында кескін алуды қамтамасыз ететін тамаша, өмірлік маңызды қасиет бар. Көз бұршығының өзінің қисықтығын өзгертіп, көз торламасында нәрсенің, оларды әр түрлі қашықтықтан қарағанда анық кескінін беретін қасиет аккомодация деп аталады.
Нәрсе көзден 12 см қашықтықта болғанда, аккомодация шегіне жетеді. Кірпік бұлшық етінің босаңсуы көзінде көздің көретін нүктесі алыс нүкте деп аталады. Көзге көп күш салу арқылы көрінетін нүкте жақын нүкте деп аталады. Сау көз үшін алыс нүкте - шексіз алыста, жақын нүкте – көзден 15-20 см шамасындағы қашықтықта жатады.
Сау көз бен оның алыстан көргіштік және жақыннан көргіштік тәрізді кемшілік- тері – қасаң қабық пен торламаның арақашықтығына байланысты. Егер көзге күш түсурмей параллель шоқтарды торламада жататын нүктеде жинаса , онда ол сау көз деп аталады. Көз бұлшық еттерінің босаңсыған күйінде фокусы көз ішінде жататын болса, онда оны жақыннан көргіштік деп аталады. Жакыннан көргіштікте көз алмасы үзарып, көз бүршағы аккомодацияға бейімділігін жоғалтады. Сондыктан жақыннан көргіш адам алыстағы нөрсені нашар кереді. Жакыннан көргіш адамдарда нөрсенің анык кескіні торламаның алдында болады, ал торламада кескін анық емес. Жақыннан көргіштікті жасанды түзету үшін—ойыс, шашыратқыш менискілік линзалы көзілдірік киеді Олар нәрсенің анық кескінін торламаға жылжытады. Мұндай линзалардың оптикалык күшінің алдына минус (теріс) таң-басы койылады: -0,5 дптр; -1,5 дптр жөне т.б.
Көздің екінші бір көру кемістігі — алыстан көргіштік адамның жасы ұлғая келе, шамамен 40 жастан асқан соң, біртіндеп артып отырады, бірак кейде туа біткен болады. Алыстан көргіштіктің себебі — көз бұршағының айналасындағы бұлшык еттердің босаңсуынан. Алыстан кергіш — адамда алыстағы нәрсенің де, жақындағы нөрсенің де анық кескіні торламада емес, көз алмасының сыртында, тордың артында болады Сондыктан торламаның өзіндегі кескін анык болмайды. Алыстан көргіштікті жасанды тузету ушін дөңес жинагыш менискілік линзалы көзілдірік киеді
Мұндай линзалар торламада нәрсенің аны кескінін алуға көмектеседі. Алыстан көргіш адамдарға арналған көзілдіріктің оптикалык күші +0,5 дптр, +2 дптр және т.б.
Бір көзбен немесе екі көзбен көрудің айырмашылығы бар ма? Бір көзбен көру, бізге кай нәрсенің жакын, кай нәрсенің алыс тұрғанын толык айыруға мүмкіндік бермейді. Сондыктан нөрселер, бізге бір жазықтыкта жаткандай корінеді. Басты бұрмай, бір көзіңді жүмып түрып, жіпті инеден откізіп көріңдер. Екі көзбен кору — кору аймағын кеңейтеді, біз үлкен кеңістікті көреміз. Екі көздің бүлшык еттерінің келіскен әрекеті салдарынан, жақындағы және алыстағы нәрселердің арақашықтығы туралы айтуға, дененің кедір-бүдырын көруге болады. Екі көзбен көретіндіктен, біз нөрсені жазық емес, көлемді күйінде көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет