Жарықтың корпускулалық теориясы мен-жарықтың толқындық теориясы



бет11/12
Дата12.05.2023
өлшемі1,6 Mb.
#92471
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Жары ты корпускулалы теориясы мен-жары ты тол ынды теориясы

1. Сфералық аберрация. Жұқа линза жағдайында S нүктелік көзден шығатын параксиалдық шоқ линзада сынғаннан кейін оптикалық ості бір нүктеде қиып өтеді. Егерде S жарық көзінен шығатын жарық шоғы бас оптикалық оспен үлкен бұрыш жасайтын болса (линзаға S нүктеден бытырай таралған жалпақ жарық шоғы түсетін болса), онда әртүрлі бұрыштар жасайтын сәулелер оптикалық оспен бір нүктеде емес, әртүрлі нүктелерде қиылысады.
2. Линзаның (жалпы оптикалық жүйенің) сындырушы беттерінің сфералығына байланысты осындай кемістігі сфералық аберрация деп аталады. 
Кома. Оптикалық жүйе бетінің қисықтығы сфералық аберрациядан басқа да кемістікті – команы туғызады. Оптикалық жүйенің өсінде нүктелік нәрсе жатпаған жағдайда, одан келетін сәулелер кескін жазықтығында өзара перепендикуляр екі бағытта симметриялы емес күрделі шашырау дағын құрайды, ол аздап «құйрықтың жұлдызға (кометаға) да ұқсайды. Сондықтан өстен тыс жалпақ жарық шоқтарда байқалатын аберрацияны кома деп атайды.


3. Хроматтық аберрация. Дисперсия құбылысы (сыну көрсеткішінің толқын ұзындығына тәуелділігі) салдарынан берілген линза үшін әртүрлі толқын ұзындықтары (түстер) үшін фокустар бір-біріне қатысты ығысқан болады (4.27–суретте Fk күлгін сәулелер үшін және Fқ қызыл сәулелер үшін фокус көрсетілген). Осының нәтижесінде ақ дақтың кескіні түрлі түсті болып шығады. Түстердің кезектесуі бақылау қалқаны (экраны) орнына тәуелді болады, ал бұған сәйкес кескіннің бұзылулары хроматтық аберрация деп аталады. Хроматтық аберрация сфералыққа ұқсас, сандық түрде бойлық хроматтық аберрациямен (Fk Fқ) сипатталады.

10. Интерференция құбылысы. Когерентті толқындар туралы. Юнгтың тәжірибесі






11.Френельдің тәжірибесі





12.Жарықтың жұқа пленкаларда интерференциялануы




13.Ньютон сақиналары.


14. Интерферометрлер.


Интерферометрлер жұмыс істеу принципі жарықтың интерференция құбылысына негізделген. Интерферометрлер ең жоғары дәлдікпен өлшейтін аспаптарға жатады. Жарықтың лазерлік көздерімен қосыла отырып, толқынның 10-13 мкм өзгерісін тіркеуге мүмкіндігі бар. Өндірістік Интерферометрлер окулярлы, экранды немесе цифрлық есептеу құрылғылар болады. Интерферометрлер вертикалды (мод 264) және горизонталды (мод 273) түрлері болады. Түйіспелі интерферометрлер бөлу құны әр түрлі 0,05 ... 0,2 мкм болып келеді. 
ИНТЕРФЕРОМЕТР [интерфер(енция) + метр] – толқындардың интерференциясына негізделген өлшеуіш аспап. Дыбыстық толқындарға және электрмагниттік толқындарға арналған интерферометрлер бар. Оптикалық интерферометр спектрлік сызықтрадың толқын ұзындықтарын, мөлдір орталардың сыну көрсеткіштерін, нысандардың (объектілердің) абсолюттік және салыстырмалы ұзындықтарын, жұлдыздардың, т.б. бұрыштық өлшемдерін анықтауға, оптикалық бөлшектердің және олардың беттерінің сапаларын бақылауға арналған.
Интерферометрлер жұмыс істеу принципі жарықтың интерференция құбылысына негізделген. Интерферометрлер ең жоғары дәлдікпен өлшейтін аспаптарға жатады. Жарықтың лазерлік көздерімен қосыла отырып, толқынның 10-13 мкм өзгерісін тіркеуге мүмкіндігі бар. Өндірістік Интерферометрлер окулярлы, экранды немесе цифрлық есептеу құрылғылар болады. Интерферометрлер вертикалды (мод 264) және горизонталды (мод 273) түрлері болады. Түйіспелі интерферометрлер бөлу құны әр түрлі 0,05 ... 0,2 мкм болып келеді. 
Барлық интерферометрдің әрекет принциптері бірдей, олардың бір – бірінен айырмашылығы тек когерентті толқын шығарып алуда ғана және де тікелей қандай шамалардың өлшенетіндігіне тәуелді. Жарық шоғы әйтеуір бір құрылғы арқылы кеңістіктік түрде екі немесе одан көп когерентті шоқтарға ажыратылады, бұлар оптикалық әр түрлі жол жүріп, соңынан бәрі бірге тоғысады және олардың интерференцияларының нәтижелері бақыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет