Жарықтың корпускулалық теориясы мен-жарықтың толқындық теориясы



бет12/12
Дата12.05.2023
өлшемі1,6 Mb.
#92471
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Жары ты корпускулалы теориясы мен-жары ты тол ынды теориясы

Жамен интерферометрі – газдардың және сұйықтардың сыну көрсеткіштерін өлшеу үшін қолданылатын оптикалық қоссәулелік интерферометр. Бұл аспапты 1856 жылы француз физигі Жюль Жамен (1818 – 1896) жасаған.
Майкельсон интерферометрі – жарық толқынының ұзындығын өлшеуге арналған оптикалық екісәулелік оптикалық аспап. Бұл аспапты американ физигі Альберт Майкельсон (1852 – 1931) ойлап тапқан.
Фабри-Перо интерферометрі – көрінетін, инфрақызыл және сантиметрлік диапазондардағы электрмагниттік сәулелерді зерттеу үшін қолданылатын көпсәулелі интерферометр. Мұны 1899 жылы француз физиктері: Шарль Фабри (1867 – 1943) мен Альфред Перо (1863 – 1925) жасаған.
Рэлей интерферометрі – жарық дифракциясына негізделген сыну көрсеткішті өлшеуге арналған. Мұны ағылшын физигі Джон Рэлей (Стретт) (1842 – 1919) жасаған.
15. Жарық дифракциясы. Гюйгенс-Френель принциптері
Жарықтың дифракциясы – жарықтың түзу сызық бойымен таралудан ауытқуын немесе жарықтың тосқауылды орағытып өтуін айтады.
1665 жылы Италия физигі Франческо Мария Гримальди ашты. Ол өте қарапайым тәжірибе жүргізген. Терезе қақпақтарының арасына өте жіңішке саңылау қалдырған. Сол саңылау арқылы жарық сәулесі жуандығы әртүрлі таяқшаларға түскен. Олардан көлеңкелерін зерттеп, ол геометриялық оптика заңын сақталмағанын байқаған. Нәтижесінде көлеңке болатын жерлерде ақ жолақтар байқалған, оның үстіне олар боялған боп шыққан.
Жарықтың дифракциялық құбылысын Гюйгенс пен Френель түсіндірген. Гюйгенс-Френель принципі бойынша толқын шегінің әрбір нүктесін жаңа сфералық толқынның орталығы деп есептеуге болады




Дифракция–жарық толқындарының жолдарында кездескен бөгеттерді орағытып өтуі, немесе, анығырақ айтқанда — толқындардың таралу кезіндегі кез-келген бөгеттерден, яғни, геометриялық заңдылықтардан ауытқуы.
Дифракцияның негізгі заңдылықтары екі принцип арқылы түсіндірледі:
1. Гюйгенс принципі. Уақыттың кез-келген мезетінде жарық толқыны тарайтын толқындық беттің әр бір нүктесін элементар толқын көзі деп қарастыруға болады.
2. Интерференция заңы. Жарық толқын бетінің барлық нүктесі бірдей жиілікте тербеліп тұрады. Олардың фазалары да бірдей. Олай болса, оларды когерентті жарық көзінің жиынтығы деп қарастыруға болады.
Френель осы екі принципті біріктірді. Ол Гюйгенс –Френель принципі деп аталады. Бұл принцип бойынша толқын бетінің фронтының алдыңғы жағындағы нүктедегі тербелісті табу үшін сол нүктедегі толқындық беттің барлық нүктелерінен келген тербелістерді тауып, одан кейін олардың фазалары мен амплитудаларын ескере отырып қосу керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет