Жас ерекшелік психологиясы Қабылдаған:Үмбетова Арайлым



бет1/5
Дата15.12.2023
өлшемі205,64 Kb.
#139654
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Арайлымым жеп өбөж

Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ түрік университеті Әлеуметтік гуманитар факультеті. Педагогика және психология кафедрасы Жастық шақ -жеке тұлғаның қалыптасу кезеңі Обөж

Жас ерекшелік психологиясы

Қабылдаған:Үмбетова Арайлым

Орындаған:Серик Арайлым

Тобы:ЖХБ313

Мазмұны

  • Кіріспe……………………………………………………………………......3
  • Жастық шақтағы тәрбие мен қарым қатынастың маңызы……………......6
  • Жастық кезеңге жалпы сипаттама……………………………………….....12
  • Жеке тұлғаны қалыптастыру………………………………………………..15
  • Жеке тұлғаның дамуы……………………………………………………….17
  • Жоғары оқу орнында білім алудың тұлғалық дамуға әсері…………….....19
  • Қорытынды…………………………………………………………………...20
  • Пайдалынылған әдебиеттер тізімі…………………………………………..21

Кіріспе

  • Жастық шақ ақыл-ой қабілеттілігі артуының маңызды кезеңі.Жоғары сынып оқушылары “Неге” деген сұраққа үнемі және табанды түрде жауап іздейді және берілген жауаптың жеткіліктілігіне әрі негізділігіне өз күдігін білдіріп отырады. Олардң ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін. Олра мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Пәннің қызғылықтығы туралы жастардың түсінігі жасөспірімдерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта оқитын пәннің сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойлануды талап ететін пәндер қызықтырады. Олар бір нәрсені қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен заңдылықтарды іздеуге құштар.Жастық шақтағы маңызды психологиялық процес - өзіндік ақыл-ойдың және өзіндік “Меннің” бейнесінің қалыптасуы болып табылады. Жастық шақтағы “мен” әлі толық анықталмаған, бұлыңғыр сезім, ол көп жағдайда ішкі дүниесі бос қалғандай әсерде болып, оны толықтыруды қажетсінетіндей сезімге келеді. Осыдан келіп басқалармен араласуға деген құштарлық, сонымен бірге кіммен қарым-қатынаста болудың да таңдалуы пайда болып, оңаша болуды қалайды.

1.Жастық шақтағы тәрбие мен қарым қатынастың маңызы

  • Үлкендермен қарым-қатынасы жастық шақтың ең маңызды мәселесі болып табылады, оның әлеуметтік және психологиялық та жағы бар. Ал оны дұрыс жолға қою үшін, жас айырмашылығын және қарым-қатынаста болатын, бірақ әрқайсысы өмір жолының әр кезеңінде келе жатқан адамдармен өз арасындағы айырмашылықты шектеуді қажетсінеді. Мұндай айырмашылықтар әр түрлі және өзіндік қасиеттер мен қарым-қатынастарды қамтиды.Жыныстық жетілу - өтпелі кезеңнің ең өзекті процесі. Ер балалардың жыныстық жетілуі кешірек болады, бірақ қыз балаларға қарағанда тез дамып, шұғыл жетіледі. Ер балаларға жасөспірімдік “гиперсексуалдық” деп аталатын жағдай тән. Гиперсексуалдық кезең жыныстық жағынан жоғары қозғыштық және эротикалық қызығушылықтар болуымен ерекшеленеді. Ал қыз балаларда басқаша дамиды. Олар ер балаларға қарағанда ертерек жетілгенімен, оргазмдық белсенділігі ер балалардағыдай бірден дамып кетпейді, ол жәй және бірте-бірте дамып, өзінің пісіп-жетілу кезеңіне көптеген жылдардан соң ғана жетеді. Әйелдердің сексуалдығында ер адамдардағыға қарағанда психологиялық жағынан да өзгешелік бар. Қыз балаларда алғашқы кезде ер балалармен психологиялық жағынан қарым-қатынаста болу қажеттілігі оянады, эротикалық қажеттілік кейін келеді. Сезімталдық пен нәзіктіктің ара қатынасы әйелдерде ер адамдарға қарағанда түбегейлі өзгеше.Тәрбиеде әр балаға жеке қарау – бұл оқушыны басқалардан айырып тұрған жеке бас ерекшелігін есепке алу ғана емес. Оқушыға әр уақытта және барлық қарым-қатынастарда жеке тұлға ретінде, іс-әрекеттің жауапты да өзін-өзі тани алатын субъектісі ретінде қарау. Жастық шақ - жеке тұлғаның қалыптасқан кезеңі. Бірақ жоғары сыныптағылардың бірден көзге түсетін ерекше жеке тұлға екендігін ұмытпауымыз керек.
  • Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші педагогикалық идея: жеке тұлғаның өзіне тән құштарлықтарына сәйкес оның негізгі мүмкіндіктерін іске қосу үшін, жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өз болашағының әлеуметтік-мәнділік жағын анықтап алуы үшін көмектесу.Бұл кезеңде тәрбиенің маңызды қызметі оқушының өз мамандығын таңдауына көмектесу, өзінің отбасын құруына дайындау және азаматтық көзқарасы тұрғысынан әлеуметтік, Отанға деген белсенділігін қалыптастыру болмақ.Оқушылардың өз өмірінің келешегі мен жоспарлары, дүниетанымының негізі қалыптасады, өмірге деген өзіндік көзқарасы, өмірдегі өзінің орны айқындалады. Тәрбиешілер жүргізетін бұл кезеңдегі мақсатты тәрбие өзінің айқындаушылық қызметін атқаратын болса да, дәл осы кезде жеке тұлғаның өз белсенділігі, оның әртүрлі құбылыстарға баға беруі, әлеуметтік келеңсіздіктерге қарсы ықпал ете білуі айқын көрініс береді, тіршілік талап ететін және өзінің әлеуметтік байланыстары кеңеюіне орай міндетті түрде пайда болатын күрделі жағдайлардан шығудың дұрыс жолын таба біледі.
  • Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерінің педагогикалық процесте ескерілуі. Жеке ерекшеліктерді есепке алу – бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану. Мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктерін есепке алуда нерв жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле бермейді. Темперамент – бұл адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. /Сангвинник – еті тірі; флегматик – жәй, салмақты; холерик - қызба, шапшаң; меланхолик – ойлы, терең толғанысты/.Жеке ерекшеліктерді есепке алу маңызды жағдай. Мұғалім бұл мәселеде шектен шығып кетпеуі керек, яғни, баланың мүмкіншілігін артық бағалау да, ескермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді.Міне, осылайша тәрбие беруде де, оқытуда да әр балаға жеке қарым-қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік қызығушылығының көрінісі ретіндегі жеке ерекшелігі айқын көрініс береді, ал ол әр адамның жан-жақты дамуы үшін қоғамның талабы негізінде туындайды. Жеке қарым-қатынас әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондай-ақ ол оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншылықтарды жеңуде де зор рөл атқарады.

2. Жастық кезеңге жалпы сипаттама

  • Ерте жастық - бұл өмірлік жол таңдау уақыты. Бұл жастағылар ересектікшақта орындалуға тиіс жоспарлар құрады. Алдына қойылған мақсаттарын іске асырады, яғни таңдалған мамандығы бойынша жұмыс істеу, жоғары оқу орнында білім алу, отбасын құру.Ерте жастық шақ - ересектік өмірдің басталуы. Өмірдің алда екендігін сезіну, бір нәрсені көріп, қателесіп және іздеуге мүмкіндік береді. Бірақ «осы уақыттабіздің таңдаған жолымызәдетте өмірдегі көпнәрсеніанықтайды. Ерте жастық шақта ойлаудың философиялық бағыттылығы көрініс береді және ол формальды логикалық операциялар мен эмоциялық ерекшеліктердің дамуына негізделген.Шығармашылық қабілеттері дамиды, сондықтан да осы жастағы ер бала- лармен қыз балалар мәліметтерді тек қана ұғып қана қоймай, жаңа нәрселер жасайды.Шығармашыл, дарынды адамның тұлғалық қасиеттері әр түрлі, ол дарындылық пайда болған іс-әрекет сферасына байланысты.Зерттеушілердің айтуынша шығармашыл дарынды адам оқу іс-әреке- тінде қарапайым нәтижелер көрсетуі мүмкін. Жоғарғы сынып оқушылары- ның білімді жинақтау мен интеллектінің кейбір қасиеттерін өзгерту нәтиже- сінде ақыл ойлар дамиды. Сонымен қатар ақыл-ой іс-әрекетінің жеке стилі қалыптасады.Н.Коганның айтуынша,танымдықүрдістеақыл-ойіс-әрекетін- ің жеке стилі, ойлау стилі, қабылдау, есте сақтау және ойлау тәсілдеріндегі жеке варияциялардың тұрақты жиынтығы ретінде көрініс береді. Бұл жаста- ғы интеллектуалдық даму мүмкіндігі мәтінмен, әдебиетпен жұмыс істеу,фор- мальды-логикалық операцияларды орындау кезіндегі оқу біліктерін дамыту арқылы жүзеге асады.
  • Зерттеушілердің айтуы бойынша, ерте жастық шақ тұлға дамуындағы екінші аумалы кезең болып есептеледі. Жастар жеткіншектер сияқты әліде болса ересек адамдар қатарына жатпайды. Ерте жастық шақпен білімді жалғастыру мен мамандықты игеру байланысты. Психологиялық тұрғыдан алғанда жастық шақ өзін анықтау және ересек адамдар арасындағы интеграция міндетін шешеді.Ерте жастық шақтағы әлеуметік жағдай -өмірлік жол таңдау. Бала кезде жас ерекшелік кезеңдер көрініп тұрады. Балалық шақ артта қалған кезде барлық психикалық қызметтер және тұлғаның тұрақталуы басталады. Сонымен 17 жастағы дағдарыс пайда болады. Кейінгі жылдары жеткіншектер мектеп қабырғасын 9 сыныптан соң тастап кетеді. Оқуға деген қызығушы- лықтың жоқтығынан және үлгерімдерінің төмендігінен олар техникалық колледждерге баруға тырыспайды; кейбіреулері конкурсқа ілінбей қалады. Олардың көпшілігі кешкі мектептерге барып, жұмыс істейді. Егер де жеткін- шек өзі үшін осы жолды таңдаса онда дағадарыс көрініс береді.Мұндай жеткіншектер бүгінгі күнмен өмір сүріп болашағын жоспарламайды.19-20 жастағы жастар өз өмірлеріндегі қиындықтарды бұдан бұрын болмаған жауапкершілікпен байланыстырады. Олар бұл жаста пайда болатын жаңа мәселелер мен қоса үлкен мүмкіндіктер де пайда болатын осы жасты бағалайды. Жастар үшін өмірлік жолдың 3 нұсқасы тән: жоғарғы оқу орнында білім алу, жұмыс іздеу, ер балаларға әскерге бару.
  • Жастық шақ ерте жастық шақтың аяқталуы мен шамамен 30 жасқа дей- інгі аралықты қамтиды. Жастық шақ біріншіден – бұл отбасы құру, таңдалған мамандықты игеру, қоғамдық өмірге деген өзінің қатынасы мен ондағы рөлін анықтау кезеңі болып табылады.Жастық шаққа оптимизм тән. Мұндай жаста адамның күші мен энергия- сы көп, өзінің мақсаты мен идеяларын іске асыруға кіріседі. Осы жас кезеңде танымдықпсихикалықүрдістербіркелкідамымайды. Адамның интеллекту- алдық дамуы тұлғаның қалыптасуымен өзара әрекетте іске асады. Психофи- зикалық функциялардың дамуы 20 жаста тоқтағанмен де, интеллектуалдық дамуы көптеген жылдарға жалғаса береді. Адам өзінің интеллектуалдық дамуының барысын өз бетімен басқара біліп, еңбек және шығармашылықпен байланысты үлкен нәтижелерге көп жеткізеді. Адамның жетістігі оныңдарындылығының, білімінің деңгейіне, іс-әрекетті дұрыс таңдауына байланысты. Яғни адамның когнитивті сферасының дамуы ерекше дербес сипатқа ие.
  • Эмоциялық сферадағы ең басты мәселе өз шешімн табуды талап ететін идентивтілік пен жақындыққа қол жеткізу. Адамдар арасындағы эмоциялық жақындық махаббат негізі ретінде көрініс береді. Негізінен бұл жастағы адамдардың эмоциялық сферасы қалыптасқан және тұрақты болып табылады.Мотивациялық сфераның рөлі ерекше, себебі осы кезеңде адам ересектік өмірге араласып, отбасы құру, дүниеге сәби әкелу, мамандық таңдау сияқты мәселелерді шешуіне тура келеді. Өзіндік санаға, өзін өзі бағалауға, «Мен - концепциясына» келесідей факторлар әсер етеді: тұлғаның жары, ата-ана, маман және азамат ретінде өзін анықтауы.Осы кезеңде 30-33 жастағы нормативті дағдарыс басталады. Ол адамның өмірлік жоспарлары мен шынайы мүмкіндіктерінің арасындағы сәйкессіздік- тен пайда болды. Бұл жаста өмірлік құндылықтар қайта қаралып, мәнсіздері артта қалады.Жастық шақ кәсіби іс-әрекетті меңгерумен, дамытуын, отбасы құрумен, бала тәрбиелеумен бос уақытын ұйымдастыру кезеңдерімен ерекшеленеді. Сонымен, адам белсенділігінің әрбір сферасы іс-әрекет пен қарым-қатынас- тың ерекше сипаттарымен ерекшеленеді: еңбек қоғамдық пайдалы іс-әрекет, еңбасты тұлғааралық қарым-қатынастардың концентрациясы, бос уақыт тұл- ғалықпотенциалдыіскеасыру. Бұлжаскезеңіндегіжетекшіфактореңбекіс- әрекеті болса, еңбасты міндет өзін-өзі анықтау мен отбасы құру болып табы- лады.
  • Жастық шақ – маңызды шешімдер қатарын қабылдайтын ересектікке өтудің аяқталуы, өмірлік циклдің айналымы болып табылады. Олар кәсіп таңдау, отбасын құру, жалпы өмір стилін және болашаққа нақты тапсырмаларды орындау, жаңа ересектік статуста және жаңа өмірлік жоспарда құндылық бағдардың коррекциялануы үлкен әсер етеді. Осы уақыт кезеңінде жоғары оқу орнында оқу, еңбек іс-әрекетіне араласу, неке құру, бала сүю уақыты. Тұлғалық дамудың басты міндеті ересектер әлеміне беку, өмірден өз орнын іздеу, жастар үшін дағдарыстық сипатқа ие. Бір жағынан осы кезеңде дағдарыстан қашу адамның дамуын тежейді. Жастар осы уақыт кезеңін, нақтырақ айтқанда дағдарысты өтпелі кезең ретінде қабылдап, қуаттана бастайды және өз тағдырын басқаруға қабілеттенеді.Ерте жастық шақтың негізгі міндетін Э.Эриксон интимділіктің қалыптасуы деп санайды. Мұнда тек қана сексуалды интимділік ғана емес, сондай-ақ достық қатынастар, бірлескен ұмтылыстар жатады.Осы кезеңнің дағдарыстық сәті К. Юнгтің пікірі бойынша адамның шынайы өмірмен тайталасуы, ал осы тайталасу үнемі өзінің елестетулеріне сәйкес келе бермейді. Егер онда шынайылықты бұрмалаушы иллюзия болса, бірден мәселелер пайда болады. Көбінесе бұл үлкен күтулермен, сыртқы қиындықтарды бағаламаумен, негізделмеген оптимизммен немесе керісінше негативизммен байланысты. Жас тұлға біртіндеп әлемнің тек қана бақыт пен қанағаттанудан тұрмайтынын түсіне бастайды. Оның оптимизмі мен балалық сезімі түсе бастайды.
  • Бірақ жастар балалық позицияға байлануды (бәрі қалағанынша өзінен өзі келе бере береді) ұзақ уақыт жалғастыра береді. К. Юнг айтқандай «ештене істемей-ақ қойғым келеді, ал егер бір нәрсе жасау керек болса өз қанағаттануың үшін деген». Осы балалық деңгейде тұрған шешімі жоқ мәселені адам сыртқы өмірге қатынасы позициясында өзгертуі керек: «мен қалаймын, маған беріңдер» ұғымын «мен беремін, мен істей аламынға» айырбастау керек.Жас тұлғаның дамуындағы дағдарыстық нүктеге екпін түсірген немесе қарастырған Б. Ливехуд. Жеткіншектен жастық шақтағы тұлғаның айырмашылығы өз санасына ересектік өмірді сіңіріп қана қоймайды, сонымен қатар оған шынайы қатысады. «Мен кіммін?, Мен нені қалаймын?, Мен не істей аламын?» жастық шақта шешілуі керек маңызды сұрақтар болып табылады. Жастық шақта өзіңді қабылдап үйренуің керексің, өз шешімің мен таңдауыңа жауапкершілік ала білуің керек. Бірақ осының жолына тәжірибе жинақтауың керек, және әр адам өз ақымақтығын өзі жасауы керек. Егер адам жастық шақта өзінің алдына басты мәселелерді қоймаса, және қойылған мәселеден шығу жолын таппаса, өмір бойы жеткіншектік шақта қалып қояды және өзіндік бағалауы қоғамдық пікірмен сипатталады немесе бүкіл әлемге қарсы тұрады.

3.Жеке тұлғаны қалыптастыру

  • Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз - оны мәдениетке үйрету, білім беру, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту.Жеке тұлғаның белгілі бір мәдени ортада болып, оның тұлғалық және танымдық дамутына ерекше әсерін тигізеді. Қалыптасуына қарай жеке, тұлғаның белгілі бір мәдениетінің субьектісі ретінде екі түрлі фактор бар: біріншісі - сол халықтың мәдени ерекшеліктері, екіншіден - танымдық процестері, темперамент, мінез-құлқын сапалы түрде танып ажырата білу.Әлеуметтік жеке адамды әсер етуші субъект ретінде қарастырады. Әлеуметтену процесінде ие болған жекелік қасиеті, әлеуметтік бағдары бір орында тұрып, қатып қалған жоқ, бірақ жеке адам нақты топта, шынайы әлеуметтік ортада үнемі түзетулерге ұшырайды. Шынайы, нақты топтың ролі өте күшті, маңызды орын алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет