Жас ерекшелік психологиясы


Жасөспірімдік кезеңнің психикалық даму ерекшеліктерін сипаттаңыз



бет3/23
Дата21.12.2022
өлшемі142,18 Kb.
#58746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
19. Жасөспірімдік кезеңнің психикалық даму ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Жаңа жəне кемелденген ескінің когнитивтік шеберлігінің есебінде жасөспірімнің ойлау жемісі анағұрлым кең, ал ойлау мазмұны – бай жəне күрделі. Бұл жеке өзінің дүниетанымын, индивидуалдық жүйенің құндылығы жəне «Мен – тұжырымдамасын» саналы түрде құруына мүмкіншілік береді. Егер жасөспірімдік жасты қатаң биологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, онда ол мүмкін тəн жəне жыныстық жетілу кезеңі сияқты балада анықталған болар еді, өсу үдерісін тудыра- тын оның организмінде маңызды өзгерістер пайда болады. Қандай да бір биологиялық анықтауларда жасөспірімдік жастың тəндік, жыныстық жəне физиологиялық өзгерістерінің себебі мен салдары толық есептелінеді. А. Гезелдің жетекшілігімен баланың дамуы институтын- да осы тəжірибенің негізі қаланды. Оның жасөспірімдер туралы ең белгілі еңбектерінің бірі – «Жастық шақ: 10 жастан 16 жас аралығы». Баланың жетілуі табиғи үдеріс деп қарастырылса да, кейбір жағдайда баланы тəрбиелеуде көтерілетін көптеген проблема- лар өз уақыты жеткенде шешімін табады деп болжам жасайды. Бала қиындық жəне эмоциялық ауытқулар арқылы «өсуі керек», сондықтан тəртіпке шақыру үшін ата-аналарға эмоциялық əдісті қолданбауды ұсынады. Индивидтің мінез-құлқын түсіну үшін оның тұлғалық жəне қоршаған жағдайын бір-бірімен тығыз байланыстағы фактор ретінде қарастыру керек. Экологиялық жəне жеке тұлғалық факторларының барлық жиынтығының өзара əрекеттері «өмір кеңістігі» немесе «психологиялық кеңістігі» деп аталады. Мінез-құлық өмір кеңістігі функциясы болып табылады. Себебі материалдық-экологиялық, əлеуметтік жəне психологиялық фак- торлар енеді. Яғни, олар мотив, мақсат, мұқтаждық сияқтылар. Бұлардың əрқайсысы мінез-құлыққа ықпал етеді. К. Левиннің өріс теория жиегінде биологиялық жəне экологиялық фактор- лар мінез-құлықта интегралданады. Қайсысының маңызды рөл атқаратынын ешқандай əрекетсіз анықтайды. Жасөспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады. Жасөспірім жасындағыларды «Қиын», «өзгерілу», «ауысу жастары» деп атайды. Соңғы жағдайда «ауысу жасында» жеткіншек балалық кезеңдерден ересек жасына ауысады. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас баламен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жасөспірім барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығымен ақыл кеңесінен құтылғысы келеді. Жасөспірім шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой – тылсымдарын тануға бағытталған. Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым – қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым – қатынысқа, және де моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы жасөспірім кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады. «Намыс», «адамгершілік», «құқық», «міндет» сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады. Жасөспірімдердің әлеуметтік есейуін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан қажет. 15-17 жас жасөспірімдердің ең басты оқу-кәсіби іс-әрекетінің арқасында жасөспірімнің танымдық-кәсіби қызығушылықтары артады. «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» - міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді. Жұмыс пен оның аясындағы тіршіліктің барлығы адам ғұмырының тең жартысын алады екен! Адамның өз мамандығына қаншалықты қанағаттану мен өз өміріне қаншалықты риза екендігінің арасында тікелей байланыс бар. Бір жағынан, кәсіп таңдау- болашаққа үңілу болса, екінші жағынан, ол – өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу. Дұрыс таңдалмаған мамандықтың жағымсыз тұстары тек адамның өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға кері әсерін тигізеді. Мамандық таңдауға әсер ететін факторлар: 1) Ата-ананың қалауы бойынша; 2) Досымен бірге мамндық таңдау; 3) «Қайда алса сонда барам» принціпі; 4) Табысы жоғары жұмыс; 5) Оқудың немесе жұмыстың беделді болуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет