Жас ерекшелік психологиясы


Бастауыш мектеп жасындағы баланың құрбыларымен қарым- қатынасын сипаттаңыз. Сіздің өз пікіріңіз



бет7/23
Дата21.12.2022
өлшемі142,18 Kb.
#58746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
24. Бастауыш мектеп жасындағы баланың құрбыларымен қарым- қатынасын сипаттаңыз. Сіздің өз пікіріңіз

Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-құлқының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Адам жоғарғы қабілеттері мен қасиеттерін қарым-қатынас арқылы аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Қарым-қатынас негізінде адам өзінің барлық адамгершілік, психикалық мінез-құлық қасиеттерін қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Балалар өзара қарым-қатынас барысында: адамдардың іс-әрекеттің, ұлттық салт-дәстүрлердің жақсы жақтарын аңғара алады, шындықты айтуға, жағымды ойлауға үйренеді;


өзара сыйластықты түсінуге қабілетті, айналасындағыларды ұнатып, жақсы көре біледі, жақсылық жасауға дайын тұрады;
сабырлы, салмақты болуға, тәрбиелі болуға, ойланып сөйлеуге үйренеді;
әдептілікке, ұқыптылыққа үйреніп, көмектесе біледі, қамқорлық жасай алады, үлкендерді құрметтей біледі;
өзгені ренжітпеуге тырысады, кешірімді болуға үйренеді;
Баланың өзін-өзі анықтауы, қарым-қатынас ерекшеліктерін меңгеруі, өзге балалардың ортасында абыройлы болуы – үлкендермен қарым — қатынас жасау барысында жүзеге асады. Бала мінез-құлық мәдениетін меңгерудің қажеттілігін түсінгенімен ол қандай болу керектігін сонымен қатар, оны қалай дамыту керегін түсіне алмағандығынан балалар көптеген қателіктер жібереді. Сондықтан үйлесімді қарым-қатынас орнатуда бірінші көмекші болатын адам – мектеп психологы.
Мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында іскерлік қарым-қатынасты ұйымдастыру арқылы оқушылардың арасында тез тіл табысқыш, бір-бірімен пікір алмасып, ұйымшыл болып, сыйлау қабілеттері қалыптасады. Мектеп психологі оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдарын анықтап, әр оқушының өзглерге және өзіне ыңғайлы, жайлы болуына жағдай жасауы қажет. Оқушылар қарым-қатынас мәдениетін зерттеу нәтижесі оларға психологиялық көмек қажет екенін көрсетті.
Қарым-қатынасты зерттеген көптеген ғалымдардың еңбектеріне тоқталсақ;
Л.С. Выготский, Б.Н. Ананьев еңбектерінде қарым-қатынасты өмір әрекетінің бір формасы, адам дамуының әлеуметтік жағдайы, жеке адамның қалыптасуының түрткісі деп қарастырады.
Р.С. Немов бойынша қарым-қатынас – барлық тірі жанға тән, бірақ адамда күрделі формада, саналы түрде болады деген.
Ал, А.В. Петровский ойынша қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет туғызатын, адамдар арасындағы қатынасты дамытатын көп жоспарлы үдеріс.
Оқушылардың қарым-қатынасы және қарым-қатынас мәдениеті ұғымына төмендегідей анықтама беруге болады:
Қарым-қатынас дегеніміз – мұғалім мен оқушының мақсаты бір педагогикалық мәселелерді шешу кезіндегі сөз, қимыл-қозғалыс, ым арқылы бір-бірімен байланыс жасауы.
Қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз – адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табуды айтамыз.
Оқушылардың бойында қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу деңгейі мен сапасын өлшеп көрсету өте күрделі. Адамгершілік қасиеттерді сақтай отырып, басқа адамдарға психологиялық қысым көрсетпей оң бағытта қарым-қатынаста болғанда ғана, қарым-қатынас мәдениетін сақталғанын көруімізге болады.

Жалпы оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін зерттеуде түрлі әлеуметтік психологияда қалыптасқан әдіс-тәсілдердің басым көпшілігін қолдануға болады. Осы әдістемелердің негізінде сыныптағы балалардың өзара қарым-қатынастарын зерттеу барысында көптеген ұтымды жерлері бар. Балалар сабақ барысында, сыныптан тыс көптеген іс-шаралар жүргізгенде, оқу-тәрбие мәселелерін шешу барысында бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Сонымен балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда, психологиялық түзету жұмыстарын жүргізу, тәрбиелік мәні бар іс-шаралар ұйымдастыру үшін сынып ұжымы ыңғайлы. Баланың өзі оқитын сыныпта достары, бос уақытында бірге ойнайтын құрбылары бар. Сыныптағы ұжымішілік қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу арқылы балалардың қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу деңгейін анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет