Жас ерекшелік психологиясы


Егде жастағылармен психологиялық алдын алу жұмысын жүргізудің сатыларына талдау жасаңыз



бет6/23
Дата21.12.2022
өлшемі142,18 Kb.
#58746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
23. Егде жастағылармен психологиялық алдын алу жұмысын жүргізудің сатыларына талдау жасаңыз

Адам өмірінің бағдарламасы белгілі бір уақыт аралығында күрделенеді, және оның табиғи аяқталуы тіршілік функцияларының біртіндеп сөнуі, олардың толық тоқтауымен көрініс беруі керек. Өмірдің мұндай соңы қазір жиі кездеседі, себебі қазіргі медицина жетістіктері өмірді ерте қиятын көптеген қауіпті жағдайлармен сәтті күресуді қамтамасыз етіп отыр.


Қартайған шақта гормональды активтілік төмендейді, ферментативтік процесстердің активтілігі, зат алмасу интенсивтілігі төмендейді; зат алмасудың жеткіліксіздігі толық қышқылданбаған өнімдердің жиналуымен білінеді (тамыр қабырғасына холестирин жиналуы); тамырлар мен байламдардың, капсулалардың эластикалық қасиеті төмендейді. Бұл кезеңде психикалық процесстердің активтілігі, қозғалғыштығы төмендейді, есте сақтау қиындайды, түскен ақпаратты талдау қиындайды, қабылдау өткірлігі тұйықталады, ой жұмысы төмендейді. Қарттық адамның әлеуметтік жағдайын да өзгертеді. Қарт адамның өмірі жоғалтулардан тұрады: туыстары мен жақындары қайтыс болады, зейнетке шығуына байланысты үйреншікті өндірістік жұмысбастылығын жоғалтады, бұрынғы әлеуметтік байланыстары әлсіреп, үзіледі, ал жаңа байланыстар қиыншылықпен іске асады, физикалық күш жоғалады, денсаулық, есту, көру қабілеті төмендейді. Осының салдарынан көптеген қарт адамдар жаңа қайғы күтумен болады, әр уақытта жабырқаулы күйде болады, қуану сезімі жоғалады. Қабатталған биологиялық және әлеуметтік өзгерістер жеке бастың өзгеруіне әкеліп соқтырады, ұқыптылық – сараңдықа, тітіркендіргіштік - ашуланшақтыққа ауысады. Организмнің адаптациялық қабілеттерінің бұзылуы себебінен қоршаған ортаға реакциялар тікелей сипатқа ие болады, метеотропты факторларға, дәрілік заттардың теріс әсеріне, психогенияларға төзімділік төмендейді. Дағдыланудың қиындығына байланысты қарт адамдар өмірлік өзгерістерден қашқақтайды, мінездерінде консерватизм, ортодоксальдылық сияқты құбылыстар пайда болады. Басым тікелей сипатқа соматикалық және психикалық реакциялар арасынадағы байланыстар ие болады. Әрбір қарқынды психикалық реакциялар – жайсыз соматикалық ауытқулар тудыруы мүмкін: стенокардия ұстамалары, гипертониялық криз, диабет асқынуы. Сонымен қатар соматикалық аурулар ОЖЖ – нің қызметіне аса қиын жағдай тудырады және психикалық бұзылыстардың пайда болуына ықпал етеді. Осылайша қартайған сайын психикалық бұзылыстар туындау қаупі жоғарылайды. Қартаю процесі ешқашан функциялардың біркелкі төмендеуімен жүрмейді. Қартаю дәрежесіне қарай дефициттерді компенсациялау үшін үнемі функциональды қайта құрылу үрдісі жүріп отырады. Осылайша қарттық шақта көптеген психикалық жетіспеушіліктер компенсациясы түрінде, бай профессионалдық және өмірлік тәжірибе, онымен бірге жүретін парасаттылық, шыдамдылық және т.б. тұлғалық оң қасиеттер қолданылады. Психопрофилактиканы ұйымдастыру кезінде егде жас кезеңінің тек әлсіз жақтарын қолданылмай, сонымен қатар компенсаторлық мүмкіндіктері де қолданылуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет