Жасару құпиясы. Ауру


 Тамақ iшкiмiз келсе не iстеуiмiз керек?



Pdf көрінісі
бет8/18
Дата01.02.2017
өлшемі1,05 Mb.
#3171
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

57. Тамақ iшкiмiз келсе не iстеуiмiз керек? 
 
 
«Бiз ағзамызға немқұрайлықпен қараушылықтан өз өмiрiмiздi өзiмiз қысқартамыз».    
И. П. Павлов 
 
 
Сiздiң  өте тамақ  iшкiңiз  келедi. Бiрақ  бұл  нақ  аштық  емес, ағзаның  белгiлi бiр уақытта 
тамақ  қабылдауға  үйренген  әдетi.  Есiңiзге  тағы  салайық:  ТӘН  АҚЫМАҚ,  онда 
нәпсiқұмарлық  көп,  бiрақта  сiз  қожайын  болып  қалуға  тиiссiз,  сiздiң  санаңыз  тәнiңiздiң 
әмiршiсi болуға тиiс. Ашығу бiрбеткейлiктi, ерiк күштi қажет етедi, бұл тән мен сананың 
айқасы. 
 
58. Қалай дұрыс тамақтану керек? 
 
«Жеңдер,  iшiңдер,  бiрақ  ысырапшылыққа,  бос  мақтаншылыққа  жол 
бермеңдер».        Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с. 
  
Тамақтану маманы сiз үшiн тамақ iшiп қорта алмайды, бiрақта қандай 
болмасын  кеңес  бере  алады.  Менiң  жегенiм  сiзге  мүлде  ұнамауы  мүмкiн. 
Әрбiр  адам,  жапалақтап  жауған  қар  суретiнiң  бiрiн  бiрi  қайталамайтыны 
сияқты,  ол  да  әртүрлi.  Бiз  сiздердi  тамақтың  белгiлi  бiр  түрiмен  ғана 
тамақтан деп үгiттемеймiз, егер сiз мықты денсаулыққа ие болғыңыз келсе, 
аса сапалы тамақ iшiңiз. Бiз сiздердi тек қана шикi көкенiс, ет жеме, өсiмдiк 
пен сүт аралас тамақ қана iшiңiз деп үгiттемеймiз. 
Сiз  ашығуды  өткiзiп  тазаланып  алғаннан  кейiн  iшкi  даусыңыз, 
болмысыңыз  не  жеу  керек  екенiн  өзi  айтады.  Сiз  жоғары 
жансыздандырылған  өлi  тамақтан,  бiрден  50...60  пайызы  көкөнiс  пен 
жемiстерден  тұратын  табиғи  тамаққа  секiре  аласыз  деп  ойлай  алмаймыз. 
Табиғат бiрден секiргендi жақтыртпайды. Сiз ұзақ жылдар бойы белгiлi бiр 
тамақпен  тамақтандыңыз,  ас  қорту  және  басқа  да  мүшелерiңiз  осыған 
бейiмделген.  Сiз  бiртiндеп  асықпай,  белгiлi  мерзiмде  ашығу  арқылы 
ағзаңызды тазалап, бiртiндеп барып көшуiңiз керек. 

 
56 
 – 
Бiртiндеп көшудi қалай түсiнемiз? 
 – 
Сiз  бiр  күнi  жақсы  салат  жеп,  келесi  күнi  крахмалы  бар  лағманға  лықа  тойып 
алуыңызға  болмайды.  Сiзге  бiр  күн  жемiс  жеп,  келесi  күнi  шұжық  пен  самсаға  көшуге 
болмайды. Сiздiң тамағыңыз бiркелкi болуы керек. Ендi осыны түсiндiрейiк. Егер сiз ет 
жесеңiз,  аптасына  3  қабаттан  артық  жемеуге  кеңес  беремiз.  Егер  жұмыртқа  жесеңiз 
аптасына  4  қабаттан  артық  жемеңiз.  Егер  сүт  iшсеңiз,  басқа  да  сүт  тағамдарымен  қоса 
бiртiндеп  тамақ  құрамынан  алып  тастаңыз.  Тiршiлiк  иелерiнiң  iшiнде,  тек  адам  ғана, 
емшектен шығарғаннан кейiн сүт iшедi. 
 
59. Тамақты уақтылы iшу дегенiмiздi қалай түсiнуге болады? 
 
 
«Тағам  салынған  табақтың  шетiнен  бастап  жеңдер,  ортасынан  жемеңдер,  өйткенi 
ортасында береке жиылып тұрады».   Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
 
Сiздi белгiлi бiр уақытта тамақ жеуге үйреттi. Қарныңыз аш па, тоқ па түсте тағы 
тоя  тамақ  iшуге  тиiстiсiз.  Осылай  масқара  әдiспен  тамақтану,  барлық  соңғы  кезде 
ашылған ғылыми тұжырымдарға қарама қайшы. 
 
Бесiктен  белiңiз  шықпай  жатып,  қамсыз  қалыпта,  жыл  артынан  жылдарың 
жылыстап  өте  бередi.  Рахаттанып,  бiлместiктен  өзiңдi  май  шам  сияқты,  екi  жағыңнан 
бiрдей жаға бересiң. Кей кезде ортасынан да жағуға тырысасың. Бiз уақытымыздан ерте 
өлемiз, себебi дұрыс ойлауымыз жетiспейдi. 
Көптеген балалардың тiстерi шiрiп бұзылған. Тiптi артық тамақ iшпесең де, жегенiң 
жұқпайды. Сiздiң тамағыңыз сiлтiлiктiң орнына қышқылдық ағым (реакция) бередi. Тiптi 
физиологиядан  аз  ғана  тамақ  пен  ашығу  туралы  хабарың  болса,  сiздi  құтқарар  едi. 
Надандық  –  ең  қатерлi  жау.  Микроб  өндiрiсiнiң  жүретiн  фабрикасы  болуды  тоқтатпай, 
сiзде қалыпты өмiр болмайды. 
 
60. Тамақты қалай жеу керек? 
 
 
«Тамақтан  соң  қолын  жумай  ұйықтаған  адамға  кесел  жабысса,  өзінен  көрсін».             
Пайғамбарымыз  Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
 
Адамдар  тамақты  дұрыс  жей  алмайды.  Өзіңіз  тамақ  ішкен  адамдарды  бақылаңызшы. 
Олар  тамақты  тек  ойланбай  шайнап  жұта  береді.  Тамақ  ішу  барысында  басында  неше 
түрлі  аласапыран  ойлар  жүйткіп  жүреді,  ал  жүрегі  қым-қиғаш  сезімдерге  толы  болып, 
онымен  қоймай  тамақ  ішіп  отырғанда   айтысып,  дауласып  жатады.  Осылай  олар  өзінің 
ағзасының жұмысын бұзады: бір де бір ағым: ас қорту, уларды шығару және сөл бөлетін 
бездердің жұмысы дұрыс жүрмейді. 
Мыңдаған  адамдар  ауруларының  себептері,  тамақты  дұрыс  ішпегендіктен 
болатынын білмейді. Жанұяларға қараңызшы, тамақ ішпегенше әркім өз ісімен өзі әуре. 
Ал  дастархан  басына  жиналып  тамақ  іше  бастағанда  әңгіме  өрбіп,  кей  кездерде  бір-
бірімен  жанжалдасып  та  жатады.  Осындай  шулы  отырыстан  кейін  денең  ауырлап 

 
57 
маужырап  ұйқың  келеді,  барып  демалуың  қажет,  ал  кімге  жұмысқа  бару  керек,  ол 
құлықсыз кетеді. Ал дұрыс тамақтанған адам өзін жеңіл, тамаша сезінеді. 
         
Сіз  сұрайсыз:  «Енді  қалай  тамақ  жеу  керек?  ».  Дұрыс  тамақтану  үшін  өзіңнің 
ниетіңді дұрыстап алып дастарханға отырыңыз. Тыныштықтың болғаны қолайлы. Ауызға 
алдымен салған асты саналы түрде өзі жұтылып кеткенше асықпай ұзақ шайнаңыз. 
          
Ас  жеудің  басталуының  зор  маңызы  бар.   Бастапқы  жұтқан  қорегіңіз  ішкі 
мүшелердің бәрін іске қосатындықтан, тамақты ішпестен бұрын жайлы жағдай жасаңыз. 
Ешуақытта есіңізден шығармаңыз, Ғұлама Абай айтпақшы: «Адамның адамшылығы істі 
бастағанынан білінеді, қалайша бітіргенінен емес», осы бастапқы қарқында үйлесімділік 
болса, соңына дейін болады. 
         
Тамақты әбдән шайнап, асықпай ішу керек. Бұл астың қортылуына да жақсы және 
екінші себебі: ауызға тамақ бірінші барған мезетте ол да асқазанның жұмысын атқарады. 
Ол тамақтың қуатын өзіне сіңіріп алып, қалған қоймалжың бөлігін асқазанға айдайды. 
         
Ауызда  өте  жетілген  құралдар  бар:  олар  тілдің  үстінде  және  астында  орналасқан 
бездер.  Осы  бездер  астың  көзге  көрінбейтін  қасиеттерін  аулайды.  Сіз,  бірінші  асаған 
тамағыңыз асқазанға түсіп, қортылып үлгермей-ақ әліңіз кіріп, сергіп қаласыз. Не себепті? 
Аузыңыздың арқасында ағза қуатты, эфирлік элементтерді сіңіре алды. Мысалы: жемістер 
– 
сұйықтан, газдан және эфирлік заттардан тұрады. 
         
Адамдар  қатты  мен  сұйық  заттар  жайлы  бәрін  де  біледі,  ал  нәзік  –  ауадағылар 
назардан тыс қалады. Жемістің шырайын, түр түсін бояйтын, хош исін шығаратын – эфир, 
оның тіршілігі қалай  әсер ететініне көңіл бөлінбейді. Эфирдің маңызы өте зор, осының 
бөлшектерімен адам өзінің нәзік денелерін тамақтандырады. 
         
Тамақты жақсылап асықпай шайнау керектігін айтып өттім, бұл тәніміз үшін қажет. 
Ал  тамақтану  барысында  терең  тыныс  алу  астың  жануын  қамтамасыз  етеді.  Ас  қорту, 
тыныс алу, ойлау барыстары – әр түрлі темпереатура мен жиіліктегі жану ағымы. Тамақ 
жеу барысында ара-тұра тоқтап терең тыныс алыңыз, сонда эфирді жақсы сіңіресіз. Эфир 
– 
өміршеңдігіңізді, еске сақтау қабілетін және сезімталдығыңыз бен өреңізді (интеллект) 
арттырады. 
 
61. Найманның тажалы 
 
 
«Жасы  үлкендермен  сұқбаттасып,  ғұламалардан  ақыл  сұрап,  дәрігерлермен  араласып 
тұрыңдар».      Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
 
Науалы тұрғыны Нұртаза Абылханұлы ақсақал арғы ғасырдың барлық қилы замандарын 
бсынан өткізген, ұзақ тарих кешкен кемеңгер, қарадан хан болған дегендей, арғы аталары 
артықша  туған  жандар  болатын.  Сондай  асыл  нәсілдің  соңғы  көзі  Абылханов  Нұртаза 
ақсақал бейнелеп айтқанда: ана тілдің академигі, әңгіменің Әуезові еді. 
Нұртаза ақсақал 86 жасында өмірден өтті, соңғы кезге дейін тамақты жақсы ішті. 
Өмір  бойы  жылқының  етін  айтпағанда,  қазы-қартасы  мен  қымызы  бір  күн  де  алдынан 
кетіп көрген жоқ. Марқұм, дене қимылы ширақ өте еңбоққор, шежіре, оқымаса да санасы 

 
58 
өте  жоғары,  ғұлама  шешен,  сөзге  жүйрік,  көкірегі  ашық,  көрген-түйгені  мол,  өткен 
ғасырдағы қазақ билерінің асыл сынықтарының бірі еді. 
Соңғы  жылдары  ғана  майлы,  тұзды  тамақтарды  көп  жегендіктен  аяғынан  жөнді 
баса алмай, қимылы баяулап, шау тартып қалды. Бұл кісінің тағы бір кереметі, неше түрлі 
қисса-дастандарды  мүдірмей  жатқа  соға  беретін  және  де  әңгіме  айқанда  майын 
тамызытып,  тыңдаған  адам  өзін  бейнетаспа  көріп,  оқиғаның  ішінде  өзі  бірге  араласып 
жүргендей  әсер  алушы  еді.  Тағы  бір  ерекшелігі,  айтқан  әңгімесін  қайта  айтқызссаңыз 
бейне  үн  таспаға  жазып  алғандай  үтір,  нүктесіне  дейін  өзгеріссіз  сол  қалында  қайталап 
айтып  беруші  еді,  жарықтық.  Егер  тамақ  мәзірін  дұрыс  сақтап  ішкенде  100  –  120  жыл 
ғұмырды жасар еді! 
Нұртаза ақсақал сөзiн былай бастады: «1952 жылы Қытайдағы Дөрбiжiн қаласында 
5...6  саудагер  бiрiгiп  семiз  қой  сойғызып,  май  жеп  жарысатынбыз.  Майды  шайнамай 
жұтуды үйрендiк. Сол кезде өзiмнiң ұн тартатын екi меншiк диiрменiм болды, ал Ертiстiң 
бойында  Керейлер  жалпы  астық  екпейтiн  халық,  апталап  жатып  менен  ұн  сатып  алады. 
Сол жылы жұмыстарым да болып, оның үстiне: «Нүке! Келiп қонақ болып қайтыңыз», – 
дегеннен кейiн Ертiстiң бойымен Алтайға қарай құлдап жүрiп кеттiм. 
Қыс  кезi,  күн  еңкейiп  қалған,  шыңылтыр  аяз,  ымырт  жабыла  Исатолла  деген  бiр 
Керей бар едi, әлгiнiң үйiне келдiм. Менi көрiп: «Ой, Нүкең кеп қапты ғой! » – деп бәрi 
жiк-жаппар  болды.  Менi  аттан  түсiрiп  алып  үйге  кiргiздi.  Сол  кезде  Керейде  көп  нан 
болмайды,   тары жейдi. Ол кезде қазақ келген бетте жөн сұраспайды, үйдiң иесi малдарын 
жөндеп далада жүр. 
Үйге  келiп  төрде  отырғанымда,  әйелi  үлкен  ағаш  шары  аяқпен  толтырып 
бықтырып,  бүктiрiп  тары  алып  келдi.  Аш  келген  адам  әлгiнi  соғып  алдым.  Бiр  уақытта 
үйдiң  иесi  мен  әйелi  күбiрлесiп  жүр,  олардың  тошаласы  үймен  қатар  болады.  Тошала 
деген ет сақтайтын жер. 
 
Әйелiне ет салып жатқан кезде: «ағарған жағынан», – деп айтты. «Ә, ағарғаны не 
салады екен, жаңағы тарыны бекер-ақ жеппiн» – деп ойладым. Етiн салды, әңгiмелестiк, 
уақыт өттi. Олар негiзiнде екi-үш үйден ғана отырады, бiраздан кейiн көршiсi келдi, сәлем 
бердi.  Бәрi  менi  таниды,  мен  олардың  көпшiлiгiн  танымаймын.  Әйелi  ет  түсiрiп,  үлкен 
астаумен бiрақ әкелдi, оларда жайма салу деген болмайды. 
Қарасам,  әйелi  де  бiр  мың  болғыр  адам  екен,  ағарған  жағы  дегендi  өте  дұрыс 
түсiнiптi,  ылғи  аппақ  май,  анда-  санда  ғана  бiр  қаракесек  ет,  бүкiл  бiр  құйрықты 
ұшасымен бiрге салған сияқты. «Әке-ау, қалай болар екен» – деп бiр ойладым да, үй иесi, 
көршiсi үшеумiз үш жақтап турадық. Қолға бiр қара iлiнбейдi, үлкен қырма табаққа турап 
жатырмыз, турап жатырмыз әйтеуiр бiр уақытта турап бiттiк. «Ал ендi жеңдер», – десем, 
әлгiлер  «Нүке!  Сiз  жеңiз»,  –  деп  табақты  маған  қарай  итерiп  қояды.  «А,  Найман  шал! 
Әруағынан  айналайын,  менi  қолдай  көр!  Керейлердiң  алдында  ұятқа  қалдыра  көрме»,  – 
деп өзiмдi-өзiм бекiтiп алдым. 
Егер Қаракерей, Байыс, Тума деп жатса түк емес қой, бұлар Найман деп сөйлейдi 
ғой.  «Кеудесiне  нан  пiскен  жаман  Найман,  табағымыздың  шетiн  оя  алмай  кеттi»,  –  деп 

 
59 
айтады.  Ол  кезде  Найман  мен  Керей  арасында  iштей  бiр  тартыс  бар,  Керей  негiзi  тау 
халқы,  тары  ғана  егедi.  Олай  болса  деп,  ет  түсер  түспестен  кiрiсiп  кеттiм.  Бұрынғы 
үйренген  әдiске  салып  майды  жұта  бердiм,  жұтып  жатырмын,  жұтып  жатырмын,  бiр 
майдың да дәмiн татқан жоқпын. 
 
Кеңiрдегiме  кеп  қалған  уақытта  қозғалақтап  қоямын,  табақтың  жартысынан  аса 
табақты  өздерiне  қарай  итердiм,  қаракесек  ет  жеген  жоқпын.   Үй  иесi  мен  көршiсi  мен 
тоймай табаққа қол салатын түрлерi жоқ, сүйек мүжiп өздерiмен, өздерi отыр. Әлгiлерге 
ызам да келiп отыр, не болса да тағы да қозғалақтап қойып қайта кiрiстiм. Табақ бiтуге аз 
қалғанда,  май  өңемiше  тұрып  қалды.  Әлгiлердi  әңгiмеге  айландырған  боп,  табақтағы 
майды  түгел  бiтiрдiм.  Қарасам  екi  шеңгел  қаракесек  ет  қалыпты,  не  болса  да  деп  бiр 
шеңгелiн аузыма тастап жiбердiм. Қаракесектi шайнап жеу керек, жүрегiм лоқсыңқырап 
әлгiлерге  сездiрмей  үш  қылқынып  барып  әрең  жұттым.  Қалған  бiр  шеңгел  ет,  ендi  мен 
үшiн уайым болды. 
Ендi  не  iстеймiн  деп  отырғанда  ойыма  бiрдеме  сақ  ете  түстi:  «мына  Найман  аш 
келген бе деп, мына құдағилар сөгер, мынаны құдағилар жесiн», – деп табақты ары қарай 
итере салдым. Әйелi де ана жақтан қарап отыр екен, келдi де табақты iлiп ала жөнелдi. 
Керейлер  әйелдерiнен  бөлек  отырады  екен.  Сонымен  сүйек  мүжiп  отырған  үй  иесi  мен 
көршiсi аш қалды, өздерiнен өздерi көрсiн дедiм. Шәй, сорпа келдi, бiр тегене құрт әкелдi 
езiп, осы құртты iшiп алдым. 
 
Бiр  уақытта  жатар  алдында  денем  өзiнен-өзi  қызып  дуылдай  бастады.  Кешке 
жақын Ертiстi бойлап келе жатқанда су алатын ойықтарын көргенмiн, атты қараған болып 
жаңағы ойыққа барып, бетiндегi қаймақ мұзды қағып тастап басымды салдым. Қаңтардың 
аязындағы  мұзды  суды  басым  мүлде  сезбейдi,  басымды  екi  үш  қабат  малып  алдым. 
Басымды шүберек белбеумен сүртiп, құрғатып түк болмағандай болып үйге келiп жатып 
қалдым. 
Бағана «ағарған жағы» дегенде арты қалай болар екен деп, таңертең ерте кетемiн, 
ақша  аударуым  керек  деп  құлағына  құя  бергенмiн.  Маған  не  болса  да  ерте  кету  керек. 
Ағарғанның арт жағы қиын болатынын өзiм сезгенмiн, әйтпесе бiр-екi күн жатайын деп 
келгенмiн.  Содан  жаттым,  не  ұйықтап,  не  қойғанымды  бiлмеймiн,  дөңбекшiдiм.  Таңға 
жақын көзiм iлiнгендей болды. Таң алаң елеңде тұрып едiм, әйелi де сақ екен, мен өйтiп-
бүйтiп  далаға  шығып  жуынғанымша  бiр  шәугiм  шәйiн  қайнатып  қойыпты.  Бiр  шәугiм 
шәйдi аузымның күйер-күйгенiне қарамай iшiп алып атқа қондым. 
 
Атқа  ендi  мiне  берейiн  деген  кезде  кешегi  көршiсi  сап  ете  түстi.  «Ойбай,  Нүке! 
Кететiн боп қалдың ба? Сiздi бiр-екi, үш күн жатады деп ойлап едiк», «мен жатайын-ақ 
деп едiм, жатқызбасың жатқызбай бара жатыр», – дедiм, бiрақ ол оны түсiнген жоқ. «Сiз 
ерте  кетедi  дегеннен  кейiн  бiр  қуырдақ  қуыртып  қойып  едiк»,  –  дедi.  Аттап  өтуге 
болмайды, ерiксiз үзеңгiден аяғымды алып үйiне кiрдiм. Үйiне кiрiп едiм, сиырдың ашты 
қуырдағы екен, екi-үш қарбытып жеп жiберiп, екi-үш кесе шәйiн iшiп алып атқа қондым.  
Күн  шықпай  шығып  кеттiм,  еңкейсем  болды  май  жетiп  келедi,  әлi  өңешiмде  тұр, 
шалқайыңқырап қойып жүремiн. 

 
60 
Қаңтардың аязы, денем өзiнен өзi қызып аязды елейтiн емеспiн. Қалың үлкен iшiгiм 
бар едi, оны бөктерiп алдым. Жұқа iшiгiмдi ғана киiп, тымақтың құлағын көтерiп байлап 
алып жолмен келе жатырмын. Керейлер жарты не бiр шақырым жерде жол бойлай екi-үш 
үйден  отырады.  Жол  Ертiстi  бойлап  жүредi.  Көрген  адамдар  бiр-бiрiне  айқайлайды: 
«Қараңдар ананы, Иса келе жатыр! Иса келе жатыр! », – Онысы Иса пайғамбар дегенi, Иса 
аязда жеңiл киiммен жүре бередi деп естiгендерi бар шығар. Ендi бiреулерi, есi дұрыс емес 
деп  күлсе,  көпшiлiгi  мына  аязда  қалай  жүр  деп,  аң-таң  қалады.  Мен  өз  қайғыммен 
өзiммен-өзiммiн.  Алтай  жерiнiң  Ертiс  бойында  қаңтардағы  аязы  45...50  градустен  кем 
болмайды. Күнi бойы жүрiп, түс ауған кезде өңешiме жетiп келетiнiн қойды. Күн еңкейген 
кезде өзiме-өзiм келiңкiредiм. 
Құмық деген сыралғы, өзiммен құрдас досым бар едi, әлгiнiң үйiне қарай тарттым, 
не де болса соның үйiне соғайын, өлсем осында өлейiн деп.  Аттан теңселiп түстiм, Құмық 
менi көре сап: «Ой, Нүке кеп қалдыңыз ба? », – деп әлгi жерде жiк-жаппар болды. Атты 
байлап, әйелiне: »Тамақ сал», – дей бергенде қолынан шап бердiм. «Мен өзiм жол соқты 
ма,  тамақтан  ұшындым  ба,  тамақ  деген  сөздi  айтпаңдар»,  –  деп,  ет  деген  сөздi  естiсем 
жүрегiм айныйды. «Мен түкте iшпеймiн», – деп сұлқ барып жаттым. Олар: «қиын болды-
ау  қонақтың  аурып  келгенi»,  «ендi  осылай  болып  тұр,  қатты  ауырып  тұрмын,  тамақ 
туралы сөз айтпаңдар, қара шәй iшем де жатамын». 
Содан тұра алмай екi күн жаттым. Екiншi күнi күн еңкейе Құмық аттан түсiп жатып 
күлдi:  «Ой,  Нүке!  Сiздiң  ауруыңыздың  хабары  келдi,  Исатолла  хат  жазып  жiберiптi. 
Ертiстi  бойлап  Найманның  тажалы  кетiп  бара  жатыр,  сақтансын,  ұятқа  қалмасын!  ». 
Исатолла бiраз көтерiңкiреп жазыпты, бiр еркек қойды түгел жеп кеттi деп. Құмық досым 
күледi: «Биыл соғымымыз арық едi, ендi ұят болды не iстеймiз? ». «Ой соғымың да бар 
болсын, өзiң де бар бол, үндеме», – дедiм. Сол үйде 4...5 күн жаттым, 3-шi, 4-шi күнi ғана 
кiшкене-кiшкене бiр жапырақ, екi жапырақ қаракесек жеуге шамам келдi. Әбдән тынығып 
болғаннан кейiн ғана осы үйден қозғалдым. Содан берi май жеуден қалдым... 
 
62. Сiз ашығуға дайынсыз ба? 
 
 
«Адам  денесi  физика,  химия  заңдарына  сәйкестендiрiлiп  жасалған.  Олар  ешуақытта 
өзгермейдi.  Бұл  заңдар  әрбiр  жүйкеге,  әрбiр  талшыққа,  әрбiр  мүшеге  жазылған.  Бұл 
заңдар  жасаушаларды,  талшықтарды,  мүшелердi  басқарады  және  әрқайсысына 
мiндеттерiн  бөлiп  берген.  Бұл  заңдар  бүкiл  дененi  аралайтын  жүйке  жүйесi  арқылы 
әрекет  етедi,  жүйке  жиiлiгiн  тудыратын  және  санаға  тiкелей  бағынбайтын  талшық 
жүйке  жүйесi  арқылы  да  заңдарды  iске  асырады».          Хенри  У.  Волммер,  медицина 
докторы 
 
 
Егер  сiз  ешқандай  шүбәланбай,  ашығудың  маған  пайдасы  бар  десеңiз,  онда 
дайынсыз.  Есiңiзде  болсын,  санаңызда,  ойыңызда  –  ашығам  деген  мақсат  ұяласа,  онда 
нәтиже  болады.  Сiз  осылай,  әр  жасаушаңызды  (клетка)  –  ашығу  жақсы  жағдайға 
әкелетiнiне  өте  сенiмдiмiн  деп  иландырасыз.  Осы  жағдайда,  сiздiң  жасаушаңыз, 
бұйырығыңызды қабылдауға дайын болады. 

 
61 
     
Ашығуды  24  сағат  таза  сумен  бастаңыз.  Осы  бiр  тәулiк  iшiнде,  таза  судан  басқа 
аузыңызға нәр салмаңыз. Егер осы уақыт iшiнде жемiс жеп қойсаңыз, бұл ашығу емес – 
жемiс диетасы ғана болады және осы кезеңде жемiс-жидек шырынын iшiп қойсаңыз, бұл 
да ашығу емес. 
Менiң айтайын дегенiм, ашығу кезеңiнде асқазаныңызда таза судан басқа ештеңе болуға 
тиiс  емес.  Сiз  түскi  астан,  келесi  күнгi  түскi  асқа  дейiн,  немесе  кешкi  тамақтан  ертеңгi 
кешкi  тамаққа  дейiн  24  сағат  бойы  тамақтан  тиылуыңыз  керек.  Егер  сiз  кофе,  шәй, 
iшiмдiк,  сыра  iшуге  дағдыланып,  осылырды  ұрттап  қойсаңыз  жайсыз  жағдайға  тап 
боласыз, атап айтқанда – басыңыз ауырады. 
      
Есiңiзде болсын, ашығу – қоздырғыштарды қолданатын жаман әдеттерiңiзден арылуға 
көмектеседi, таза сумен 24 сағат ашыққанда, шығару мүшелерi арқылы ағза улы заттардың 
ескi  қалдықтарынан  құтыла  бастайды.  24  сағаттық  ашығу  кезiнде,  адамдар  өздерiнiң 
күнделiктi  тiршiлiктерiн  жалғастыра  бередi,  кейде  асқазаны  аздап  қана  мазасызданады. 
Егер санаңыз тәнiңiздi билесе, бәрi ойдағыдай болады. Асқазанды бастағы ми билеу керек, 
керiсiнше емес! 
 
63. Оразаны дұрыс тұтайық ағайын! 
 
Дене менен жан – анау, көңiл – мынау, 
                       
Қайсысына билеттiң байғұсым-ау? 
                       
Ең түбiнде – өзiң кiм, сенiкi – кiм? 
                       
Досың қайсы, өзiңе қайсысы жау?           Шәкәрiм 
 
 – 
Қазiр бiз оразаны тұтқанда қандай қателiктер жiберемiз? 
 – 
Қазiргi  уақытта  бiздiң  кейбiр  қандастарымыз  оразаны,  рухани  қараңғылықтың, 
надандықтың  салдарынан:  даңғазалыққа,  бәсекеге  айналдырып  жiберген  сияқты.  Кешке 
ауыз  аштырамыз  деген  сылтаумен  бiрiн-бiрi  қонаққа  шақырып,  көл-көсiр  дастархан 
жайылып, неше түрлi ауыр және өлi тағамдар желiнедi. Бiздiң қазекең «ет десе бет бар ма? 
», – 
деп, алдына келген тамақты мөлшерсiз соға бередi, нәтижесiнде басым көпшiлiгi ораза 
айында, жәй айларда жемейтiн тамағын жеп, бейне ашаршылықтан келгендей болады. 
Осылай  күнделiктi  кешкiлiк  ыңқия  тамақ  жеудiң,  ол  тамақ  толық  қортылмай 
жатып,  тағы  да  таңғы  сағат  4-те  тұрып  тамақ  iшуде  не  мағына  бар,  несi  ораза,  ауыз 
бекiткенiнiң мағынасы неде? Онымен қоймай: «Ауызды уақытылы ашпаса обал болады» 
деген  өздерiнiң  қомағайлығы  мен  мешкейлiгiн  ақтайтын  қағида  шығарып  алғанына  не 
дерсiз? ! Адам баласы оразаны тамақ iшiп-жеудi шектеп, аз-аздап қана iшiп денсаулығын 
жақсартумен қоса, жаны мен рухын тазалау ниетiнде ұстауға тиiс қой. Жоқ, бiздiң кейбiр 
қандастарымызда бәрi керiсiнше, оразадан алатын пайдасынан, шегетiн зияны көп сияқты. 
 
64. Ашығу кезiнде iшектiң жұмысына алаңдамаңыз 
 
 
«Әркiм ұзақ өмiр сүрiп, бiрақ қарт болмауы керек».  Американ мақалы 
 

 
62 
 
3...10  тәулiк  ашыққан  адамдарды,  көбiнесе  iшегiнiң  жұмыс  iстеуi  алаңдатады.  Шегелеп 
айтайық:  бұл  жөнiнен  мазасызданбауыңызға  болады.  Ашығу  аяқталғаннан  кейiн  iшек 
өзiнiң қалыпты жұмысын жалғастыра бередi. Бiз ашығу кезеңiнде қойылатын клизмаға, iш 
босатуға  сенбеймiн.  Клизма  –  табиғатқа  қарама  қайшы,  табиғатты  зорлаудың  қандай 
түрiне болмасын мен сенбеймiн, қарсымын. Осының iш өткiзетiн дәрiлерге де қатысы бар. 
Iшектiң  өзiнiң  санитарлық  және  залалсыздандыратын  құралы  бар,  iшекте  қалған  тамақ, 
ашығу  аяқталғанша  бейтараптандырылады.  Табиғаттың  табиғи  жұмыс  жасауына  бөгет 
жасамасақ, оның шығару жүйесiнде мiн жоқ. 
     
Ашығуды  аяқтағаннан  кейiн,  қоймалжаңдығы  мен  ылғалдылығының  көлемi 
теңестiрiлген  тамақ  iшесiз,  тамағыңыздың  тең  жартысы  табиғи  салат,  көкенiстерден 
болғандықтан, сiздiң iшегiңiз бұрынғыдан да табиғи қалыпта жұмыс жасай бастайды. Ет 
пен  балықты  аптасына  3  қабаттан  артық  жемеңiз.  Белоктың  қажеттiлiгiн  жаңғақ,  дән, 
жемiстер қанағаттандырады. Жейтiн наныңызды, крахмал тез сiңетiн қантқа айланғанша 
кептiрiп жеңiз. Ашығудан кейiн бидай тұқымын бөртiрiп, өсiрiп жеңiз, өте пайдалы. 
 
65. Нелiктен таза қайнаған ыстық суға бал мен лимон қосып iшемiн 
 
 
70.  Сенiң  (Пайғамбарымыз  Мұхаммед  с.ғ.с.-ға  арнап  айтылған  сөз)  Жаратушың 
араларға  рухани  күш  бердi;  «Адамдар  мекендейтiн  маңындағы  тауларға,  ағаштарға  өз 
ұяларыңды  салыңдар:  71.  Өздерiңнiң  Жаратушыларыңның  ыңғайлы  жолымен  ұшыңдар, 
әр түрлi жемiстермен тамақтаныңдар! ». Олардың асқазандарынан түрлi-түстi сұйық 
шығады: адамдардың  дертiнiң емi осы: бұл ойлы пенделерге Алла тағаланың ишарасы. 
 
 
КОРАНЬ.  Перевод  сь  арабского  языка.  Г.  С.  Саблукова.  Третье  изданiе.  Казань. 
Центральная  Типографiя.  1907  г.  Глава  (16)  пчелы,  стр.  501,  стихъ  70,  71.      (аударған: 
Әсет Мұқашбеков) 
 
Менiң  алдындағы  бiр  ұзақ  ашығуымда  үлкен  дәретiм  23  тәулiктен  кейiн  бiрақ 
келдi,  iшiм  қатып  қалды,  онда  тек  таза  суық  сумен  ғана  ашыққанмын.  Бiздiң 
ашығуымыздағы басты мақсатымыз: iшектегi, өкпедегi, өттегi, бауырдағы, бүйректегi т.б. 
мүшелердегi  тастан,  удан,  кiр-қоқыстан  арылу  ғой.  Қазiр  бал   мен  лимон  қосқан  ыстық 
судың арқасында, бұрын бiр ай жүретiн жолымды, қазiр екi аптада жүрiп өтемiн. 
Осы  бал,  лимон  қосқан  ыстық  судың  әсерiнен  үлкен  дәретiм  не  күнде,  не  күн 
аралатып келiп iшегiм т.б мүшелерiм толықтай тазаланып, қоқыстар мен қалдықтарды бал 
ерiтiп, ыстық су жуып, жарты ғасырдан астам  қатып, шөгiп қалған жуындыларды далаға 
төгуде, менiң тапқан саумалым қазiр осы боп тұр. Қарны ашып  шыдамайтын адамдарға 
берер  кеңесiм,  бал  бiр  жағы  қорек,  екiншi  жағы  ем,  бұл  Құранда  да  жазылған.  Ал 
лимондағы С витаминi (аскорбин қышқылы) адамға қуат бередi. 
Бұл  менiң  ашығу  iлiмiне  қосқан  үлкен  жаңалығым  деп  бiлемiн.  Және  осының 
жауабын қасиеттi Құран кiтабынан таптым. Менiң тәндiк, жандық, руханилық тазаланып 
жатқанымды  Жаратушы  қолдап,  осы  1907  жылы  Саблукованың  Қазан  қаласында 
басылған  Құранның  орысша  аудармасының  501  бетiндегi  «Аралар»  сүресiнiң  70  –  71 
аяттарын маған ашты ма деп ойлаймын. 

 
63 
Мен  нелiктен  таза  қайнаған  ыстық  суға  бал  мен  лимон  қосып  iшетiнiмнiң  мән 
жайына  тоқтала  кетейiн.  Таза  су:  бұл  аш  –  екi  –  о.  Осы  формуланың  бiлдiретiнi,  судың 
құрамында сутегiнiң екi, оттегiнiң бiр бөлiгi бар. Егер жауын немесе қардың суын iшсең, 
оның  құрамында  минералдарды  заттар  жоқ,  осы  және  буланған  су  (дистилированный) 
минералдардан  100  пайыз  таза.  Бұларды  жұмсақ  су  дейдi.  Қатты  суда  минералдар  көп, 
шашыңды  осы  сумен  жусаң  қатып  қалады,  терiлерiң  кеберсiп  кетедi,  ал  жұмсақ  сумен 
жусаң  керiсiнше.  Құранда  айтылғандай  аралардың  асқазандарынан  шыққан  түрлi,  түстi 
сұйық – «адамдардың дертiнiң емi осы». Бұл ойлы пенделерге Алла тағаланың ишарасы. 
Менiң таза қайнаған ыстық суға бал мен лимон қосып iшуiмнiң мәнi осында жатыр. 
Ыстық су мен бал адамның iшiнде толып жатқан қалдықтардың ерiткiшi. Егер суық таза 
су  iше  берсең  iшiң  қатып  қалуы  мүмкiн.  Менiң  өз  басымда,  алдыңғы  ашығуларымның 
бiрiнде  осындай  жағдай  болған.  Балдың  тағы  бiр  қасиетi  бүйрегiңдегi,  бауырыңдағы, 
өтiңдегi тастарды ыстық сумен қосып iшкенде ерiтiп жiбередi, не ағзадан қуып шығады. 
Тастар үлкен дәретiң арқылы шығады. 
Сондай-ақ, қан тамырларыңның iшiндегi өсiп кеткен арам еттерден де тазалайды. 
Адам  тамақ  iшпеген  уақытта,  ағзаның  ең  бiрiншi  қорегi  тұзды  жеу,  сонан  соң  өкпедегi, 
бас,  құлақ  қуыстарындағы  маңқа  мен  шырышты,  құлықты  бiртiндеп  қан  тамырында 
бiтелiп  тұрып  қалған  минералдар,  бауыр,  бүйрек,  өттегi  тастармен  қоректенiп,  соңынан 
қан тамырында өсiп кеткен өлi етке тиседi. Ашығу барысында, ағза өстiп өзiн-өзi тазалай 
бастайды, ашығудың мән жайы мен құпиясы да осында жатыр. 
Менiң  неге  ұзақ  ашығуға  баратыным  оқырмандарға  ендi  түсiнiктi  болған  шығар 
деймiн. Егер де ұзақ ашығуға шыдамасаңыз аптасына үзбей 24...36 сағаттық ашығу мен 
анда санда 3...7 тәулiк ашығуда жақсы нәтиже бередi. Ашыққан сайын жеңiлдей бересiң, 
өзiңдi  күннен  күнге  жақсы  сезiнiп,  өмiрге  деген  құлшынысың  арта  түседi.  Егер 
сыңғырлаған  денсаулыққа,  шат  шадыман  өмiрге,  ұзақ  ғұмырға  қолыңды  жеткiзгiң  келсе 
жиi-жиi ашық, қайта-қайта қайталап толық тазарғаныңша тағы ашық, бiлмейтiн көкiрегi 
соқыр надандардың сөздерiн тыңдама, бiреу үшiн бiреу тамақ iшпейдi, өмiр сүрмейдi! 
Ескерту: Сусамыр – қант диабетiмен ауырсаңыз ыстық суға бал қоспай iшiңiз. Қан 
құрамындағы қант мөлшерi көтерiлiп кетедi. Тек таза ыстық су ғана iшiңiз! 
 
Менiң  өзiмнiң  осы  11  жыл  ашығудағы  тәжiрибемнiң  түйiнi:  Бiз  қуатты  тамақ 
iшкеннiң арқасында өте шыдамды халықпыз, осыған күресiп жүрген палуандарымыз бен 
боксерларымыз  дәлел.  Басқа  халықты  бiлмеймiн,  бiздiң  қазекең  ұзақ  ашығуды  ойнап 
өткiзедi, бiздiң ағзамыз осыған дайын. Айт-айтпаңыз, бiз әлi күнге дейiн, әсiресе ауылды 
жерлерде,  табиғаттан  қол  үзе  қойған  жоқпыз,  етене  жақын,  табиғаттың  төл  баласы 
сияқтымыз. Осыны Жаратушының бiздiң ұлтымызға берген сиы деп, мәпелей, қастерлей, 
аялап  сақтай  бiлуiмiз:  бiздiң  адамдық  та,  азаматтық  та  парызымыз,  борышымыз, 
мiндетiмiз.  Алла  Тағала  осындай  кең  байтақ  даланы,  асқар  тауларды,  орман-көлдердi, 
асты-үстi қазына байлықты бiздiң ұлтқа тегiн бермеген, бұнда бiр тылсым заңдылық бар. 
Бiз Жаратушының шарапаты тиiп, Алланың нұры жауған халықпыз! 
  

 
64 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет