Жасару құпиясы. Ауру



Pdf көрінісі
бет9/18
Дата01.02.2017
өлшемі1,05 Mb.
#3171
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

66. Клизма қойған дұрыс па? 
 
«Дене  жұмыстарының  жалпы  әдiсiн  меңгергенде  ғана...  сол  әдiстердi  бiздiң 
барлық әрекеттерiмiзге қолдана бiлгенде ғана дене тәрбиесiнiң болуы мүмкiн».      
         
П.Ф.Лесгафт 
 
 
Көптеген емшiлер мен дәрiгерлер бас салып клизма қойып жатады, ал менiң өз басым осы 
10 жылдық жеке ашығу тәжiрибемде клизманы қойып көрген пенде емеспiн, қан улануым, 
өздiгiмнен улануым ашыққан кезде мүлдем болмайды, осының себебi неде? 
 
Толықтай  жауап  берейiн,  менiң  жауабым  кейбiр  дәрiгер  мен  емшiлердiң 
наразылығын  тудыруы  да  мүмкiн,  бiрақта  «қазаншының  өз  еркi  қайдан  құлақ  шығарса» 
демеушi емес пе едi, ал тыңдаңыз. 
            
3...10  тәулiк  ашыққан  адамдарды,  көбiнесе  iшегiнiң  жұмыс  iстеуi  алаңдатады. 
Шегелеп айтайық: бұл жөнiнен мазасызданбауыңызға болады. Ашығу аяқталғаннан кейiн 
iшек  өзiнiң  қалыпты  жұмысын  жалғастыра  бередi.  Бiз  ашығу  кезеңiнде  қойылатын 
клизмаға, iш босатуға сенбеймiз. Клизма: табиғатқа қарама-қайшы, табиғатты зорлаудың 
қандай түрiне болмасын сенбеймiз, қарсымыз. Осының iш өткiзетiн дәрiлерге де қатысы 
бар.  Iшектiң  өзiнiң  санитарлық  және  залалсыздандыратын  құралы  бар,  iшекте  қалған 
тамақ,  ашығу  аяқталғанша  бейтараптандырылады.  Табиғаттың  табиғи  жұмыс  жасауына 
бөгет жасамасақ, оның шығару жүйесiнде мiн жоқ. 
 
67. Кәрiлiк деген ауру бола ма? 
 
 
«Бiр  жағынан  қуану,  екiншi  жағынан  қорқу  үшiн:  ата-анаңның  жасын  жадыңнан 
шығармай жүр». Кун-Фу-Цзы 
 
 
Кәрiлiктiң  ауруы  болмайды.  Сiздi  өлтiретiн  нәрсе  ғана  бар.  Бұл  белгiлi  бiр  ауру. 
Бiрақта, бала күнiңнен дұрыс тамақтансаң, аптасына бiр, жылына он күннен бiрнеше 
қабат ашықсаң, өлiмге ұшырататын аурумен аурмауға мүмкiншiлiгiңiз бар. Денсаулық 
туралы анық бiлгiңiз келсе, жан жағыңызға назар аударыңызшы. Қанша жүздеген мың 
Қазақстандықтар  елiмiздiң  шығыс  пен  батысына  шашырай  орналасқан  емханаларда 
жатыр.  Мыңдаған  дәрiгерлер  мен  медбикелер  осы  өмiрден  күдер  үзген  ауруларды 
емдеуге жанталасуда. 
  
68. Әсет Ризаұлының 104 жасаған Саңқайбай атасының әңгiмесi 
 
 
«Ағайын  туысқандарыңды  жақсы  бiлiңдер,  туысқандарыңызбен  қарым  қатынасыңыз 
жақсы  болсын.  Өзi  жақын  тұрғанымен  мейiрiмi  болмаса,  оның  жақындығынан  пайда 
жоқ.  Өзi  ұзақ  болғанымен  бiр-бiрiне  мейiрiмi  жақсы  болса,  онда  ұзақтықтың  зияны 
жоқ».         Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
  
Менiң Мұқашбек атамның әкесi Бейбарыс-Жолбарыс бабам он ағайынды болыпты. Арғы 
бабаларымыз:  Найман,  Төрт  Төлегетайдың  iшiнде:  Қаракерей,  Байыс,  Тума,  Ақша, 
Қарабас,  Қожакелдi,  Көкi,  Қылқабай,  ал  Қылқабайұлы  Босқынбай  бабамыздан   он 

 
65 
ағайынды  ұл:  Жолбарыс,  Аблан,  Қабылан,  Есiм,  Нысанбай,  Өмiр,  Естемес,  Отаршы, 
Малшы, Қасен болған екен. 
         
Солардың  төртеуiнiң  ұрпақтары  бармыз.  Сол  ұрпақтарының  бiреуi  менiң  атам 
Жолбарысұлы Мұқашбектiң бауыры, Есiмұлы Саңқайбай атаны 100 жасында Науалыда, 
бiр бауырымыз Мақышұлы Солтансейiттiң жаназасында кездестiрдiм. Саңқайбай ата 104 
жасында  Аякөзде  үлкен  баласының  қолында  бiраз  ғана  сырқаттанып  жатып  көз  жұмды. 
Туған әпкесi Захария әже 107 жасқа келгенше тыным таппай үй шаруасын iстеп, ауырмай-
сырқамай  Науалыды  көз  жұмды.  Захария  әжейдiң  ұлы  Данабек  ақсақал  100-ге  келiп 
дүниеден  өттi.  Осы  аталып  өткен  адамдарға  тән  ортақ  қасиет  –  бәрi  де  тамақты  тарта 
iшетiн  және  кешке  жатар  алдында  мүлдем  тамақ  iшпейтiн.  Сондай-ақ  тынымсыз,  бiр 
орында отыра алмайтын жұмыскер адамдар болатын. 
Саңқайбай атамыздың аққұба өңi аса шырайлы, бойы екi метрге жете қабыл, қақпақ 
жауырынды,  батыр  тұлғалы,  денесi  тiп-тiк,  жүрiсi  серiппелi,  әскери  адамдардiкi  сияқты 
аршынды  екен.  Аузындағы  тiсi  түгелдей  бүтiн,  қимылы  жас  жiгiттердiкi  сияқты  ширақ, 
көз  жанары  өткiр,  құлағы  сақ.  Түрi  жетпiске  ендi  ғана  толған  адам  сияқты.  Мен  барып 
танысып өзiмнiң Жолбарысұлы Мұқашбектiң немересi екенiмдi айттым, осы ашығу iлiмiн 
ендi бастап жүрген кезiм. «Ә, мен сенiң атаңды, өзiмнiң ағам Мұқашбектi жақсы бiлемiн, 
1937  жылы  нахақтан  ұсталып,  атылып  кеттi-ау,  есiл  ер!  Оның  бар  жазығы  молда 
болып Құдайға сенгендiгi мен ауқатты жеке шаруа жер иесi және көзi мен көкiрегi ашық 
болғандығында  ғана  болды  ғой.  Қайта  жақсы,  ағайымның  көзi  Ризадан  сендер  өсiп 
жетiлiпсiңдер,  бұғанда  шүкiр»,  –  деп  менi  бiр  желпiнтiп  алды.  Сонан  кейiн  өзiнен  кәрi 
көрiнетiн бiр шалды әкеп менiмен таныстырды:  «Әсет, танысып қой Құрман деген ағаң 
болады, менiң 78 жастағы екiншi балам», – дегенде, жас шалдың өзiнен 10-15 жас үлкен 
шалды  ұлым  деуi  маған  бiртүрлi  ерсiлеу  күлкiлi  сияқты,  күлейiн  десем  екi  шалдан  ұят, 
күлмейiн десем бұрын-соңды мұндайды естiп көрмеген басым, күлкi қысып әкетiп барады. 
Қыстығып, қымқырылып күлкiмдi әзер дегенде тежедiм. 
Ол  кiсiнiң  тағы  бiр  ерекшелiгi  аузына  келген  сөздi,  ойды  мәймөңкелемей  тура 
айтады  екен.  Осы  жаназада  ауылдың  ақсақалдарының  iшiнде  «аяқтыға  жол,  ауыздыға 
сөз»,  төрден  орын  бермейтiн  дегендей  балапан  шалдардың  iшiнде  шоқтықтары  биiк, 
жастары  80-нiң  о  жақ,  бұ  жағындағы  Есетай,  Нұртаза,  Төлеген  т.б.  ауылдың  қадiрмендi 
кәриялары  отырған. Саңқайбай ата: «Әй балалар, немене бос сөйлеп отырсыңдар», – деп 
саңқылдаған даусымен бiр тисiп өттi. Ана шалдар жасын силағандiкi ме бiлмеймiн, бәрi де 
таяқтарымен  жер  шұқылап,  молданың  алдындағы  шәкiртке  ұқсап,  төмен  қарап 
бұқпантайлап  үндемей  отыра  бердi.   Өзiнен  кәрi,  таяққа  сүйенiп  орнынан  әзер  тұрып-
отыратын,  аяқ  қолдары  селкiлдеп  берекесi  кетiп  жүрген  өлмелi  ақсақалдарды  өздерiнен 
жап-жас адамның «бала» деп айтқанына ендi күлмеске шарам қалмады. 
Былайырақ  шығып  өзiме-өзiм  келгеннен  кейiн:  «Ата,  сiз  осы  денсаулыққа  қалай 
жеттiңiз,  осының  құпиясы  неде?  »,  –  деген  сұрақ  қойдым.  Менiң  екi  жұдырығым  бiр 
уысына  сиып  кететiндей,  етi  қашпаған  күректей  алақанының  салалы  саусақтарымен 
сақалын  сипап  тұрып:  «Бiз  ауқатты  тұрдық,  1932  жылы  кәнпеске  басталғанда  үркiндi 
болып, бас сауғалап Қытайға өтiп кеттiк. 

 
66 
Ол  жерде  байларда  малайлықта  болдым.  Егiн  суғардым,  шөп  шаптым,  бидай 
ордым. Осы жаққа келгенде де әлi күнге дейiн қара жұмыстан қол үзiп көрген жоқпын, 
малға  шөптi  өзiм  дайындаймын,  тыным  таппайтын  мазасыз  адаммын.  Бос  отыра 
алмаймын. Өмiрiмде арақ, темекi дегендi аузыма алып көрген пенде емеспiн. Бие байлап 
қымыз  сауамын,  айына  екi  қабат  саумал  iшiп  iшiмдi  тазалаймын.  Бiрақта  өмiрiмдi 
серiлiкпен  өткiздiм,  кездескен  көлбең  етектiнi  құр  жiберiп  көрген  емеспiн.  Атаң  жүзге 
келсе де әлi қауқары бар», – деп бiркелкi жарқырап тұрған аппақ күрек тiстерiн көрсетiп, 
қулана жымиып қойды. 
 
69. Тұздың адам ағзасына қандай әсерi бар? 
 
 
«Әрбiр адам барлық күш қуатын ағзаны (организм) қиюы қашқан тесiк қасықтай етiп 
жамап-жасқауға  бағыттамай,  ағза  бұзылған  жағдайда,  мүмкiндiгiнше  сирек 
ұшырайтындай,  түзетуге  мүмкiндiгiнше  сирек  мұқтаж  болатындай  етiп,  тұрмысты 
дұрыс бағыттауға тиiс».    Д. И. Писарев 
 
 
Көшеде  қалтарысқа  тұрып  алыңыз  да,  жүргiншiлердiң  жүрiсiне  қараңыз.  Аяғы, 
тiзесi,  жамбасы,  омыртқасы,  басы  бәрi  қатып  қалған  сияқты.  Жүргенде  буындары  еркiн 
бүгiлмейдi.  Аяғына  қараңыз.  Адамдар  аяғын  әзер  көтерiп,  жалп  еткiзiп  тастай  салатын 
сияқты.  Тiзелерi  бүгiлмей,  омыртқа  мен  басы  қатып,  барлық  денесi  нәзiк  қимылынан 
айырылып қалған сияқты. 
        
Адамның әрбiр буынын табиғат иiлгiштiктiң мол қорымен қамтамасыз еткен, осыны 
iске асыратын сұйықты синовиалный деп атайды. Он жасар балаға қараңызшы, буындары 
қалай жеңiл иiледi. Неге? Сiз бұлай деп жауап бересiз: «Мына балаға бар болғаны 10 жас, 
маған 60 жас. Менде он жасар баланың қимылындай қимыл жоқ қой». «Неге болмасқа? » 
– 
деп сұрармыз. 
      
Синовал  сұйығының  мөлшерiне  өмiр  сүрген  жылдар  әсер  етпейдi.  Буындарды 
қатыратын  бiрақ  себеп  бар,  ол  улы  қышқылдардың  қиыршықтары.  Адамның  жасы 
өздiгiнен улы емес. Сiз – 40, 50, 60, 70 жыл өмiр сүрсеңiз де, синовал сұйығының мөлшерi 
азаймайды, уақытқа тәуелдi емес. 
         – 
Шықпаған тұздар мен қалдықтар қайда барады? Олар қайда барып шөгедi? 
 –  
Осы  ауыр  тамақтарды  қортуға,  сiңiруге,  шығаруға  ағзаның  өмiрлiк  күшi 
жетiспейдi.  Бұндай  жағдайда  улы  заттар  ағзада  шөгедi.  Олар  қозғалатын  буындарға 
жиналып  шоғырланады.  Бұл  бiртiндеп  жүретiн  ағым,  буындар  мазасыздық  әкелмей 
сезiлмейдi.  Ұзақ  жылдар  бойы  дұрыс  тамақтанбаудан,  кальциймен  қанықтырылған 
қышқылдардың қиыршықтары буындарға шоғырланып, синовиал сұйығын алмастырады, 
осы мезетте буындар ауырып, қозғалысы кеми бередi. 
 – 
Ең бастапқыда тұз қай жерде шоғырланады? 
 – 
Бiрiншi шабуыл –  аяқ. Табанда 26 қозғалатын сүйекшелер бар, ағзадағы ең көп 
жылжымалы сүйектер осында. Буындар бiртiндеп иiлгiштiгiн, майсқақтығын жоғалтады. 

 
67 
Буындар қатып, қозғалу азаяды. Улы қышқылдар қиыршығы табаннан жоғары көтерiлiп, 
аурудан тiзе запа шегедi. Онан кейiн жамбастағы жылжымалы сүйектерге көтерiледi. 
          – 
Адамның арқасы ауырып, белi неге шойырлады? 
 –  
Арқасы  аурмайтын  адам  аз.  Байқасаңыз,  орта  жастағы  адамдар  шалқайып 
түрекелген  кезде,  бет  әлпетi  ауырсынғаннан  өзгерiп  кетедi.  Күнделiктi  естуге  болады: 
«Ой, белiм! ». Улы қышқылдардың қиыршықтары белге келiп тұрақтап тұрып қалмайды, 
онан  әрi  иық,  шынтақ,  мойын,  тiптi  бiлек  пен  саусақ  буындарын  да  жаулайды.  Кейбiр 
адамдардың уланғаны соншалық, өзiнiң жұдырығын да түйе алмайды. Бәрiнiң айтатыны: 
«Буындарым ауыратын себебi, мен қартайып барамын». 
Бұған  сенбеңiз.  Басты  себеп  –  улы  қышқылдардың  қиыршығы.  Қазақстандықтар 
буын  ауруын  жеңiлдету  үшiн  көп  мөлшерде  дәрi  құтықшаларын  қолданады.  Мыңдаған 
адамдар ыстық минералды сулардан, ванналардан т.б. әдiстерден пана iздейдi. Мен өзiм 
буыннан  зардап  шекпеймiн.  Менiң  ұсынысымды  буынды  емдейтiн  кезектi  дәрi  ретiнде 
қабылдануын  қаламаймын.  Бiрақ,  осы  шырғалаңнан  шығатын  жол  бар  екенiне  мен 
сенiмдiмiн. 
 – 
Қан тамырлары неге бiтеледi? 
 – 
Өлi тамақтар қан тамырларын бiтеп тастайды. Қан тамырларын тоздыру үшiн де 
талай  уақыт  өтуi  қажет.  Бұған  ұзақ  уақыт  темекiнiң,  арақтың,  аса  майлы  тамақтардың 
әсерлерi жатады. Тағы бiр себеп дене қимылының аздығы. 
 – 
Неге адамдар бей берекет ауздары босамай тамақты соға бередi? 
 – 
Адамдардың басым көпшiлiгi өз қарындарының құлы. Олар тәулiктiң белгiлi бiр 
уақытында таңғы, түскi, кешкi ас iшулерi керек, құрсағы ашсын, ашпасын тамақты соға 
бередi, оның сорлы тәнi нашар тамақтарға лықа толы. Олар өздерiнiң ас қорту мен шығару 
жүйесiне  ешуақытта  демалыс  бермейдi,  артық  тамақпен  артық  жұмысқа  шегедi.  Артық 
жұмыс  осы  мүшелердi  iстен  шығарады,  нәтижесiнде  бүкiл  ағза  запа  шегедi.  Өз 
асқазаныңды  жуынды  қалдық  құятын  апанға  айландырған  сайын,  өтемi  де  қымбаттай 
түседi. Жүрек пен қан тамырларың зардап шегедi. 
 
70. Қарапайым ас тұзы туралы білгеніңіз, сізді өте таңырқатады 
 
Тамаққа, суда сілтіге айналатын натрийді қосасыз ба? Немесе улы газ хлорды? «Күлкілі 
сұрақ, басы істейтін бірде-бір  дені сау адам адам бұлай жасамайды» – деп айтасыз. Әрине 
жоқ. Бірақта шырылдаған шындық, адамдардың көпшілігі натрий мен хлродың химиялық 
әрекетінің  нәтижесінде  пайда  болған,  өлі  зат,  АС  ТҰЗЫН  пайдаланады.  Ғасырлар  бойы 
қолданған  «жердің  тұзы»  деген  сөз  тіркесі  маңызды  жақсылықты  меңзеді.  Бұдан  өткен 
қаталық  болмайды.  Күнделікті  тамаққа  қолданатын  осы  қауіпті  қоспа,  денсаулықты 
бұзады. Келіңіз дәлелдерге жүгінейік: 
1.     
Тұз  тамақ  емес!  Тамаққа  дәріханадан  алған  калий  хлоридін,  кальций  хлоридін, 
барийді т.б. қосқанмен тең. 

 
68 
2.     
Тұз  қортылмайды,  ағзаға  сіңбейді.  Қоректік  қасиеті  жоқ.  Тұздың  құрамында 
витамин,  тірі  қоректік  заттар  болмайды.  Керісінше,  бүйрекке,  өтке,  қуыққа, 
жүрекке, қан тамырларына зиян. Тұз бұлшық еттерді құрғатып, келеңсіз жағдайға 
жетелейді. 
3.     
Тұз жүрекке у болуы ықтимал, сондай-ақ жүйкеңіздін қозуын арттырады. 
Тұз  ағзаңыздағы  кальциді  шайып,  асқазан-ішек  жолдарындағы  кілегей  қабығына  әсер 
етеді. 
      
Егер тұз сондайлық зиян болса, неге кеңінен пайдаланылады? Негізгі себебі мынада, 
мыңдаған  жылдар  бойы  тамақты  тұздап  сақтау  әдетке  айналып  кеткен.  Осы  әдеттің 
қалыптасуы,  адам  ағзасына  тұз  қажет  деп  есептеуден.  Бірталай  халықтар,  мысалы 
эксимостар ешуақытта тұз жемейді және осыдан зиян да шекпейді. Осы әдеттен құтылған 
адамға  тұздың  әсері,  өмірі  темекі  шекпеген  адамның  темекі  шеккеніндей.  Кейбір 
жануарларға,  әсіресе  үй  құстарына  тұз  нақтылы  у.  Шошқалар,  тұзды  мөлшерден  артық 
жеп қойса қырылып қалады. 
 
71. Тұз қан қысымына қалай әсер етеді 
 
Қан  қысымының  көтерілуіне  не  әсер  етеді?  Дәрігелерге  бірнеше  себептері  белгілі: 
ширығу,  шаршау,  кенеттен  алған  рухани  соққы,  темекіден,  автокөлік  газынан,  тамақ 
қоспасынан, инсектицидтерден, дәрілердің және өнеркәсіптің жанама өнімдерінен улану. 
Осылардың  әсерінен  өзіңді  қалай  сақтандыруға  болады?  Әрине,  ең  дұрысы  осылардан 
ауаша болу. Жоқ  дегенде осы себептердің біреуінен құтылуға болады. 
Ол натрий хлориді, немсе ас тұзы. Әңгіме, қан қысымының басты себепкері туралы болып 
отыр.  Осы  мезетке  дейін  біз  «қалыпты»  адамның  қан  қысымының  көтерілуі  жайында 
айттық.  Артық  салмақтан  азап  көріп  жүрген  азаматтарымызға  тұздың  әсері  қалай? 
Өздеріңізге  мәлім,  семіздік  пен  қан  қысымының  көтерілуі  қатар  жүреді.  Өте  толық 
адамдардың қан қысымының жоғарлауы мен тұздың арасында байланыс бар ма? 
 72
. Неліктен сиырларға тұзды көп береді 
 
Сауын  сиыр  фермасына  ақшасын  салған  адам,  одан  барынша  пайда,  кіріс  кіргізуге 
ұмтылады.  Сиырлардың  тамағына  тұз  қосса,  суды  көп  ішеді.  Сиыр  суды  неғұрлым  көп 
ішсе,  сүтті  соғұрлым  көп  беретіні  бесенеден  белгілі.  Есесіне  1  литр  сүтте  тұз  өте  көп 
мөлшерде (0, 5 – 1 г) болады. Балаларға қараңызшы. Толық, семіз балалардың көптігіне 
таң қаласыз. 
Бұлар  тұзы  көп,  дүкеннің  сүті  мен  тамағын  ішіп,  жейді.  Дүкендеріндегі  консерві 
қораптарындағы  тағамдардың  бәрі  тұзға  қанықтырылған.  Сүт,  жеміс  т.б.  тағамдардың 
бәрінде тұз. Осының бәрін жинақтасаңыз, неге біздің қоғамымызда жүрек – қан тамыры 
ауруынан  өлетіндердің  бірінші  орында  тұрғанын  түсінесіз.  Біз  –  тұз  бәңгісінің 
(наркоманының)  ұлтымыз!  Нан,  сыр-ірімшік,  қалбырланған  (консервленген)  жемістер, 
тіпті сәбилердің тамағына шейін (! ) тұзбен қанықтырылған. 
  
 

 
69 
73. Поль Брэггтің Калифорнияда ажал алқабынан асуы 
     
Ыссыда, тұздың қажетсіздігін дәлелдеу үшін, шілде – тамыз айларында, жер бетіндегі 
ең  бір  ыстық,  Калифорниядағы  ажал  алқабына  бардым.  Бастапқыда,  ажал  алқабындағы 
Фэрнес – Крик – Ранчо мен Стоувпайп Уэллс, екі арасы 48 шақырым аралықты өту үшін 
колледжден  10  спортшы  жалдадым.  Мен,  оларды  тұз  таблеткасымен,  ішетін  сумен 
қамтамасыз еттім. 
Бізді  қорғаштап,  еріп  жүрген  автокөлікті  жанға  керек  тамақтарды  түр-түрімен  сықап 
толтырып  алдық  нан,  тоқаш,  ірімшік,  шұжық,  кептірілген  ет,  консервлер  т.б.  Қалауы 
бойынша, тағамның қандай түріне болмасын тұз қоса алады. Мен өзіме тұз алған жоқпын, 
алқаптан  өткенше  ашықтым.  Тәжірибе  шілде  айының  аяғында  басталды.  Термометр 
Цельсия бойынша +41 градус ыстықты көрсетіп тұрды. Біз жорыққа таңғы тоғыздардың 
кезінде шықтық. Күн көтерілген сайын шыжа түсті, сәскеге таман термометр +54 градусті 
көрсетті. Құрғақ ыстық бізді балқытып жіберетіндей сезіндік. 
    
Жігіттер  тұз  дәрілерімен  қоса  суық  суды  қомағайлана  сіміре  берді.  Таңғы  аста,  олар 
кептірілген етті ірімшікпен қоса соғып алды және кола ішті. Тамақтанудан кейін жарты 
сағат  дем  алып,  жанып  тұрған  құмнның  үстімен  жорығымызды  қайта  жалғастырдық. 
Біраздан  кейін  мықты  жігіттерде  ерекше  құбылыс  бола  бастады.  Алғашында  үшеуінің 
жүректері  айнып,  өңдері  бозарып,  әлдері  кетіп,  өздерін  жаман  сезіне  бастады.  Оларды 
мүшкіл халде Фэрнес – Крик – Ранчоға аттандырдық. 
Қалған жетеуі тәжірибені жалғастырды. Олар бастапқысынша тұз дәрілерімен қоса суық 
суды  сіміре  берді.Сонан  соң,  кенеттен  бесеуінің  асқазандары  түйіліп,  нашарлап  кетті. 
Бұларды  да  Ранчоға  жібердік.  Оннан  екеу  қалды.  Түстен  кейін  төрт  болды,  күн  аяусыз 
шыжғырып тұр, жотамыз күйіп барады. Күн өтіп, қалған екі жігітте бір мезетте құлады. 
Оларға дәрігерлік көмек көрсетіліп, Ранчоға қайтарылды. 
     
Тек  тұз  пайдаланбаған  ғана  мәреге  жетіп  жорықты  аяқтады.  Бұл  даңқты  ақсақал  – 
қария Брэгг! Мен жолсапарда жалғыз қалып, өзімді тың, сергек қалпымда сезіндім! Мен 
тұз жемек түгіл аузыма нәр салған жоқпын, себебі ашықтым, тек ішкім келген кезде ғана 
жылы су іштім. 
Мен  осы  жорықты  10,  5  сағатта  аяқтадым  және  өзімді  ешқандай  да  жаман  сезінген 
жоқпын.  Шатырға  қонып  шығып,  тамақсыз,  тұзсыз  келген  жолыммен  Ранчоға  жаяу 
қайттым. Мені мұқият тексерген дәрігерлер, менің жағдайымды өте жақсы деп тапты. Мен 
осы  тәжірибемді  Ажал  алқабында,  тұздың  әсерін  тексерем  деген  ғалымдар  үшін 
қайталауға әзірмін. 
 
74. Поль Брэггтің тұздың қажетсіздігін дәлелдейтін тағы бір тұжырымы 
 
Екінші  дүние  жүзілік  соғыс  жылдары,  Египеттегі  немістердің  Роммел  басқарған 
африкалық  корпусы  Эль-Адамейнс  түбінде  ауыр  жеңілістерге  ұшырап,  тіршіліксіз 
шөлейтпен  жүздеген  шақырымдарға  шегінді.  Соғыс  аяқталып,  немістер  жеңілгеннен 
кейін,  ағылшындарды  таң  қалдырған  жәйт,  тұз  таблеткасымен  қамтамасыз  етілмесе  де, 
неміс әскерлерінің жағдайларының жақсы болуы. 
Бұл  оқиға  да  менің  Калифорниядағы  шыжыған  күнде  Ажал  алқабында  және  басқа  да 
ғалымдардың шөл жағдайында тұз таблеткасының қажетсіздігінің тағы бір дәлелі. Ғылми 

 
70 
мәліметтер  бойынша,  бірнеше  күн  бейімделгеннен  кейін,  адам  терлегенде  тұз  рәсуа 
болмайды.  Мүмкін,  физиологиялық  бейімделудің  нәтижесінде  натрий  шайылмайды. 
Қалыпты  жағдайда  тұзды  аз  мөлшерде  қосып  тамақтанудың  нәтижесі  көрсеткендей, 
ыстық ауа райында тұз таблеткасын қолдану қажеттілігі асыра айтқандық. 
Тұздамағанның  өзінде  де,  табиғи  натрий  –  жемістерде,  балықтарда,  етте  т.б.  тағамдарда 
жетерлік  мөлшерде  болады.  Осы  табиғи  натрий  ағзаның  сұранысын  толық 
қанағаттандырады. Бұған тамақтарына тұз қолданбайтын көптеген елдердің тарихы дәлел 
бола алады. Америкалық үндістер тұздың не екенін Еуропалықтар келмегенше білмеген. 
Жаңадан  барғанда,  Колумб  және  басқа  атақты  зерттеуші  ғалымдар  үндістердің 
денсаулықтарының өте жақсы екеніне таңырқаған. 
Олар тұздың, арақтың, табиғи емес тамақтардың дәмін татқаннан кейін аза бастаған. Мен 
жер  шарының  түкпір-түкпіріндегі,  адам  аяғы  баспайтын  13-тен  астам  жорықтарға 
қатыстым, сонда түземдіктердің тұз қолданғанын көрген емеспін. Сондықтан да олар қан 
қысымы  ауруымен  аурмайды.  Жас  ерекшеліктеріне  қарамай,  бәрінің   қан  қысымдары 
120/80 ал бұл өте керемет. Олар сондай-ақ жүрек, бүйрек ауруларымен аурмайды. 
 
75. Адамға күніне қанша тұз керек? 
 
Осы жөнінен зерттеулер аз емес. Ғалымдардың пайымдауынша: тәулігіне 0, 5-1, 0 грамм 
аралығы. Ағза осы мөлшерде ғана сіңіре алады. Тұзға құмар орташа қазақстандық 15-30 
есе  артық  жейді.  Бұл  қорқынышты  көрсеткіштің  себебі,  «дайын»  тағамдардағы  тұздың 
мөлшерімен  тығыз  байланысты.  Бұл  нанда,  еттен  жасалған,  қалбырланған  т.б.  жүздеген 
тамақ құрамындағы тұзда. 
      
Қазіргі  кезде  көпшілік  адамдардың  қан  қысымдары  өте  жоғары,  себебі  олардың 
тамағының  негізі  тұздалған  сүрі  еті.  Мен  ауылда  туып  өстім,  көптеген  таныстарым  қан 
қысымының  жоғары  болуынан  зардап  шекті.  Олар  инфаркт  пен  бүйрек  ауруларынан 
мезгілсіз  өлді,  себебі  тұздалған   соғым  етіне  құмар  болды  және  тамақтарына  тұзды  көп 
салды.  30  жасқа  жетпей  ылғи  аурушаң,  буындары  илікпейтін.  Осы  халге  жеткізген  – 
тамақтарындағы тұздың көптігі. 
Көп тұз нәрестені тез өлтіреді. Ағзаға өлі зат – тұз емес, табиғи натрий қажет. Сіз 
табиғи  натриді,  табиғаттың  өзі  дайындаған  сәбізден,  қырыққабаттан  (капустадан)  , 
картошкадан,  қызылшадан  т.б.  ала  аласыз.  Есіңізде  болсын,  минералдарды  ағза  тек  тірі 
түрде ғана сіңіре алады. 
 
76. Ашыққан кезде жасаушалардан,  тәннен тұзды шығару 
 
Менің  көзім  жеткені,  төрт  күнгі  ашығудың  өзі,  ағзадан  тұзды  тазалайды.  Бұны  кіші 
дәретіңізді  тексеру  арқылы  анықтай  аласыз.  Төрт  тәулік,  тек  қана  тазаланған  суды  ғана 
ішіп ашығыңыз. Осы төрт күнде, таза судан басқа аузыңызға нәр салмаңыз, суды қанша 
ішем десеңізде еркіңіз. 
Таңғы алғашқы кіші дәретіңізді жинаңыз. Құтықшалардағы кіші дәретіңізді салқын жерге, 
екі-үш апта бойы сақтап, сонан соң жарыққа апарып қараңыз. Сіз шиша түбінен натрий 
хлоридін  және  басқа  қалдықтарды  көресіз.  Осы  тұздар  шыққан  кезде,  бүйрегіңіз  босап 

 
71 
жұмыс жасауы жақсарады! Орынсыз шөл мен ауыздың кеберсуі жойылады. Бұлшық етіңіз 
бен теріңізге назар аударыңыз. Сіз жасарып, сымбаттала түсесіз, ісіп кебуіңіз жоғалады. 
Ашыққан кезде, ең бірінші – толықтық және осының себепкері тұздан құтыласыз. 
Сіз өз көзіңізге өзіңіз сенбейсіз. Ашыққан кезде ағзаңызда таңғажайып өзгерістер болады. 
Жәй  уақытта  тамақ  қортуға  жұмсалатын  құдіретті  өмірлік  қуат,  ағзаңыздың  түпкір-
түпкіріндегі зиянды қалдықтарды, уларды жасаушаларыңыздан, тәніңізден тазалауға ғана 
бағытталады. Әр жасауша жасарады. Төрт тәулік тұздан тазаланғаннан кейін, бұлай істеу 
қиын болса да, тұзды келешекте қолданбауға тырысыңыз. Онсыз да, барлық сатып алатын 
тағамдарыңызда «жасырынған» тұз бар. 
     
Апталық  тазалануға  24...36  сағат  ашығу  көмектеседі.  Маған  әсіресе  «жасырынған» 
тұздан құтылу қиындау, себебі мен лекциялар оқу үшін көп саяхаттаймын. 
      
Мен, ешуақытта тамағыма тұз қоспаймын. Бздің үйде тұз мүлдем қолданылмайды! Біз 
тамаққа у сарымсақ пен шөптерді қосамыз, өйткені бұлар табиғи қоспалар, тамаққа дәм 
береді. Тұзсыз ашығу кезінде өзіңізді тамаша сезінесіз! 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет