Жасару құпиясы. Ауру


Ашығу – сусамыр (қант диабетi) ауруларына ем



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата01.02.2017
өлшемі1,05 Mb.
#3171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

35. Ашығу – сусамыр (қант диабетi) ауруларына ем 
 
 
«Ауру-сырқаудан сау дене дұрыс рухтың жемiсi болып табылады». Б.Шоу 
 
 
Сусамыр  –  қант  диабетi  ауруы  таңқаларлық  ауру.  Көпшiлiк  таңырқайды.  Қайдан 
өздерiнде пайда болды? Ең бастысы қалай сақтануға, жазылуға болады? 
Сусамыр – қант диабетi ықылым заманнан берi белгiлi. Гиппократтың өзi толықтай 
кітапқа жазып, белгiлерiн суреттеп кеткен. 
Диабет  деген  сөздiң  мағынасы  гректiң  «диабайно»  деген  сөзiнен,  яғни  бiрдеме 
арқылы  ағып  өту  дегендi  бiлдiредi.  «Қант»  деген  анықтама:  аурудың  негiзгi  себебi, 
сырқаттың  ағзасы  арқылы  қаныттың  мөлшерден  тыс  ағуы  және  кiшi  дәретi  арқылы 
шығуын 1674 жылы Томас Уиллис анықтаған. 
ХIХ  ғасырдың  соңында  Л.  В.  Соболев  сусамыр  ауруының  себебi,  ұлтабардың 
толықтай емес, белгiлi бiр бөлiгi «Лангерсен аралшығы»-ның  зақымдануынан болатынын 
тәжiрибе жүзiнде дәлелдедi. «Лангерсен аралшығы» ұлтабардың құйрық ұшында көптеп 
шоғырланып, ағзадағы зат алмасуын реттейтiн бiрқатар гормондарды жасайды, бөледi. 
1921  жылы  Канада  ғалымдары  Ф.  Бажтинг  пен  П.  Бреет  жаңа  туған  бұзаудың 
ұлтабарынан нисулин гормонын (инсула деген сөздiң мағынасы – аралшық) алып сусамыр 
ауруын емдеудiң жаңа дәуiрiн ашты. 
Сусамыр  –  қант  диабетiнiң  негiзiгi  белгiсi:  қан  құрамында  қаныттың  (глюкоза) 
көбейiп кетуi – гипергликемия. 
 
         
Сусамырмен көбiнесе 40...50 жастан асқандар ауырады. Бiрақта, соңғы кезде балалар 
да  осы  қатерлi  ауруға  жиi  шалдыға  бастады.  Бұл  ауру  жыл  сайын  асқынып,  жасарып 
келедi. 
         
Бұл аурудың ерекшелiгi – көптеген науқастар (30...40 %) өздерiнiң сусамыр ауруға 
шалдыққандарын бiлмейдi. Себебi, аурудың бастапқы белгiлерi жөндi бiлiнбейдi. 
Ашығу  –  сусамыр  (қант  диабетi)  ауруының  алдын  алады.  Сусамырдың  екiншi 
түрiмен  ауырғандарды  ашығу  емдейдi,  жазады.  Себебi,  ашыққан  кезде  қан  айналысын 
жақсартып, қанытты және инсулиндi қалпына келтiретiндiктен қандай болмасын сусамыр 
ауруына  таптырмайтын  дауа,  шипа.  Сусамырмен  ауыратындарға  ең  қатерлiсi  –  қан 
құрамы  мен  кiшi  дәрет  құрамындағы  қаныттың  көптiгi  емес,  осының  әсерiнен  болатын 
қосымша  жанама  аурулар.  Мысалы,  тамырдың  жiңiшкеруi  (склероз  сосудов)  ,  жүрек 
аурулары,  бүйрек  пен  бауырдың  қызметiнiң  әлсiреуi,  қорғаныс  қабiлетiнiң  (имунитет) 
төмендеуi. Бұл ауру өмiр бойы созылады, бұдан тез арада құтылу мүкiн емес. 
Ашығу  –  ұлтабардың  (поджелудочная  железа)  қызметiн  реттейдi  және  өте  жақсы 
әсер етедi. Диабетик тағам мәзiрiн (диета) бұзып, артық бiрдеме жеп қойса, ашыққан кезде 
осы  артық  глюкозаны  шырмап-матап  алады  да  сiңiуiне  мүмкiншiлiк  бермей,  үлкен 

 
40 
дәретпен далаға шығарып тастайды. Сондықтан да, қандай сусамыр ауруына шалдыққан 
науқас болмасын, бiрiншi қажеттi – ашығуды үнемi үзбей ұстап, тамақ мәзiрiн қатаң түрде 
сақтау. 
Сусамырмен ауырған адам, ашыға бастаса, мөлшермен үш күннен кейiн аяғының 
ауырғаны басылады, ал бiр аптадан кейiн тершеңдiгi жоғалады. Жарты айдан кейiн өзiнiң 
тәбетiн бақылап, 7...10 күннен кейiн қан құрамындағы қаныттың деңгейi түседi. Адамды 
бiр  айдан  кейiн  танымай  қалуыңыз  мүмкiн,  себебi  адам  әрленiп,  жақсы  жаққа  қарай 
өзгерiп кетедi. Сусамырдан құтылғыңыз келсе: жатар алдында жаяу серуендеп келіңіз, сол 
кезде аяққа, башпайларыңызға қан жүгіріп сауығып кетесіз! 
Әлемде дәрi-дәрмекке тәуелдi созылмалы аурулар көбейiп, осы дәрiлердiң жанама 
әсерлерiнен  науқастар  (лекарственная  эпидемия)  зардап  шеккендiктен,  ашығудың 
негiзiнде денсаулықты бастапқы қалпына келтiру, қазiргi ғасырдың басты талабы болып 
отыр. 
Ашығудың тағы бiр қасиетi – асқазандағы запыранның қышқылдылығын қалпына 
келтiруi. Сондай-ақ, буын-буындағы шөгiп қалған тұздарды, қышқыл қалдықтарын тамақ 
жоқ болғаннан кейiн өзi жеп қояды. 
 36 
. Ашығу – мiндетi, әсерi жөнiнен төмендегi топқа жiктеледi 
 
А) Тұрақты тепе-теңестiрiлген қорек 
Бiз  ашығу  жайлы  айтқанда,  мiндеттi  түрде  оның  қайталанбас  ғажап  (эксклюзивный) 
ем,  дауа  екенiн  үнемi  есте  тұтыңыз.  Ашығу  емiнiң   жетiстiктерiнiң  бiреуi,  ашығудан 
шыққаннан кейiн: тұрақты түрде 60 пайызы көкөнiстерден тұратын тепе-теңестiрiлген 
тамақты  қабылдау.  Ашығу  –  миллиондаған  адамдардың  денсаулығын  түзеуге 
көмектестi. 
Б) Екiншi – iшектi тазалап, ағзадан уларды шығарады 
Ашығу  –  iшектi  тазалайды.  Егерде  адамның  iшi  үнемi  қатып,  үлкен  дәретi  уақтылы 
шықпай  жүрсе  көптеген  келеңсiздiктерге  ұрынады.  (Iш  қатуды  бал  мен  лимон 
қосылған ыстық су және қазақтың шалабы не «Таң», «Таң» сусындары бiрден қалпына 
келтiредi).  Осының  салдары  қант  ауруы  сусамырды  және  қан-тамыр,  түтiкшелердiң 
ауруына әкеп тiрейдi. Осы кезде ашығу денсаулығыңызды қалпына келтiредi. Ашығу 
ағзамыздың биологиялық мiндеттерiн жандандырады. 
В) Қорғаныс қабiлетiн (иммунитет) реттейдi 
Ашығу  арқылы  ағзаның  барлық  мүшелерi  өздерiнiң  биологиялық  мiндеттерiн  мiнсiз 
атқарып  ағзаның  қорғаныс  қабiлетiн  реттейдi.  Олар  тек  қана  қан-тамырлары  мен 
түтiкшелердiң жағдайын жақсартып қоймай, қартаю ағымын саябырлатады. 
Г) Әрiңiздi кiргiзедi әрi жасарып құлпырып кетесiз 
Ашығу арқылы сыртқы келбетiңiздi де жақсарта аласыз. Қазiр барлық жерде химияны 
көптеп  қолданады.  Жәй  ғана  топырақ  пен  құмды  сумен  шәя  салуға  болады,  бiрақта 
улы  заттарды  сумен  кетiре  алмайсың.  Егер  де  осы  улы  заттар  –  жеген  жемiс  пен 
көкөнiс  арқылы  ағзамызға  түссе,  ауырамыз,  тiптi  қатерлi  iсiкке  де  шалдығуымыз 

 
41 
мүмкiн.  Ашығу  –  осы  келеңсiздiктердiң  алдын  алады.  Ашығу – денi  сау,  әрi  әдемi, 
көрiктi, келбеттi сұлу болу үшiн, әрбiр адамға мiндеттi түрде қажет. 
Егер  де  сiз  үнемi  ашығу  әдiсiн  қолдансаңыз,  денсаулығыңыз  бiртiндеп  түзеледi. 
Ашығу  –  әрлендiргiш.  Сiздiң  сыртқы  келбетiңiздi,  бет  әлпетiңiздi  шырайландырады, 
жақсартады. Бұл кiмге де болмасын қажет. 
 
37.  Ашығу  –  өттегi,  қуықтағы,  бүйректегi  тастардың  еруiне  ықпал  жасайды, 
бiртiндеп ерiтiп жiбередi 
 
Тас  қалай  байланады?  Кальций  –  фосфор  қышқылымен  қосылғанда  –  фосфат  пайда 
болады.   Шавел  қышқылымен  –  оксалат,  амин  қышқылы  (мочевой)  –  урат,  запыран 
қышқылымен  (желчной)  –  холат  құралады.  Ашығу  кезеңiнде  аздап  бал  мен  лимон 
қосылған  ыстық  суды  үзбей  iшу  –  осы  кальций  мен  қышқылдардың  өзара  байланысын 
үзедi. (Ескерту: бал ерiткiш, бiрақта сусумыр ауруымен ауыратындар байқап аз-аздан ғана 
қосуы  керек,  өйтпесе  қан  құрамындағы  қаныттың  көбейiп  кетуi  мүмкiн!  ).  Осының 
нәтижесiнде  тас  бiртiндеп  ерiп,  бiлiнбей  жоғалады.  Сiздiң  өтiңiздегi  тас  30  жыл  бойы 
бiртiндеп пайда болды, сондықтан да осы жұмыр тасты ерiту үшiн де уақыт керек. Сабыр 
сақтаңыз, шыдаңыз, кей кездерде бiрнеше айлар қажет. 
         
Бiреулерге  бүйрегіндегi  тасты  ультродауысты  зеңбiрекшемен  ұсатып,  талқандап 
жiберген тиiмдi болып көрiнедi. Бiрақта тас бүйректе орналасқан ғой! Сiздiң бүйрегiңiздiң 
құрылымы  өте  нәзiк.  Нәтижесiнде  бүйрегiңiздiң  алқам-салқамы  шығып  кетуi  мүмкiн. 
Осындай  операциядан  кейiн  3  тәулiк  бойы  қан  сиетiн  боласыз.  Ал  егер  тас  оң  жақ 
бүйректе  болса,  соққы  бауырға  тиедi.  Ал  бауыр  деген  үлбiреп  тұр  ғой!  Сiзге  осы 
бүйрекпен, бауырмен әлi талай жыл өмiр сүруге тура келедi. Операцияға бармастан бұрын 
ойланыңыз, толғаныңыз... Оларды соққыға салмаңыз. 
         
Тура осы жағдай – өтiңiзде. Егер хирург оны сылып тастаса, запыран тұрақты түрде 
ұлтабарға  түсе  бередi.  Сусамырға  шалдыққыңыз  келе  ме?  Онда  операцияға  барыңыз. 
Үнемi  запыранның  құйылуынан  запа  шеккен  ұлтабар,  қалыпты  инсулин  бөлуден  бас 
тартады. Себебi, Сiз өтiңiздегi тастан тез құтылуға асықтыңыз, ол аз болса – өтiңiзден де 
айырылдыңыз.  Қазiргi  уақытта  осы  өтiңiздегi  тастан  бейнетсiз  құтылудың  жолы  – 
аптасына  бiр  тәулiк,  әрбiр  үш  айдың  аралығында  7...10  тәулiк  үзбей  ашығу.  Ашығу 
кезеңiнде  үзбей  iшкен  ыстық  су  –  тек  қана  тасыңызды  ғана  ерiтiп  қоймайды,  басқа 
мүшелерiңiздi де қалпына келтiре бередi. Тас жоқ болса оның алдын алады. 
38. 
Ашығу  –  қатерлi  iсiк  жасаушаларының  (рак  клеткалары)  өрбуiне,  ары  қарай 
ұлғаюына кедергi жасайды 
 
 
«Сырқат тән жарасы, қайғы жан жарасы».   Қазақтың мақал-мәтелдерi 
 
 
Ашығудың нәтижесiнде  асқазан  тамақты  жеңiл  қортады.  Бұл  тамақты  қомағайланып 
артық жеп қойған кезде тамаша көмектеседi. Ашығу – қатерлi iсiк жасаушаларының (рак 
клеткалары)  өрбуiне,  ары  қарай  ұлғаюына  кедергi  жасайды.  1932  жылы  Нобель 
силығының  лауреаты  Отто  Варбург  ауа  аз  жерде,  қатерлi  iсiктiң  қарқынды  дамитынын 
дәлелдеген.  Ашығу  –  ағзаны  негiздiк   ортаға  айналдырады,  денешынықтырумен 
қосамжарлаған кезде оттегi жақсы қабылданады. Тек қана әлсiз негiздiк орта рН = 7, 0 – 7, 
4 ортада жасаушалар сау болып, толыққанды жұмыс жасайды. 

 
42 
Егер  қанның  рН  тек  қана  0,  15  %  өссе,  оттегiн  қанықтыру  65  %  бiрден  өседi.  Сау  болу 
үшiн ағза үнемi негiздiк ортаның тепе-теңдiгiн сақтауы керек. Бұны ашығу мен тыныс алу 
жаттығуынсыз сақтау мүмкiн емес. Апта сайынғы 24...36 сағат ашығудың, тыныс алу мен 
жүгiрудiң  негiзгi  биологиялық  мiндетi  –  ағзадағы  әлсiз  негiздiк  ортаның  тепе-теңдiгiн 
сақтау.  Бұл  қатерлi  iсiктiң  алдын  алу  шарасында  өте  маңызды.   Осылар  негiздiк  ортаны 
құра отырып, оттегiмен тiндердi (ткань) қанықтырады, бұндай тiндерде қатерлi iсiк дами 
алмайды. 
Егер  де  қатерлi  iсiк  –  рак  жайлы  айтатын  болсақ,  осы  науқастардың  әлемде  көп 
шоғырланған жерi бiздiң елiмiз – Қазақстанда, себебi тазалық сақтамай, өлi тамақтармен 
тамақтанып не болса соны жеп-iшiп, одан қалса жатар алдында неше түрлi ауыр тамақты 
аузымызға  тықпалай  беремiз.  Ол  аз  болса,  атом  бомбаларының  сынақ  алаңдарының  да 
салдары әлi күнге жалғасуда. Осылардың және надандықтың салдарынан қатерлi iсiк – рак 
пен  көксаулық  (туберкулез)  аурулары  бiздiң  елде  кең  тараған  ұлттық  ауруға   айналып 
кеткенi де жасырын жағдай емес. 
Осыны  бiздiң  елiмiздегi  атом  полигонынан  зардан  шеккен  Қарағандыдағы 
Егiндiбұлақ  ауданының,  Шығыс  Қазақстандағы:  Семей  қаласында,  Жаңа-Семей,  Абай,    
Ақсуат,  Аякөз  аудандарының,  Батыс  Қазақстанда  және  уран  өндiретiн  Қызылорда, 
Шымкент,  Павлодар  облыстарында  т.б.  аймақтарда  тұратын  қандастарымыздың  бiлуi 
шарт.  Шамасы  келсе,  бүкiл  қазақ  баласы  былапыт  тамақтануды  –  ашығу  iлiмiмен 
алмастырса нұр үстiне нұр болар едi! 
Ашығу  –  қатерлi  iсiк  –  рак  ауруларын  емдемейдi.  Ол  қызыл  қан  түйiршiктерiнiң 
деңгейiнiң  қалпына  келуiне  көмектеседi.  Егер  осы  қалпына  келсе,  онда  денсаулық  та 
түзеледi де, ағзаның өзi-ақ: қатерлi iсiк – рак жасаушаларының көзiн құрта алады. 
 39 
. Ашығу – радиоактивтi элементтердi қатты тiндерiңiзден, сүйектерiңiзден 
керемет шығарады 
 
Ашығу  –  адамның  қорғанысын  (иммунитет)  реттейтiн  табиғи  ем.  Осының  көмегiмен 
әртүрлi ауруларға қарсы тұру қабiлетiмiздi арттыра аламыз. Егер бiз ауыра қалсақ, басқа 
себептермен қатар, қорғаныс қабiлетiмiздiң де төмендегенi. 
Бiз  қазiр  адамның  қорғаныс  қабiлетiн  арттыратын  көптеген  нәрселердi  бiлемiз.  
Қорғаныс  қабiлетiмiздi  күшейтетiн,  керек  болса  тұқым  қуалаушылық  қасиеттерiмiздi  де 
өзгертетiн,     толып  жатқан  әртүрлi  химиялық  дәрi-дәрмектер  де  бар.  Бiз  осыларды  ұзақ 
уақыт бойы қолдана аламыз ба? 
         
Мысалы,  қазiргi  күштi  химиялық  дәрi-дәрмектердi  қолданып,  жағдайымыздың 
жақсарғанын  байқаймыз.  Егер  де  белгiлi  бiр  себептермен  осыларды  iше  алмай  қалсақ, 
баяғы «таз қалпымызға» қайта түсемiз. 
         
Жиi ауыратын адамдардың қорғаныс қабiлеттерi нашар, егерде оларды ашықтырсақ 
– 
қорғаныс  қабiлеттерi  күрт  артады.  Адамның  бүйрегi  ауырса  немесе  бездерi  шошынса 
ашығу сөзсiз жеңiлдiк әкеледi. Бұны ешқандай да химиялық дәрi-дәрмектермен алмастыру 
мүмкiн емес. 

 
43 
Ашығу  –  табиғи  антибиотик.  Антибиотиктердiң  не  екенiн  сiз  бiлесiз  бе?  Оларды 
қандай  болмасын  қабыну  ағымында  (суық  тиiу)  қолданады.  Егер  бiз  химиялық 
антибиотиктердi  жиi  қолданатын  болсақ,  бұған  тәуелдi  болғанда  неше  түрлi  жанама 
жаман әсерлерiн ала бастаймыз. Кейбiр адамдарда аллергия пайда болады. Пенциллиндi 
көп  iшкен  сырқаттардың  осыдан  өлгендерi  де  белгiлi  жайт.  Стрептомициндi  iшкен 
көптеген сәбилер саңырау болғандары да ақиқат. Бiздiң айтатынымыз – химиялық қолдан 
жасаған антибиотиктердi көп қолданбауға тырысыңыз. 
 
40. Ашығу табиғи антибиотик 
 
«Көзiң ауырса қолыңды ти, 
Iшiң ауырса аузыңды ти».    Қазақ мақал-мәтелдер 
 
 
Ашығудың жанама әсерi жоқ. Қабыну ағымдарын ары қарай дамытпайтын қасиетке ие. 
Осы қасиеттерiн көптеген ауру әкелетiн бактерияларға, әсiресе өкпе ауырғанда жұмсайды. 
Осыны  кiмнiң  де  болмасын  қолдануына  болады.  Қабыну  ағымы  сырқатына  шалдыққан 
көптеген  аурулар,  басы  ауырғандар,  қызуы  көтерiлген  адамдар  ашықса  –  бiрнеше 
тәулiктен  кейiн  құлан  таза  сауығып  кетедi.  Ашығуды  үзбей  ұстасаңыз  ешуақытта 
ауырмайсыз.  Ашығу  әдiсi  көптеген  химиялық  дәрi-дәрмектердi  алмастырып,  ағзадағы 
қабыну ағымын қалпына келтiредi. 
Ашығу – сүйектердiң қақсауына (ревматизм) , суық тигенде, қабыну ауруларына, 
сондай-ақ  шаршағанда,  ауа  жетiспегенде  көмектесетiнi,  қан  тамырларын  кеңейтiп,  тiптi 
қанды да тазалайтыны тәжiрибе жүзiнде дәлелденген 
Ашығу – қуатыңызды қалпына келтiредi, осыны ұстағаннан  кейiн, өзiңiз де күш-
қуатыңыздың артқанын байқайсыз. 
 
41. Ашығу –  өкпе мен бүйрек ауруларына да жағымды 
 
«Егер тән ауырса көңiлдiң күрт түсуi – табиғи құбылыс».        Әл - Фараби 
 
 
Ашығу  –  өкпе  ауырғанда  жөтелдi  басады,  дұрыс  тыныс  алуға  жәрдемдеседi.  Ол 
микробтарды  және  улы  заттарды  шығаратындықтан,  бүйрек  ауруларының  да  жұмысын 
қалыптастырады. 
         
Ашығу – бүйректiң жұмыстарын тамаша реттейдi. 
Ашығу  –  табиғи  антибиотик,  қорғаныс  қабiлетiн  керемет  арттырушы,  сансыз 
зиянды  бактериялардың  (пневмококк,  стрептококк,  алтын  түстес  сатафилококк)  ; 
қабынуына қарсы әрекет жасайды және бiртiндеп қан тамырларын да кеңiтедi. Тыныс алу 
жолдары,  көксау,  өкпе  қабынуы,  демiкпе  (астма)  ,  қан-тамырлары,  бауыр,  сары  ауру 
(гепатит) , бауыр циррозы, қан, қатерлi iсiк (рак) ауруларына шипа. 
42.  Ашығу  –  қызуды  керемет  түсiредi.  Әсiресе  сәбилер  мен  жас  балаларға: 
себебi, оларға аспирин iшуге болмайды 
 
Аштықты  ұстау  –  тiнiмiздегi  сұйықтың  (лимф)  айналысын  жақсарту  үшiн  қажет. 
Ашыққан кездегi iшкен ыстық суыңызға аздап бал мен лимон қоссаңыз дәрiгерлер бұны 

 
44 
табиғи  тамызғыш  (капельница)  деп  айтады.  (Ескерту:  егер  сусумыр  (қант  диабетi) 
ауыруымен  ауырсаңыз  бал  қоспаңыз,  қанытыңыз  көбейiп  кетедi.  Ыстық  суға  тек  лимон 
ғана қосып iшiңiз). Бұл тәнiмiздегi сұйықтардың ағынын күшейтедi. Осының есебiнен әр 
жасаушамызды  шаятын  сұйық  (лимфа)  оны  тамаша  тазалайды,  жуады,  ағзамыздағы 
барлық тiндердi (ткань) қоректендiредi. Ашығу – жасаушалардағы артық қоқыр-соқырды 
тазалағандықтан оттегi жақсы барып, дұрыс қоректенедi. 
Ашығудың  тағы  бiр  қасиетi  –  кеудесiне  қақырық  толып  қалған  демiкпе  науқас 
(астма)  дұрыс  тыныс  ала  алмай  қиналады,  осыны   тазалайды,  қақырық  түсiредi, 
кеудесi тазаланады. 
Сондай-ақ, аштықты ұстау – көксауларға (туберкулез) өте пайдалы. 
Бiз  бұны  ашығу  деп  атағанымызбен,  негiзiнде  бұл  ағзаны  тұтастай  емдейтiн 
Жаратушы жаратқан бiрден-бiр табиғи залалсыз ем. 
 
 
43. Ашығу – семiздiктiң алдын алып, тәбетiңiздi бәсеңдетедi  
 
«Ауру астан, дау қарындастан».    Қазақтың мақал-мәтелдерi 
 
 
Барлық аурулардың емi ағзаны тазалаудан басталады. Ашығудың қасиетi – қандай 
тамақтың  болмасын  құрамындағы  пайдалы  заттарды  ағзаның  сiңiруiне  көмектесiп, 
денсаулығымызды  шыңдайды.  Егер  сiздiң  денсаулығыңызда  кiнәрат  болса,  ең  алдымен 
ағзаны  тазалау  қажет.  Кей  кездерде  денсаулықты  қалпына  келтiру  үшiн  –  iшектi, 
түтiктердi тазалаудың өзi ғана жеткiлiктi болады. 
         
Салыстырмалы түрде – iшегiмiзге де қоқыс шығаратын құбыр (труба) сияқты неше 
түрлi  қақтар  жабысып,  шөгiп  қалады.  Осы  шiрiк  қалдықтар  жылдар  бойы  iшегiмiзге 
бiртiндеп жабысып, шөге бередi. 
         
Iшегiмiздiң iшкi бетiнде нәзiк түтiкшелер бар. Iшегiмiздiң ұзындығы 7 метр болса, 
осы түтiкшелердiң сору аумағы 200 шаршы метр болады екенiн көз алдыңызға елестете 
аласыз  ба?  Бiз  бiрдеме  жеген  кезiмiзде,  артық  қоқыстар  осы  нәзiк  түтiкшелерiмiздiң 
арасына  шырыш  түрiнде  бiртiндеп  шөгiп  қордалана  бередi  де,  iшегiмiз  қоқыр-соқырға 
толып кетедi. 
Бiтелiп  тұрған  iшектiң  қажеттi  нәрселердi  сора  алмасы  бесенеден  белгiлi.  Нәтижесiнде 
iшiп-жегенiмiздiң  жартысы  немесе  түгелдейi  –  тiкелей  әжетханаға  барып  түседi.  Бұрын 
қымыз, саумал, құрт, iрiмшiк, сүтке бұқтырылған тары немесе қол диiрменiмен тартылған, 
кебегi  жөндi  арылмаған  таба,  қарма  нанды,  басқа  да  табиғи  тiрi  тағамды  жегенiмiзде 
iшегiмiз  күнделiктi  тазаланып  отырған  –  адамдардың  денсаулықтары  мықты  болған. 
Өкiнiшке  орай  қазiргi  жейтiнiмiз  түгелдей  ұнтақталған,  басым  бөлiгi  өлi  тамақтар, 
ешқандай тұрпайы клетчатка жоқ болғандықтан iшегiмiз тазаланбайды. 
 44. 
Қалай арықтауға болады? 
  
Сiз  әрқашан  ашыққан  кезде,  тамақ  iшетiн  сәттi  жiберiп  алмай, 
жадыңызда ойша сақтап жүрiңiз. Егер сiз жiгерлi адам болсаңыз, ашығуды 
өмiрiңiздiң  ажырамас  бөлшегiне  айландырасыз.  Артық  салмақ  сiздi  ауру, 
әлсiз, мезгiлсiз қартайтуға әкелуiне жол бермеңiз. Өз денеңiздiң иесi болып, 
семiруiне жол бермеңiз. 

 
45 
Өзiңiзге  бағдарлама  жасап  алыңыз,  бiрақта  бiр  аптаның  iшiнде 
арықтаймын  деп  ойламаңыз.  Қалыпты  салмаққа  келу  үшiн  уақыт  керек. 
Қалыпқа келiп, сымбатты да әдемi болғанда өзiңiздi-өзiңiз мақтан тұтыңыз. 
Кiмнiң  болса  да,  өзiн  тамаша  сергек,  көңiлдi  сезiнгенiнде,  өзi  үшiн 
мақтанғысы келедi. Осылай болу үшiн еңбектену керек! Ашығу, өзiңдi-өзiң 
тежеу, дұрыс тамақтану – мiне денсаулықтың өтемi. 
 
Өзiңiздiң  салмағыңызға,  қарныңызға,  бөксеңiзге,  қолдарыңызға  үнемi  назар 
аударып  жүрiңiз.  Осы  кiтапты  мұқият,  бiрнеше  қабат  ыждағаттылықпен  оқып  шығып, 
арықтағыңыз келсе қолданыңыз. Ашығу мерзiмiн анықтағыңыз келсе сауатты дәрiгермен 
не  ашығуды  жақсы  бiлетiн  маманмен  ақылдасыңыз.  Бағдарлама  жасалғаннан  кейiн,  сiз 
жақсы  нәтижеге  жетем  деп  өзiңiздi  иландырыңыз.  Санаңыздың  илануы  денсаулықты 
түзетуде маңызды орын алады. Ашығу оңай емес, арықтау да қиын. Тек санаңыз иланып, 
дұрыс әрекет жасағанда ғана, сiз көздеген нәтижеге жетесiз. Бүгiннен бастаңыз. 
Тәп  осы  сәттегi  денемiздiң,  денсаулығымыздың  қалпы  –  ойымыздың,  сезiм 
құбылыстарымыздың,  қылған  қылықтарымыздың  айнадағы  шағылысы,  яғни  iшкi  жан-
дүниемiздiң сыртқы көрiнiсi. 
Егер сiзде артық салмақ болса дәрiнiң сиқырлы күшiмен арықтауға асықпаңыз. Iшкi 
жан-дүниеңiзге үңiлiңiз, себеп сонда. Өзiңдi және тәнiңдi ұзақ 15-20-30 күндiк ашығумен, 
әртүрлi  деңгейдегi  тамақ  мәзiрлерiмен,  қыстың  қақаған  аязында  жөнсiз  суық  сумен 
құйынып зорлауға болмайды. 
Әрине,  осындай  әдiстермен  белгiлi  нәтижеге  қол  жеткiзесiң.  Бiрақ,  ол  уақытша 
болады. Өзiңе деген көзқарасыңды өзгертпесең қайта семiрiп, толасың. 
Қорқыныш  және  қорғанысқа  деген  қажеттiлiк.  Семiз  адамдар  көбiнесе  өзiн 
қорғансыз  сезiнедi.  Май  –  қорғаныс,  қалқан  мiндетiн  атқарады.  Толық  адамдар  өте 
сезiмтал келедi. Бiрақта, өздерiнiң сезiмдерiн ауыздықтай алмағаннан кейiн, май келеңсiз 
сезiмдер мен уайымды саябырлатады. 
Семiздiк  –  өзiңдi  жек  көрудiң,  өзiңе  қанағаттанбаудың  сыртқы  көрiнiсiнiң  бiреуi. 
Сiз өзiңiзге онша разы емессiз. Өзiңiздi орынсыз сөгiп, жиi-жиi сынап мiнейсiз. Осы кезде 
денеңiз амалсыздан қорғанысқа көшедi. 
 
45. Семiздiк – өздерiне деген сүйiспеншiлiктiң болмауы 
 
Барлық  семiз  адамдарға  ортақ  нәрсе  –  өздерiне  деген  сүйiспеншiлiктiң  болмауы. 
Сондықтан, арықтаймын десең алдымен өзiңнiң тәнiңдi қабылдап, өзiңе сүйiспеншiлiкпен 
қарауды үйрен. 
Көптеген әйелдер босанғаннан кейiн тола бастайды. Бұны дәрiгерлер де, өздерi де 
гармондық құрылымның өзгеруiне телидi. Себеп осында ма? 
Баяғыда қазақтың бала тапқан әйелдерi 10 бала тапса да: сұңғақ, сымбатты, көрiктi 
қалыптарын сақтап қалды емес пе? Сирек болса да осындай көп балалы аналарымыз әлi де 
бар ғой! 

 
46 
         
Әрине,  денеде  гармондық  өзгерiстер  босанғаннан  кейiн  болады:  сүйектердегi 
кальций құрамы өзгередi, жанбасы кеңидi, бiрнеше милимметрге танауы ұзарады, бұғағы 
бiлiнедi т.б. Семiрудiң себептерi мұнда емес.  Себеп – бала тапқан келiншек, өзiне көңiл 
бөлудi  бәсеңдетедi.  Барлық  көңiлi  балаға  ауады.  Бұл  өрескел  қателiк.  Келiншек  бала 
тапқаннан  кейiн,  өзiне  көңiлдi  екi  есе  бөлуi  қажет.  Бұны  аяғы  ауыр  болып  жүргенде 
бастауы қажет. Көңiлдi тек бет-әлпетiңе ғана бөлмей: өзiңнiң ойыңа, сезiмдерiңе, тәртiбiңе 
де бөлуiң шарт. 
         
Сүйiспеншiлiк, мамыражайлық мол болған сайын, баланың денсаулығы да шыңдала 
бередi. Ендеше ұйқысыз түндер саны да, азайып кемидi. 
Өзiңдi сүю, қабылдау – өте маңызды. Егер өзiңiзге разы болмасаңыз, бұның сыртқы 
көрiнiсi  қайтсе  де  көрiнедi.  «Сыртқы  келбетiң  –  iшкi  ақиқатың».  Баяғыдан  белгiлi,  адам 
өзiн жақсы көрiп, өзiн жетiлдiре берсе, оның денесi сымбатты, салмағы қалыпты болады. 
         
Адамның  жаны  бос  кеуек  болуға  көнбейтiндiктен  –  сүйiспеншiлiктiң,  өмiрдiң 
ләззатын  тамақпен  толтыруға  тырысады  да,  мөлшерсiз  тамақ  iше  бередi.  Қазекең  бұны: 
«Таз ашуын тырнадан алады», – дейдi. 
         
Iшкi ашу-ыза, кешiре алмау да семiздiкке ұрындырады. Толық адамдар өте кiнәмшiл, 
өкпелегiш.  Өкпе  мен  ренiш  майдың  жиналуын  қамтамасыз  етедi.  Ренiш,  өкпе  –  өзiңдi 
өзгертуге  деген  талпыныс.  Немесе  өзiңдi  сүюге,  силауға,  бағалауға  тырысу.  Бәрi  де  – 
қайтадан сүйiспеншiлiкке, өзiңе деген көзқарасты өзгертуге әкелiп тоғысады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет