Жасару құпиясы. Ауру


 Арықтықтан көтерем болған  келіншектің көтеріліп толуы



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата01.02.2017
өлшемі1,05 Mb.
#3171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

15. Арықтықтан көтерем болған  келіншектің көтеріліп толуы 
 
Ол  әлсіз  шала  болып   туды.  Туғанда  салмағы  2  килограммға  толмады  десем 
қателеспеймін.  Менің  жұбайымды  кішкентай  күнінен  бастап  шешесі  мол  мөлшерде  сүт, 

 
24 
кілегей,     еттің  түр  –  түрін,  картофель,  күріш,  самса  және  т.б.  өзінің  пікірінше  салмақ 
қосатын  тағамдарды  жегізді.  Жылдар  өтті,  Рахпар  екеуміз  қосылдық,  екі  сәби  өмірге 
келді, жаман тұрғамыз жоқ. Мен бас маман, ол мұғалім болды. Бірақта жылдар өте келе 
осы тағамдарды көп жеген сайын шибійіп, әлсіреп аурушаң бола берді. 
Кей  кезде  әлсірейтіні  соншалық,  төсектен  тұра  алмайтын.  Осы  кезеңнің  өзінде  де 
салмақ қосатын мәзірде отырды. Өзім қатты ауырып ашығу арқылы денсаулығымды түзеп 
алдым. Рахпар мектепте сабақ берді, құп-қу, жіңішке, арық және өте әлсіз болды. Сабақ 
беріп  келгеннен  кейін,  мұрттай  ұшып  төсектен  тұрмайтын.  Рахпарға  өзімнің 
бағдарламамды  айтып,  өзімнің  көмегімді  ұсындым.  Ол  табиғи  өмір  сүру  нәтижесінде 
менімен  болған  өзгерісті  аса  ғажап  санап,  менімен  келісті.  Алғашқы  ұзақ  21  тәулік 
ашықаннан кейін шашымның ағарғандары жойылып қап-қара болып, өзім жасарып шыға 
келдім. 
Мен оған, ағзаға физиологиялық демалыс беру және ас қорту жүйесін жаңалау үшін 
дүркін-дүркін  ашығу  әдісін  қолдану  керектігін  түсіндірдім.  Тазалау  –  белокты  көп 
мөлшерде  сіңіруге  қажет  асқазан  сөлін  көбейтеді,  тек  қана  белоктың  сіңірілуі 
жақсармайды,  ашығудың  нәтижесінде  бүкіл  ас  қорту  жүйесі  жаңаланып,  жұмысын 
жақсартады.  Өмірдің  мәні  болып  табылатын  зат  алмасу  ағымы,  жасаушадағы  химиялық 
өзгерістер,  өлген  заттың  орнын  жаңа  зат  басуы,  нәтижесінде  өмір  сүруге  қажет  қуат 
шығарылуы, осылардың бәрі де ашықаннан кейін тіпті тамаша жүре бастайды. 
 
Тамақтың  тірі  затқа  айланып,  сонан  соң  қуатқа  айналуы,  ашықаннан  кейін  ет 
талшықтарының молаюына, ұлғайып көбеюіне әкеледі. Ашығу – ағзаның белокты, майды, 
көміртектерді, қантты, минералдарды, витаминдерді және т.б. ағзаның жақсы жұмыс істеу 
үшін  керекті  заттарын  сіңіруіне  көмектеседі.  Рахпар  таза  сумен  толық  жеті  күндік 
ашығуды бастады. Ол табиғаттың оның ағзасын тазалайтынына және ас қорту жүйесінің 
тазалануы оған жаңа дене беретініне шүбәсіз сенді. 
Алғашқы  жеті  күнде  біраз  салмағын  жоғалтты,  бірақ  ашығуды  аяқтағаннан  кейін 
тәбеті  керемет  ашылды.  Апталық  физиологиялық  демалыс  оған  таңқаларлық  нәтижелер 
әкелді.  Ол  өзін  әбден  жалықтырған  майлы  тамақ  пен  еттің  орнына,  қазіргі  жеген 
тамақтарына дән разы болып, тамақ жеуге өмірінде бірінші рет қуанғанын айтты. Оның 
тамағының  құрамының  50  пайызы  шикі  көкөністерден,  күнбағыстың  дәнінен  және 
жемістерден болды. Қосымша қайнатылған көкөністер, бөрттірілген бидай, жаңғақтар т.б 
тамақтарға  көшті.  Бірінші  ашығудан  кейін,  3  аптадан  соң  келесі  10  тәуліктік  ашығуды 
тағайындадым. 
Бұл  оның  жаңа  өмірінің  басталуы  еді.  Ол  тола  бастады.  Менің  арықтықтан  көтерем 
болған  жұбайым  әдемі,  әйелге  айланды.  Денесінің  әрбір  мүшесі  жаңадан  қайта 
жасалғандай  көрінді.  Беті  шырайланып,  нұрланып,  көзінде  сәбилерге  ғана  тән  ұшқын 
пайда болды. Біздің бауырларымыз, достарымыз, көршілеріміз Рахпардың бұлай өзгеруіне 
таң қалды.  Менің жұбайым, өзінің әдемілігі мен сұлулығын ұзақ  жылдар бойы өзгеріссіз 
сақтауда. 
            
Мен оған таза ауада, күн сәулесінде жиі болып тұруды және 20 минуттық тыныс 
алу  гимнастикасын  жасауды  үйреттім.  Содан  кейін  ет,  өлі  тамақтарды  жеуді  мүлдем 

 
25 
қойды,  қазіргі  тамақ  мәзірі  көкөністер  мен  жемістер  ғана  (вегетарианец).  Осы 
бағдарламаны шешелерінен көріп біздің екі қызымыз да осы бағдарламаны ұстанады, кіші 
қызымыз  зообпен  ауыратын,  өзінен  өзі  жоғалып  кетті.  Қазір  Құдайға  шүкір,  екі 
қызымыздан екі немереміз бар, бәрінің  ден саулықтары жақсы. 
Осылай  жазылып  алғаннан  кейін  Рахпар  мамандығын  тастап  шөп  дәрілерімен 
емдейтін  «Тянь  –  Ши»  коорпрациясында  Тибет  медицинасымен  шұғылдана  бастады. 
Талай  адамдардың  алғысын,  батасын  алып  жүр.  Аптасына  міндетті  түрде  36  сағат 
ашығады,  ара-тұра  3  тәулік  ашығуды  да  ұстайды.  Жасы  60-қа  келсе  де  шаршамайды, 
қуатты, көңіл күйі көтеріңкі, елдің денсаулығының жазылуына септігін тигізіп жүргеніне 
аса қуанышты. Өзінің өмірдегі орнын, сүйіп істейтін жұмысын тапқанына шексіз бақытты. 
  
Осы  Рахпар  жасағанды  басқа  адамдардың  да  жасауына  болады.  Ашығу  артық 
салмақта  да,  кем  салмақта  да  таңқаларлық  нәтиже  береді.  Толық  адамдарға  дене 
тынымсыздығы  тән  емес.  Олардың  көпшілігі,  сәті  келсе  болды,  бірінші  кездескен 
орындыққа  отыра  қалып,  керекті  істі  істеуге  өздерін  өздері  әрең  күштеп  істейді.  Семіз 
адамдардың  артық  майы  демалу  мүшелерінің  жұмысын  ауырлатқан  себебі,  тыныс 
алулары ауыр болады. 
Байсалды  дәрігерлердің  білуінше,  артық  салмақты  адамдар  –  ауру  адамдар.  Олар 
жазылмайтын, созылмалы түрде ауыратын аурумен ауруға бейім тұрады. Семіз адам өзін 
жақсы  сезіне  алмайды.  Біріншіден,  оған  ылғи  ауыр  салмақ  көтеріп  жүруге  тура  келеді. 
Енді салмағы қалыпты адамға күн ұзаққа 10 килограмм көтертіп қойыңызшы, ол әлсіреп, 
шаршап,  шаруасы  бітеді.  Семіз  адам,  өзінде  қанша  артық  салмақ  бар,  сонша  салмақты 
көтеріп жүруге мәжбүр. 
 
Осы  екі  топтағы  адамдарға  да  табиғи  өмір  сүру  мен  ашығу  бағдарламасы  қажет. 
Ашығу – өзіңнің денсаулығыңды қалыпқа келтірудің және шыңдап жетілдірудің сиқырлы 
кілті. Ашығу – аса керемет тазалағыш, тек тазаланған ағзада ғана барлық жүйе қалыпты 
жұмыс жасайды. Ашығу – денсаулықпен ұзақ ғұмыр сүруге апаратын даңғыл жол. 
Әрине,  барлық  адамдар  бірдей  емес,  кейбіреулердің  нәтижесі  басқаларға  қарағанда 
жылдам болады. Егер сіз арық, салмағыңыз төмен болса, оның үстіне әртүрлі мәзірлерді 
қолданып  көргеніңізде  нәтиже  болмаса,  қапаланбаңыз,  ашығу  бағдарламасын  байқап 
көріңіз. Сізді қалыпты салмақтағы адам етіп шығаруға табиғатқа мүмкіншілік беріңіз. 
         
Адамға  ғажайыпты  армандау  тән  қасиет!  Табиғи  тамақтың,  ашығудың,  дене 
шынықтырудың  нақтылы  мүмкіншіліктерін  білмей,  олар  ғажайыпты  өздері  түсінбейтін 
айдаладан  іздейді.  Аурудан  азап  шеккендер,  мезгілсіз  қартайғандар,  тез  жазылу  мен 
жасарудың жолын іздейді. Табиғаттың ұлы заңдарымен жүру қарапайым. Есіңізде болсын 
– 
денсаулықты еңбектенсең ғана табасың! 
 
16. Қазақстандағы жасөспірімдер арасындағы ауру-сырқау 
 
«Алла жолында өз нәпсiсiне қарсы келетiн адам әулие». 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 

 
26 
 
Адам  баласына  ғажайыпты  армандау  тән  қасиет!  Өз  еркіңмен  ашығудың, 
тамақтың,  дене  шынықтырудың,  дұрыс  тамақ  мәзiрiнiң,  дұрыс  тыныс  алудың,  нақтылы 
мүмкiншiлiктерiн  бiлмей,  олар  ғажайыпты  өздерi  түсiнбейтiн  айдаладан  iздейдi.  Саналы 
түрде өз еркіңмен аштық ұстау – әдемiлiкке, ғажайыпқа, имандылыққа толы. Сондай-ақ, 
жеке  қуатыңызды  арттыруға,  мамыражай  қалыпқа  түсуiңiзге,  iшкi  жан-дүниеңiздi 
тыныштыққа, бақытқа, рахатқа, алаңсыздыққа, шаттыққа сүңгiтiп, жоқшылықтан, еңсеңдi 
езiп тұрған кедейшiлiктен құтылуға мүмкiншiлiк бередi. Енді 
2005  жылғы  «Денсаулық»  журалының  №  5  санында  жарияланған,  қазіргі 
қазақстандағы  жасөспірімдер  арасындағы  ауру-сырқаудың  бір  дәйегін  айтайын.  Бұл 
көрсеткіш  өсе  түспесе,  кеміген  жоқ.  «Ғылыми  –  зерттеу  инстуттарының  зерттеулері 
көрсетіп  отырғандай,  елімізде  жасөспірімдер  арасында  ауру-сырқау  жыл  санап  көбейіп 
барады.  Соңғы  деректерге  жүгінсек  жасөспірімдер  аурушаңдығының  көрсеткіштері 
тексерілген әр 1000 балаға шаққанда мынадай екен: 
Ақмола облысы       177, 6 
Ақтөбе облысы         424, 8 
Алматы облысы        90, 4 
Атырау облысы        183, 2 
Батыс Қазақстан 
облысы                        465, 3 
Жамбыл облысы       305, 1 
Қарағанды облысы      565, 0 
Қостанай облысы        469, 9 
Қызылорда облысы     933, 6 
Маңғыстау облысы      327, 5 
Оңтүстік Қазақстан 
облысы                           212, 6 
 
Павлодар облысы     542, 4 
 
Солтүстік Қазақстан    423, 7 
 
Шығыс Қазақстан 
облысы                          650, 2 
Астана қаласы             311, 5 
Алматы қаласы           664, 2 
 
Қазақ  ұлттық  медицина  университеті  ректорының  ғылыми  жұмыстар  жөніндегі 
кеңесшісі, профессор З. Мажитованың мәліметі бойынша соңғы кездерде елімізде мүгедек 
балалар мен тіпті бір емес бірнеше созылмалы ауруы бар сәбилер саны арта түсуде. Ұл 
балалардың денсаулықтары нашарлап барады, ал болашақ ана – қыз балалардікі одан да 
қауіпті. 
Енді  үлкен  адамдардың  жағдайларын  байқайық.  Егер  жастарымыздың  жартысы 
әлсіз, ауру екеніне көзіңіз жетсе, үлкен адамдардың жағдайлары бұдан да сорақы. Біздің 
18  бен  20  жас  аралығындағы  жастарымыздың  65-70  пайызы  әскерде  қызмет  етуге 
жарамайды.  Егер  біз  25  пен  75  жас  аралығындағы  адамдарымызға  қарасақ,  жағдайлары 
тіптен мүшкіл. 

 
27 
     
25 адамнан топ жиып, оларды тексеріп денсаулығы мен ауруы жайы сөйлессек,   онда 
олардың  99  пайызының  бір  немесе  бірнеше  өмірлік  маңызы  бар  мүшесінің  созылмалы 
аурумен ауратынына сенімді бола беріңіз. Қайтсе де, әрбір адамның бір жері ауырады. 
Олар  сізге  өзіне  жасаған  операцияларын,  ішкен  дәрілерін,  шеккен  зардаптарын  айтады. 
Адамдардың  көпшілігі,  өздерін  рухани  және  тәндік  дамытпайтын  өмір  сүру 
бағдарламасын  ұстанады.  Осының  дәлелі,  көбейіп  келе  жатқан  қарттар  үйлері  және 
мүгедек  балаларға  арналған  мектеп  интернаттар,  тастанды  балаларға  арналған  жетімдер 
үйі,  қала-қалаларда  өріп  жүрген  қаңғыбас  бомждар.  Осы  үйлер  қарттарға,  ауруларға, 
қаңғыбастарға  және  мүгедек  пен  тастанды  балаларға  лықа  толы.  Менің  сізден  сұрайын 
дегенім, табиғат шынында да біздің өміріміздің соңын осылай қайғылы қылып қойды ма? 

 
17. Пайғамбарлар 40 күннен ашыққан 
 
Жер  бетiне  келген  пайғамбарлардың  бәрi  де  рухани  емделу,  жетiлу  үшiн  ашығуға 
жүгiнген.  Олар  ашығудың  ақылды  ұшқырлап,  ойлау  қабiлетiн  арттыратынын  бiлген. 
Өмiрдiң ұлы шындығын уағыздау алдында Нұх, Сүлеймен, Мұса, Дәуiт, Иса, Мұхаммед 
т.б. пайғамбарлар, сондай-ақ Будда мен Гандилер де 40 күннен ашыққан. Мысырда ұлы 
Александрияда,  әлемнiң  мәдениет  орталығы  болған  кезде,  шеберлiкке  үйрену  үшiн 
шәкiрттер  40  тәулiк  ашығуға  тиiс  болған.  Ұлы  Пифагор  өзiнiң  философиялық  iлiмiн 
үйренетiн шәкiрттерiнен 40 күндiк аштық ұстануын талап еткен. 
Оның  пайымдауынша  40  күн  аштықтан  кейiн  ғана  шәкiрттерiнiң  ой-өрiсi  мөлдiрленiп, 
санасы нұрланып, өмiрдiң терең құпиялы iлiмiн меңгеруге қабiлеттерi сонда ғана жетедi 
деп  есептеген.  Ертедегi  грек  философтары  өздерiнiң  шәкiрттерiне  тамақты  тарта  iшетiн 
мәзiрдi бiрiншi орынға қоюды үйреттi. Эпикур, Сократ, Платон, Сенека т.б. философтар 
өздерiнiң  шәкiрттерiнiң  тамақ  мәзiрiн  бiрiншi  орынға  қойды,  осы  тамаққа  деген  қатаң 
талап, бұлардың тағам құрамына қандай маңыз бөлгенiн көрсетедi. 
Осы алыптардың даналық сүю iлiмi (философиясы) , нешеме ғасырлар өтсе де, әлi күнге 
маңызын жоғалтқан жоқ. Лас денеден – лас ойлар және керiсiнше таза, аурусыз денеден 
мөлдiр  ойлар  туындайды.  Дене  қалай  улардан  тазаланады,  ләззат  әкелетiн  ой  өрiстiң 
деңгейi де жоғарлай бередi. 
 18. 
Денсаулықтың он қағидасы 
 
 
Сен өз денеңдi өмiрдiң керемет құбылысы ретiнде құрметтеуiң керек. 
Сен қоздырғыш iшiмдiктерден, барлық табиғи емес, өлi тамақтан бас тартуың керек. 
Сен өз денеңдi өңделмеген, тек табиғи, тiрi тағаммен қоректендiруiң керек. 
Сен өзiңнiң денсаулығыңа қалтқысыз қызметiңдi ғұмыр бойы арнауың керек. 
Сен  дұрыс  iс  әрекетiң,  нағыз  демалысың  арқылы  өз  денеңнiң  саулығын  сақтап 
арттыруың керек. 
Сен  өз  жасаушаларыңды,  бұлшық  етiңдi,  қаныңды  таза  ауамен,  күн  шуағымен 
тазалауың керек. 
Сен өзiңнiң тәнiң мен санаң өзiн жаман сезiне бастағанда, қандай болмасын тамақтан 
бас тартуың керек. 
Сен өз ойыңды, сөзiңдi, мiнезiңдi әрқашан байсалды да, асқақ қалыпта ұстауың керек. 

 
28 
Сен  табиғат  заңдылықтары  туралы  бiлiмiңдi  тұрақты  түрде  толтырып  отыруың 
керек. 
Осыны өмiрiнiң мағынасына айландырып, өз iстеген еңбегiңе қуануың керек. 
Сен  табиғат  заңына  бағынуың  керек.  Денсаулық  сенiң  құқың,  осыны  пайдалана  бiл!    
 
Поль С. Брэгг 
  
19. Поль Брэгг деген кiм? Оның iлiмiнiң ерекшелiгi неде? 
 
Шетел әдебиеттерiнде «табиғаттанушы», «табиғатпен үндесушi» деген сөз тiркестерi жиi 
қолданыла  бастады.  Табиғи  тағамдармен  тамақтанатындарды  осылай  деп  атайды.  Олар 
осылай  өздерiнiң  қазiргi  қорапталған,  консервiленген,  жансыздандырылған,  құрамында 
көмiртегi өте көп ет, май және тәттi тағамдар өнiмдерiне наразылықтарын бiлдiредi. 
Бұлай  тамақтануға  алғашқы  қарсы  шыққандардың  бiрi  Поль  Брэгг.  Брэгтiң  ең  атақты 
кiтабы «Ашығу кереметi» (Чудо голодания) батыста көптеген миллиондаған даналармен 
басылып,  көпшiлiктiң  сүйiп  оқитын  оқулық  кiтабы  болып,  қолдан-қолға  тимей  таралды. 
Кiтаптарының, лекцияларының, басылымдарының ең тамаша жарнамасы Брэгтiң өзi, жеке 
тәжiрибесi  және  өмiр  сүру  қағидасы  болды.  Ол  90  жасында  күштi,  шапшаң,  иiлгiш, 
шыдамды, қысқаша айтқанда қылшылдаған бозбала сияқты болатын. 
         
Поль Брэгг күнделiктi 3...5 шақырымға жүгiрдi, тауға шықты, көп малтыды, теннис 
ойнады,  биледi,  жаяу  ұзақ  жүрiп,  гантель,  гирь  көтердi,  серфингпен  (тақтайдың  үстiне 
тұрып  алып  толқында  сырғанау)  шұғылданды.  Жұмыс  күнi  12  сағатқа  созылды,  бiрақ 
шаршауды,  ауруды  бiлмедi,  әрқашанда  сергек,  тың,  өмiрге  құштар  және  адамдарға 
көмектесуге дайын тұратын. 
Поль Брэгг 1976 жылы 95 жасында Флорида жағалауында суда сырғанап жүргенде алапат 
толқын  басып  кетiп,  қайғылы  қазаға  ұшырады.  Оны  5  баласы,  12  немересi,  14  шөбересi 
және  мыңдаған  iзбасарлары  жоқтады.  Сарапшы  –  паталоганатомдар  тексергенде  оның 
жүрегi,  қан  тамырлары  және  басқа  iш  құрылыс  мүшелерi  өте  жақсы,  керемет  жас 
баланыкiндей  болған.  Брэгг  бiр  сөзiнде  «менiң  тәнiм  жас  мөлшерiн  бiлмейдi»  –  деп 
айтқан. 
         
Поль Брэгг денсаулықты түзеу негiзiне дұрыс тамақтану жүйесiн басшылыққа алған, 
еттi  мүлдем  жемеген,  балықты  өте  сирек  пайдаланған.  Өзiнiң  жүйесiнде  ашығу 
бағдарламасына көп көңiл бөлдi. Шоғырланып қалған улардан, қалдықтардан, маңқадан, 
тұздан  ағзаны  тазалау  үшiн:  аптасына  бiр  тәулiк,  3  айда  бiр  қабат  апталық  ашығу 
бағдарламасын ұстауды ұсынды, ашығу кезеңiнде тек таза: құрамында минералдары жоқ 
су ғана (дистилированный) iшу керек деп үйреттi. 
Қазiргi  адамдар,  тамақ  iшкiсi  келмесе  де,  күнiне  бiрнеше  рет  тамақтануды  әдет  еткен, 
созылмалы  гастритiнiң  салдарынан  болатын  қобалжуды  «аштық»  деп  қабылдайды.  Осы 
әдеттi өзгертудiң түкте қиындығы жоқ, тек санаң тәнiңдi басқарса болғаны. Брэгг таңертең 
мүлдем тамақ iшпеген, адам өзiнiң тамағын денелiк күш қуат жұмсап барып iшуi керек, 
қазақша айтсақ: «Таңғы ас Тәңiрден», – деп есептеген. Оған күнiне екi мезгiл тамақ iшу 
жеткiлiктi  болған.  Адам  баласына  ғажайыпты  армандау  тән  қасиет!  Тамақтың,  дене 
шынықтырудың,  дұрыс  тамақ  мәзiрiнiң,  тыныс  алудың,  ашығудың  нақтылы 
мүмкiншiлiктерiн бiлмей, олар ғажайыпты өздерi түсiнбейтiн айдаладан iздейдi. 

 
29 
         
Поль Брэгг: «Табиғаттың ұлы заңдарымен өмiр сүрудiң еш қиындығы жоқ. Аурудан 
азап  шегiп,  мезгiлсiз  қартайғандар,  тез  жазылу  мен  жасарудың  жолын  армандайды. 
Есiңiзде  болсын:  денсаулықты  еңбектенсең  ғана  табасың!  Оны  сатып  алуға  болмайды, 
ешкiмде  оны  сiзге  сатпайды.  Мен  табиғат  заңдылықтарын  зерттеймiн,  бұзбаймын, 
нәтижесiнде денiм сау және өте қуаттымын. Табиғи тамақтану, ашығу арқылы өзiңдi-өзiң 
тазалау  жолдары,  дене  шынықтыру  –  қартаймайтын,  солмайтын,  әр  күнiңiзге  шаттық 
силайтын өмiрге алып келедi». 
         
«Адам ата мен Хауа ана заманынан берi ең маңызды мәселе – адам ғұмырын ұзарту. 
Бiр де бiр адам баласы өлiм тырнағынан қашып құтылған емес, бiрақта белгiлi тамақтану 
және  тазалық  ережесiн  сақтап  өз  өмiр  жасыңды  ұзартуға  болады.  Әрқайсың  осыны:  ең 
алдымен  өзiң  үшiн,  туған  туыс  пен  достарың  үшiн  және  өзiңнiң  елiң  үшiн  жасауға 
мiндеттiсiң.  Әр  адамның  өзiнiң  денсаулығын,  өзiнiң  тәнiн  жетiлдiрудiң  денсаулықтары 
жақсы қалыпта табиғи жасын жасаудың қоғам үшiн зор маңызы бар. 
Әр адам 120 жыл не одан көп өмiр сүруге мiндеттi және осыған толық құқысы барына мен 
сенемiн. Денсаулықты  сатып алу мүмкiн емес, оны өзiңнiң тiкелей еңбегiң арқылы ғана 
табасың. Тек қана өзiңнiң табанды еңбегiң ғана шексiз денсаулық пен қуатты ұзақ ғұмыр 
сүрушiлердiң қатарына алып келедi. Мен өз денсаулығымды өз еңбегiммен ғана таптым. 
Менде  ауру,  шаршау  деген  болмайды  және  денем  болбыр,  бопау  емес,  жылдың  365 
күнiнде саумын. Осы нәтижеге сiз де жетесiз! » 
            
Өзiнiң  сауықтыру  жүйесiнде,  Брэгг  дұрыс  тамақтануға  зор  мән  берген.  Оның 
көзқарасының  негiзi  мынада  болған:  күнделiктi  қолданатын  тамақтың  60  пайызы  шикi 
көкенiстер мен жемiстерден құралған. Қалған бөлiгiне таңдау мүмкiншiлiгi кең ауқымда, 
бiрақта  өндiрiсте  химиялық   әдiспен  өңделген  тамақтардан  аулақ  болу  қажет.  Тамақ 
неғұрлым  табиғи  түрде  болғаны  жөн,  тұзы  мен  рафинадталған  қаныты,  жасанды 
қоспалары неғұрлым аз мөлшерде болғаны дұрыс. 
Брэгг  бiржақты  болмаған,  егер  адам  ет  жеуге  үйренсе  жей  берсiн,  бiрақ  аптасына  3-4 
қабаттан  артық  емес.  (кейбiреулер  сияқты  күнiне  3-4  рет  емес).  Ол  шұжық  (колбаса)  , 
консервi,  қуырылған,  тұздап  қақталған  және  майлы  еттi  пайдаланбауды  ұсынған. 
Жұмыртқаны  аптасына  2...3  рет  қана  жеудi  жөн  деген.  Ересек  адамдардың  сүт,  кiлегей, 
iрiмшiк, сары май, малдың майларын көп қолданбауын жақтаған. 
«Аурулардың 99 пайызы дұрыс тамақтанбаудан зардап шегедi. Адамдар өздерiнiң 
денелерiнiң қаншалықты ласталғанын түсiнбейдi, дұрыс тамақтанбағандықтан ағзасы улы 
заттар, шырыш пен маңқаға, кiр-қоқысқа лықа толы екенiн сезбейдi», – деп жазады Брэгг. 
Тағы айтады: «Ашығу белгiлi бiр аурудың емi емес, ашыққанда ағза өзiнiң өмiрлiк қуатын 
тазалауға  және  сауықтыруға  жұмсайды.  Ашығудың  арқасында  ағза  өзiн-  өзi  емдеп 
жазады». 
 
20. Тамақ қортудың мінсіз бағдарламасы 
 
Барлық керегі бар тамақтанумен, мен төменгі реттілікті ұсынамын. Бірінші үлкен дәретім, 
таңертең ояна салысымен келеді. Денемді бірнеше айландыру қозғалысы, ішегімнің толық 
тазалануына  көмектеседі.  Әдетте  мен  таңертең  тамақтанбаймын,  себебі  осы  тәртіп 
денсаулыққа өте пайдалы. Оянғаннан соң, бірнеше сағат өткеннен соң, аздап мөлшермен 

 
30 
жаңа  үзіп  алынған  жеміс:  ананас,  банан,  апельсин,  өріктің  сарысын  не  қарасын  жеймін. 
Бірер сағат өткеннен соң, бірінші тамағым көкеністерден дайындалған сәбіз, капуста т.б. 
салаттар, осыларға асқазаным жақсы жұмыс істеу үшін авакадо қосамын. 
      
Бірінші  салатты  жеуді  ережеме  айландырдым.  Себебі,  біз  ағзамызды  тек  табиғи 
тамаққа ғана бейімдеуіміз керек. Көпшілік адамдар тамақтануды көже ішу мен нан жеуден 
бастайды,  менің  пікірімше,  бұлай  тамақтану  мүлдем  қате,  себебі  шикі  көкөністер  тамақ 
алдында ас қорту сөлінің бөлінуіне көмектеседі. Шикі көкеністің құрамында табиғи сөл 
мол, бұл ас қортуға ең қажет зат. 
Сондықтан да, мен тамақты көкөніс салаттарынан бастауларыңызды талап етемін, осылай 
бірнеше  жыл  әдеттенсеңіз,  сіздің  ағзаңыз  тамақ  алдында  басқа  нәрсені  қабылдамайды. 
Осының нәтижесінде, сіздің тағамыздың құрамында, көкөніс мөлшері 60 пайызға жетеді. 
Шикі  көкөністер  мен  жемістерде  өмірлік  күш  мол,  бұл  табиғаттың  күн  қуатын 
шоғырландырып, бізге дайындаған тірі тамағы. 
      
Мен  сіздердің  тамағыңыз  100  пайыз  тек  қана  көкөніс  пен  жеміс  жидектерден  ғана 
болсын деп айта алмаймын, себебі қазіргі өркенниетті адам, осыдан 5-6 мың жыл бұрын 
өмір  сүрген  ата  бабалары  сияқты  өмір  сүре  алмайды.  Міне  мен  сондықтан,  тамақ 
құрамының  мінсіз  мәзірінің  60  пайызы  шикі  көкөністер  мен  жеміс-жидектерден,  20 
пайызы белоктан құралуы керек деп есептеймін. Бұл белок ет, балық, жұмыртқа, табиғи 
ірімшік  –  сыр  немесе  өсімдіктен  жаңғақ,  дән  түрінде  болады.  Сыра  ашытқысы  және 
бөрттірілген бидай да белок азығының маңыздысы. 
          
Соңғы  20  пайызының  өзі  үшке  жіктеледі.  Бірінші  бөлігі  табиғи  крахмал:  наннан, 
күріштен,  бұршақтардан  алынады.  Екінші  бөлігі  табиғи  қант:  балдан,  шырындар  мен 
кептірілген жемістерден алынады. Үшінші бөлігі табиғи қанықпаған майлар – күнбағыс, 
соя  т.б.  өсімдік  майлары.  Табиғи  крахмал,  қант  және  майлар:  бұлар  жоғары  мөлшерде 
шоғырланған тамақ, сондықтан осыларды аздап мөлшермен ғана қолданыңыз. 
 
21. Ет жемейтіндер етті жеуге қарсы 
 
Осы уақытта ет жемейтіндер мен ет жейтіндер арасында толассыз айтыс жүріп жатыр. Екі 
жақта  өздерінің  көзқарастарын  ғылми  түрде  негіздеп  дәлелдеуде.  Мен  сізді  ана  жақты, 
мына жақты қолда деп үгіттемеймін. Осы тақырыпта жүздеген кітаптар жазылған. Маған 
келсек, тамақ туралы әңгіме болғанда «ешқашанда» деген сөзді өмірімде қолданбаймын. 
Ұзақ жылдар бойы ашығу бағдарламасымен шұғылданғандықтан және тамағымның басым 
бөлігі жаңа жұлынған көкөніс пен жемістер  болғандықтан, менің ағзамның сезімталдығы 
сонша жетілген, не жеу керектігін , маған мүлт жібермей хабарлап отырады. 
Басқаша  айтқанда,  менің  ағзамда  тамақ  таңдау  болмысы  дамыған.  Кей  уақытта  ет, 
балықты  аузыма  да  алмаймын,  бірақ  сонан  кейін  аздап  ет  пен  балық  же  деп  ағзам 
хабарлайды. Осы ішкі даусым маған керемет көмектеседі. Мен отар - отар қой, мыңдаған 
бас  ірі  қара  өсіретін  колхозда  тәрбиелендім.  Сондай-ақ,  1968-69  жылдары  Семей 
қаласында  ет  комбинатының  тоңазытқыш  машинист  деген  бір  жылдық  оқу  орнын 
бітірдім.  Күнделікті  сан  мыңдаған  малдарды  осы  жерде  соятын.  Өлтіру  мен  үшін  ең 
жеккөрінішті  нәрсе.  Мен  ешуақытта  да,  аңшылықпен  не  балық  аулаумен  шұғылданып 

 
31 
көрген  емеспін,  себебі  кімнің  болмасын  да  ажалына  себепкер  болғым  келмейді.  Мен  ет 
жемейтін сұлу да, сымбатты адамдарды көрдім. 
Екінші  жағынан  таңқаларлық  денсаулықтары  бар  етпен  ғана  тамақтанатын  адамдарды 
көрдім. Енді бірде оңтүстік теңізде саяхаттағанымда, жеміс-жидекпен қоса балық, құс, ет 
жейтін  керемет  адам  ұрпақтарының  да  өкілдерін  көрдім.  Сондықтан  да  ет  жеу,  жемеу 
көзқарасы  жөніндегі  дауда  бейтарап  бағытты  ұстанамын.  Өз  ағзамды  тазалай  және 
жетілдіре отырып, оның тамақ таңдау қасиетінің дами түсетінін сеземін. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет