Жасыл жаңбыр таңдамалы өлеңдер



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата01.01.2017
өлшемі1,22 Mb.
#903
1   2   3   4   5   6   7

* * *
Түсінбеске түсіндірем деу – обал, 
Түсінгеннің ішін білем деу – обал. 
Қаскөйлерді ісіндірем деу – обал, 
Мешкейлерді ішіндірем деу – обал. 
Ғашықтарды бөліп кетем деу – обал, 
Жасықтарды женіп кетем деу – обал.
Сезіміңе сеніп кетем деу – обал,
Өз үйіңе келіп-кетем деу – обал.
Обал, обал! Обал, обал! Бәрі – обал, 
Обалдарды көтеріп тұр молалар. 
“Обалмыз” деп ойланады обалар
Обалдарды обал қуып жоғалар.

334
* * *
Күлбілте күндер күлдірмек мені қытықтап, 
Мазамды тырнап болмайды тағы мысық-бақ. 
Қумақшы менің қап-қара жыным, бәлемді, 
Батар күн анау өкпемен қағып, ұшықтап.
Жақсылық ойлап жатыр ғой бәрі... ұғамын,
Кәрі көл әкеп төсемек маған құрағын. 
Күзгі жел менің күп-күрең күндей бетімнен, 
Сүймекші болды... Ол емес бірақ құмарым.
“Ауна– деп– қарға» ақша тау болмас қол бұлғап, 
Шырша да шыңды саусағыменен қалды ымдап. 
Мәшине біткен мәз болып, ән сап өткенде, 
Аңырып тұрам, астымда арбам салдырлап. 
Қытықшыл бір өн естілмей кетті қыр – беттен, 
Кеткен бе, тәйірі, кешегі гүл-гүл дүрмекпен. 
Менмен кеудемді менсіне де алмай мен тұрмын, 
Безердей болып беделсіз ылғи құрметтен.
Селеудей толқып секемшіл көңіл шошыды-ай, 
Құлдилап келем құланды қуған Жошыдай... 
Қайтара алмайсың қайқайып кеткен бұл істі, 
Өтеміз, қарғам, өтеміз біздер осылай.
 

335
БӘЙТЕРЕК
(Қазақстан мектебі журналының
75 жылдығына)
Талықсып тау-тасында, жазығында, 
Көре алмай көк аспанның жарыгын да, 
Қырзын мен сүргін кешкен қайран қазақ 
Айналған шыркөбелек қазығында–
Бір жулдыз шыға келді сол бір кезде 
Жилтырап жиырма бестің тамызында.
Сәуледеп сәуле туды сана көктеп, 
Жұлдызга жұлдыз ерді «ала кет!» деп.
Ұрпаққа уыс-уыс лағыл шашты, 
Сол жұлдыз - сонда туған «Жаңа мектеп» 
Сексен жыл өткен екен содан бері, 
Сөйледі «Жаңаа мектеп» дана боп тек.
Қазақтың көркі бөтен көктемінің,–
Мұнда бар өксік үні өкпелінің. 
Мұнда бар мұң сімірген ғалым сөзі,
Үні бар көкке ұлыған Көк Бөрінің.                       
Соидықтан орны бөлек бәрін көрген–
Бугінгі «Қазақстан мектебінің»!
Әр елде алуап турлі жария бар, 
Әлемде алуан турлі әз ұя бар. 

336
Қарасаң - «Қазақстан мектебінен»
Бас алып аққан екен дариялар. 
Баладай бас иеді оғап бугін 
Сақалыи борға малған қариялар...
Алаштың ақ жайлауы, алқалы елі 
Бұл тойга сыбағасын тартады енсді. 
Құт тілеп «Қазақстан мектебіне» 
Нарларын намыстылар артады енді!..
Бірін айт бәрінен де -
Самғай берсін 
Білімніц бұтак, жайған бәйтерегі!

337
ШҰРҚЫРАП ҚАМБАР АТА,
ҚОЙ МАҢЫРАП...
Қазақтың асқар тауы – аруанасы,
Маңқиған момын саулық – маң даласы. 
Бұлттай таудан түскен төмен тартты 
Жаз бойы жайлау емген мал баласы.
Шудадай ширатылып, буйраланып,
Жарықтық жаздың жүзі мида қалып,
Үркердің үмітіндей сұр аспаннан 
Күз құлап, қара жаңбыр құйғаны анық.
Қалың, мал қыстау беттеп, ойға қулап, 
Малшы тұр қыстың қамын ойланып ап.
Күзеудің күңгірт тартып жұрты қалды,
Шұрқырап Қамбар ата, қой маңырап!
Иә, Алла! Ел тілегін ескере гөр! 
Қарыңнан, бораныңнан сескенеді ел.
Қысылмай бұл қысыңнан аман шықсақ, 
Ел тойып, жер қайтадан кестеленер.
Маңдайы кең ашылсын малшы ағаның 
Тұщынып мың сімірсін таң самалын.
Болса екен қора бүтін, үйі жылы– 
Үмытар кең көсіліп шаршағанын.

338
Еркек қой қүйырығын салмақтасын, 
Көрсетсін көңіл күліп, бармақ басын. 
Төл төксін төрт түліктей малшы қауым, 
Құдайым елді ешкімге алдатпасын.
* * *
Өмірде адамдар болады – 
Қылшығы – қылыштай, 
Былшығы – шырыштай.
Өмірде адамдар болады – 
Кеудесі-күпірлік
Тәубесі – түкірік.
Өмірде адамдар болады –
Арманы – астында.
Алғаны – үстінде.
Өмірде адамдар болмайды – 
Көкірегінде күнә жоқ, 
Мұндайлар, сірә, жоқ.

339
ҚУАНАСЫҢ СЕН НЕҢЕ?
«Тәуелсіздік құтты болсын! Міне бес» – 
Деп мені бір қүттықтады сарамес. 
Біз тәуелсіз құл боп келдік, шынында,
Күніміз де түн еді ғой, күн емес.
Қуанасың, құл-құтан-ау, сен неңе? 
Шаттық орнай калыпты қой кеудеңе.
Ұл боп туып қатынынан қазақтың,
Құл болуға тиісті едің сен неге?
Сен тәуелсіз болдым деме, қарағым, 
Қу едің ғой құлдан жаман араның. 
Иесі емес сен тәуелсіз сананың, 
Соны айтып тұр жылтыраған жанарың.
Мезгіл үйдің ашса-дағы түндігін, 
Мұңданатын, мұңаятын күн бүгін.
Қол берісіп құттықтайтын салт бар ма 
Бостандыққа шыққан құлдар бір-бірін?

340
* * *
Қылыш ұстап көрген жоқпын қолыма.
Сабы қандай, жүзі қандай –
Сезе алман. 
Оны қадап кетсе біреу жолыма,
Бас салар ем –
Сол бір сәтте жоқ арман.
Атсыз, затсыз бір от ойнап көзімде, 
Қылыш жүзін тырнағыма салар ем, 
Ұмыт болып өзге-дағы 
Өзім де, 
Алдаспанды дереу белге тағар ем.
Қан төгісу, кек алысу маған дәл, 
Арман емес, ол-дағы емес жетерім. 
Қылыш барда, 
Білсін деймін адамдар,
Өмір сүру сәл қиындау екенін.
Көрсін деймін елестетіп көзіне.
Бабалардың басы доп боп ұшқанын.
Қарап қойсын бейбіт аспан көгіне, 
Іздемесін дәл жанынан дұшпанын.
Қылыш тағып, алшаң қағып мен жүрсем, 
Қылыш тағып мені біреу іздей ме? 
Жаңағы ойға адамдарды сендірсем,   
Сол қылышты қояр едім музейге. 

341
МЕЗІ ЕТЕДІ
Мезі етеді барлығы,
Мезі етеді,
Мезі етпейтін шақтарың тез өтеді.
Мерекелеп жатқавда мейрамыңды,
Келекелеп біреулер сөз етеді.
Сөз етеді,
Бойыңды түзетесің,
Суға салған болаттай “быж” етесің.
Күл етесің
Күлкінді бетіңдегі,
Дір етесің –
Өзіңді күзетесің.
Күзетесің күпір ой,
Күнәлардан, 
Өтіріктен,
Өсектен шығар алдан. 
Өкпелерден,
Наздардан, уайымнан,
Адамдардан,
Арақтан, сыралардан,
Күзетесің...
Өгейсіп тұрады арман...
Мезі етеді қала да, 
Ауылың да,

342
Мезі етеді көктемгі жауының да. 
Мезі етеді достардың алақаны, 
Жиі-жиі қағатын жауырынға.
Мезі етеді...
Мейірім сағынасың.
Сағынасың.
Сарғайып сарыласың, 
Таба алмайсың, 
Таппайсың, табынасың.
Тыныш жүрген басынды тағы ұрасың,
Қараланып... 
Қайтадан арыласың.
Мезі етпейді.
Не нәрсе мезі етпейді?
Жүрегіме, айтыңдар, не жетпейді? ‘
Керек дейді,
бірдеңе керек дейді.
Бір сағыныш кеудемде безектейді,
Не жетпейді бұл маған, не жетпейді?

343
ПОЭЗИЯ 
Поэзия маған – 
Пайғамбарымдай, анамдай,
Онсыз не күнім – 
тұмандай, мүлде қараңдай.
Поэзиям жоқта –
мешеумін әрі мешелмін, 
белокқа зәру тропикалық адамдай.
Поэзиям жоқта –
Бұзылып түнде түстерім, 
Шыңғырып тұрып, 
шыға алмас сыртқа іштегі үн. 
Жымсиып, 
жылжып жыртқыш ой жаулар санамды, 
көрсетпей маған тырнағы менен тістерін.
Поэзиям барда–
кеудемнен кермал күй ақты,
Күндерім – мейрам,
түндерім – сайран, миятты. 
Әлемнің бүкіл ақ нұрын жиып бойыма,
Ғажайыптанамын
ғарыштан келген сияқты,
Күліп те түрып,
күңіреніп кейде күрсінді ой,

344
(Ой менен сезім
ойнамалы ғой, тылсым ғой).
Поэзиям менің!
Жырсың ғой, нұрсың, гүлсің ғой, 
Сондықтан менің кеудеме симай жүрсің ғой.
Сенсіз не күнім – секем мен сезік, сергелдең, 
Көңілде күмән, 
Көкірек күнге ергенмен.
Поэзиям менің, 
болмасаң тұла бойымда, 
Өмірде жоқ кой, 
Өлік қой сенің шермендең!

345
* * *
Қапырық дейді ауаны, 
Қапырық па екен шынында? 
Көңілім тауға ауады, 
Қарағым келмей шылымға. 
Қарағай, шырша беттерге, 
Қамығып тұрып қараймын. 
Қалада жүрген кептерге, 
Өзімді кейде санаймын.
Қаламын естіп неше рет,
Қапырық дейді қаланы... 
Қаладан бұрын көкірек, 
Қапырық тартып барады. 

346
* * *
Ей, жұлдыздар, жұлдыздар,
жымыңдарсың,
Таң атқанша бірің жоқ, бірің барсың.
Бірің – арсың, әрине, 
бірің – қарсың, 
Уыз түннен у ішкен кімің барсың?! 
Жарқырайсың,
Біреуің қалтырайсың,
Бір   біріңнен ымдасып хал сұрайсың.
Жігерімді біреуің қамшылайсың, 
Жүрегіме біреуің тамшылайсың. 
Сендер – көкте,
Ал, жерде тұрады адам, 
Тұрады адам күні жоқ жыламаған. 
Сұрағым бар сендерден сұрамаған – 
Тиесісің қайсысың мына маған?
Сұрағына жауап бер сұрағанның, 
Өз жүлдызын білмейтін бір адаммын. 
Арасында жоқ па әйтеу құлағанның, 
Соны білмей, жұлдыздар, тым алаңмын.

347
* * *
Жаңа жыл жетті –
Жап-жарық жалғанға жетті,
Ескі жыл бақи дүниеге барғанда жетті.
Қуанды біреу –
Құлпырды жапырақ жайды,
Суалды біреу –
Көкөрім арманда кетті.
Ыстық қой, ыстық адамға өмір дегенің, 
Ғаламға қарап, адамның көзін көремін. 
Жылымға кеткен жылдарды, жылап еске алып, 
Жаңа жыл келсе жасарып, көңілденемін.
Жылдардың жырын біз қалай байыптамайық, 
Ғасырға күйе болғанын айыптамайық. 
Жылдардың жаны жылайды, өксиді қатты, 
Адами коғам ақсаса ғайыптан тайып.
Жастық жүр жасыл дүниенің жаулап алаңын, 
Мен дағы кейде нөсердей саулап ағамын. 
Қарттық жүр қарап біздерге қамқоршы болып, 
Аман бол деймін, аман бол, пәруәналарым! 
Жаңа жыл жетті.
Уақыт бұл ұрланып жатқан, 
Сақтасын күннен сансырап, мұңданып батқан.

348
Өмір теңіз ғой, өзгеріп тұратын ылғи, 
Тұнжырап баққан, кей сәтте тұлданып бакқан.
Аз ба, әдде көп пе, күндерді қарызға алғанбыз 
Бұйырық – біреу, тәңірге арызданбаңыз. 
Адамдық сәуле адамға керегі жалғыз – 
Тағы звондаңыз достарға, тағы звондаңыз.

349
* * *
Желді күнгі жапырылып қоғадай, 
Қиналмасқа киналасың, о, жан-ай! 
Айлы түнде адастырып бір елес, 
Шошытады шырақ жанған моладай.
Мұздай еріп бойыңдағы бар сенім, 
Мұңаяды ойындағы ар-сезім. 
Арсы-күрсі қатты қақты ет жүрек,  
Арт жағыңда Ажал бар ма, жан, сенің?
Діндар айтса – жан дегенің қазасыз, 
(Тән өлсе де мәнгілікте каласыз). 
Жаным үшып кете ме деп қиналғаң, 
Мүмкін, тәннің өзі шығар мазасыз.

350
ШАЛТОРЫ
Қобалжиды, корқады кісі неден –
Көп сенетін боп алдым түсіме мен.
Маңайламай... алыстан маған қарап, 
Шалторы атты көрдім мен кісінеген.
Қатты ашыды, өксіді көкірегім,
(Сандырақтап, сансырап жатыр едім).
Жиырмасында қосқан соң ат жарыска,
«Шалторы» деп қойып ем атын өзім.
Ашаң кезі көп еді тоқтығынан, 
Үріккен кезі жоқ еді, осқырынған,
Еңісте де ер кетпес мойынына, 
Кішігірім өркештей шоқтығынан.
Көлден қарғып өткендей көсілгені, 
Көптен озып кететін көш ілгері.  
Кекілінен сипасаң, нәркес көзі 
Күлімсіреп тұратын секілді еді.
Осы атыммен мақтандым достарға да, 
Осы атыммен көп бардым көкпарға да. 
Жиырмадағы жылқыны қан бәйгеге, 
Мен секілді апарып косқан бар ма?

351
Кездерім де көп болды маңып кеткен, 
Кездерім де көп болды жанып кеткен. 
Өкініш-ай, мен жоқта Шалторыны, 
«Қартайдың» деп сойысқа алып кеткен.
Жылдар өтіп кетіпті содан бері,
Жүгені де жоғалды, құранды ері. 
Жиырма бір жыл өткенде, о, құдірет, 
Жүйрігім түсімде оралды енді. 
О, Шалторы! Күлкім ең, күшім едің, 
Жылқыдан зор, түйеден кішірегім. 
Кекіліңнен сипатсаң қайтер еді, 
Неге алыстан қарайлап кісінедің?
Әрі-сәрі иеңнің түрі мынау, 
Өзің барда мен едім “тірі жырау”. 
Түс деген де бір өмір келіп-кетер – 

352
 
* * *
Сезінгенде сергек бір күйдің лебін, 
Келеді ғой керемет би билегің. 
Сол секілді жүрегім тыпыршып тұр, 
Миым, неге кемпірдей күйбіңдедің?
Жүрек деген жігіттің ая түрін, 
Сайып қалсын сәтінде саятынын.
Күйлеме деп айтқаның дұрыс шығар
Билеме деп айтқаның қай ақылың?
Жүрек, жүйкем барады тебіреніп,
Бір сәулеге қараймын еміреніп. 
Жүрегімнің шықпай тұр бір шаттығы,
Мыстансыған миым-ау, сені көріп.
Миым, мұның шының ба, ойының ба? 
Тыққан алтын бар шығар қойыныңда? 
Жүрегімді жүгендеп тастар болсаң, 
Бар обалы бір сенің мойыныңда.
 

353
* * *
Жыршы жырын айта ма толғамастан, 
Барамын деп бір жерге... 
Болмады ақшам. 
Жаңбырын да сыйлап тұр, қарын-дағы, 
Желтоқсаңды жартылап қалған аспан.
Қой, жатайын.
Бір кітап жастанайын, 
Әлде тірлік қылсам ба басқадайын. 
Барар жерге барармын барар болсам
Күн ашықта... 
Болғанда ақша дайын.
Шіркін қиял, ой кезді,
Қырға аунады
Жүрегімді шым-шымдап мұң баурады. 
Сұр аспанға қараймын – 
Қалай болды,
Қыстың күні жаңбырдың бұл жауғаны?
Мен де мынау...  
Жүремін неге асыға, 
Сәуле түспес жан ба едім санасына? 
Мезгілсізден мезгілсіз неге жүрем, 
Қыдырудың, жоқ әлде, жөні осы ма?

354
Рахат бірақ достарға беріп ішкен,
Емен-жарқын сыр айтып, емініскен... 
Жаздың күні тек қана кар жаумасын, 
Зар жаумасын көңілге дедім іштен.

355
* * *
Шым-шытырық түс көрдім өткен жолы –
Ауыл көрдім ақ үйлі бөктердегі. 
Бөктердегі ауылда бөтен бір жұрт, 
Біреу келді өзімді тексергелі.
Мінген атым астымда құлан екен, 
Құлан атым табандап тұрады екен.
Тексеруші келгенде тергеп мені 
Дей беріппін: “Менікі мына мекен”.
Сөз сөйледі тергеуші кесектеніп,
Мен жатырмын сөзіне есеп беріп.
О, сұмдық-ай, сол кезде құлан атым
Аяқ асты кеткені есек болып.
Енді бірде тұр екем тал басында, 
Тау екен деп ойлағам алғашында .   
Енді бірде келемін өлең айтып, 
Бірге оқыған Витяның арбасында.
Жеккен аты баран ба, қылаң ба әлде? 
Біле алмаймын – түсіп тұр тұман жерге. 
Жүрісті екен жануар, желісті екен, 
Бағанағы мен мінген құлан ба әлде?
Сонан кейін не болды?..

356
Бұлдыр-бұлдыр.
Неге жөндеп кірмейді түсі кұрғыр?!
Терлеп-тепшіп ояндым сөйлеп жатып,
Қазақша емес... бір тілде былдыр-былдыр.

357
* * *
Мұңды бикеш! 
Ұмыт сонау мас түнді 
Жастығыңа жантая ғой жассіңді. 
Тұла бойы тұнған ұят бір сезім
Өшірмекші сенің оттай нәпсіңді.
Жас маңдайың жасырынған 
Айдай боп,
Жанарыңда бір құпия ойнайды от.
Сіміргенде сағыныштың тәтті уын,
Сенің тәнің сөгіледі бой-бой боп.
Жаның сенің жауқазындай аршылған, 
Тәннің сенің тәтті үмітке малшынған. 
Кеудендегі кереметтің үрпісі,
Қиялдағы бір бейнеге жаншылған.
Қиялдағы... Өмірдегі сол бейне,
Кім біледі – келе ме,
әлде келмей ме?
Соған сеніп қаласың ғой сен кейде,
Сезіміңе шындап ерік бергенде...
Ұмыт оны, ұмыт оны, шерменде!

358
* * *
Өкпелепсің...
Өкпенің жоқ қой өтеуі,
Жаздағы жырдың кетіп те қапты кетеуі.
Кеудемді менің кергілеп жатыр жаз бен күз,
Езгілеп жатыр мұң менен шаттық екеуі.
Шаттық та шамшыл – 
Шалқалап күлген күн өртең, 
Талып та тұрам, 
Танып та тұрам таңертең.
Күлкімді менің күміс қырауға теңе сен,
Келіпте кетер,
Еріп те кетер күні ертең.
Қызара бөртсем –
Қыз құшақ дертке қызғаным, 
Ұпай жинаймын, 
Ұялып тұрып ұжданым.
Әйтпесе, қай-да-а, 
Әйенкес әжей – түн кеше,
Жекелеп менен
Жетелеп кеткен қыздарын.
Кешірші мені!. 
Керемет сезім – өкпе наз,  
Өмірге мынау өкпесін артпай өткен аз.

359
Сенің де, менің кінәм емес қой,
Білсеңші,
Білдіріп сәнін,
Бүлдіріп бәрін өтсе жаз.
Басым да ісіп,
Шашым да кетті ағарып,
Күтпеймін күзден тозаңнан басқа жаңалық.
Байлауым сондай –
Балдырған талдың көзінен,
Келгенде көктем,
Ақырын еппен тамалық.

360
* * *
Жастардың жайсаң әзілі, 
Жарасып күнде жатса бір. 
Қарттардың қатпар әжімі, 
Жазылып кетер шақта бұл.
Інжудей тісін сәл ашып, 
Ізетпен күлсе келіндер – 
Кимешек біткен жарасып, 
Көрқейер кәрі көңілдер.
Жүзікті қолы жарқ етіп, 
Жүрелеп сусын ұсынса.        
Қария пейіл көрсетіп, 
Тәуба етер баққа осынша.
“Балалар” болып басталар, 
Әңгіме-дүкен сөзі ұдай. 
Наурызда жауған ақша қар, 
Қарттардың қайран көңілі-ай!
Бітпейтін даудан мезі боп, 
Бір ызғар түрса іргенде. 
Жердегі Тәңір көзі боп, 
Не жетсін әкең жүргенге!
Кенеліп шаттық, бақытқа, 
Өзінді жүртың білгенде. 
Мақтанып осы уақытта
Не жетсін анаң жүргенге!..

361
* * *
Қабағын түйіп, 
Қара тон киіп, 
Қамығып тұр түн.
Көрпесін қымтап,
Көсіліп ұйықтап
Жатыр ғой жұртым.
Аңғарып сезем–
Аңғарда өзен
Ыңырсып жатыр.
Жаралған сорға, 
Жылаған жонға
Шың ұрсып жатыр.
Бүк түскен белдер 
Бүксіген жерлер 
Тым-тырыс үнсіз.
Май жеген төбет
Маңғазсып үред – 
Қайғысыз, мұңсыз. 

362
 АЗА
Қасым Қайсенов қайтқанда
Қазақтың қара нары піл жоталы
Қайтты деп қайғы жұтты күллі Отаны.
Боздаса ботасындай қалған елі,
Аңырап тау мен дала үн қосады.
Алатау, Алтай менен Тарбағатай
Жоқтауын көк аспанға тыңдатады.
Сарыарқа, Ырғыз бен Сыр, кәрі Каспиий
«Бақұл бол, перзентім!» деп тіл қатады.
Данагөй, даңқты батыр өтті өмірден.
Жаралған құрыш қайрат, мәрт көңілден.
Жұртының жүрегінде шоқ боп жайнап,
Жұлдызы орын алды көк төрінен.
Сөздері сайрап жатыр көкіректе,
Тұлпардан қалған іздей боп көрінген.
Тарихтың тақтасынан орын алды,
Ежелгі батырлардай есте жүрген.
Дриға-ай! Соңғысы өтті алыптардың,
Маңдайға біткен сирек арыстардың!
Тоқсанға таяп келіп жығылғаны-ай,
Сом жүрек , сом білекті арыстанның!
Жаратқан нұр себелеп қабіріне, 
Төгілсін шұғыласы жарық таңның!
Қашанда Қайсеновтің аты өлмейді –
Қазақты төрт тарапқа танытқанның!

363
БАУЫРЫМ ТҰРСЫНҒАЛИДЫҢ 
РУХЫНА
Сені Тәңір жаратыпты ұлсың деп,
Ойнасын да, ойласын да, күлсін деп.
Атың түскен аян болып, түске еніп,
Тұрсынхан мен Тұрсынғали тұрсын деп.
Әке, шеше, құдайдан соң панамыз.
Қанша ұлынан айырылды анамыз.
Тұрсын,тұрсын деп жүргенде сен кеттің,
Енді аман боп жүрсін деймін қара қыз.
Жасындай боп, жауһардай боп ер жеттің.
Жүрегіңде жақсы әлемді тербеттің.
Бір өтірік шықпаушы еді аузыңнан,
Бауырым-ау, қашан, қалай кер кеттің ?!
Қашан, қалай алғаш рет сүріндің,
Бірталайын сіміріп ең білімнің.
Сен неше рет ана алдында жүгіндің,
Сен неше рет аға алдында бүгілдің ?!
Жүрегіңе болмады емнің дауасы.
Кеткің келді дала кезіп, тау асып.
Сенің сондай жан ұқпайтын кеудеңе
Жақпады ғой Ақсуаттың ауасы.

364
Жанарыңнан жасың үркіп, үш ыршып,
Семейге де симай кеттің тыпыршып.
Симай кеттің, қарады ма, жоқ әлде,
Бәзбіреулер өңшең  «асыл тұқымсып ?»
Тартпады ма бауырына біреуі ?
Қайтпаушы еді қабағыңның сіреуі. 
Алматыға неге келдің , құлыным,
Сенсіз дағы жетіп жатқан күрегі ?!
« Жамандарды сөзіммен-ақ атам» деп,
Қаталданып, кейде күліп, бәсеңдеп,
« Бұл қазақты ұстап тұрған тек  қана ––
Деуші едің ғой–– Абай  меннен Махамбет !»
Жүйірігің басын иіп алдыңда,
Жатушы едің жайнап күліп шалғында.
Сол еркелік шақтарыңнан тез айнып,
Әлде лоқсып, тез ұшынып қалдың ба?
Қол жеңдірмес күшің бар ед ересен.
Тарих айтсаң бүгінгінің көнесі ең.
Күшің мықты, ішің әлсіз болды ма,
Қос ботаңды еңіреттің неге сен !?
Неге? Неге? Екі жардан суыдың ?
Неге ертерек босап кетті буының?
Мына мен де жынды сүрей едім ғой,
Сен едің ғой шіріместей уығым!
Ұстаз болдың ауылда да, қалада.
Бас имеуші ең арзан  соқпа налаға.

365
Мұңайғанда, құлақтарың қалқиып,
« Кешірші енді,– деуші едің ғой ,–Әбаға!...»
Соғады ызғар кеудеден де арқадан.
Бірақ...тойың тарқаған жоқ, тарқаған!...
Біз бәріміз күрт күрсініп қалсақ та,
Қатты қаусап қалады ғой қарт анаң.
Міне, мен де таппай қалдым дауамды.
Қойды деме сонша көп-көп сауалды.
Бұлдырықтай ұшып өткен бауырым,
Күн дегенің бәрімізге санаулы.
Санаулы ғой қырық, елу, жүз деген.
Өр даналар өмір мәнін іздеген.
Сен кеткенде бір тамырым үзілді,
Бір шырағым өшті Тәңір үрлеген! 

366
АҒАМ АЗАТ 
ҚАЙТҚАНДАҒЫ ОЙ
Барлығын не болса да Тәңір етті –
Алдымен артымдағы іні кетті.
Сонан соң алдымдағы аға кетіп,
Жұламалап, жүрегімді еңіретті.
Осындай жазмыш қой өмір деген,
Нор теңіз шет пен шегі көрінбеген.
Тау толқын аранында жүрер пенде,
Сәт сайын тайталасып өлімменен.
Санасам, саны көп-ау көмгендердің –
Дос, туыс, жақын-жуық, көз көргеннің.
Інім мен ағамдай боп, төсек тартпай,
Ниеті қабыл ма екен өлгендердің?
Ажалды кейбіреулер «сұм» дейді ғой.
Сұмнан тек таза жүрек кірлейді ғой.
Ал ажал болмаса егер бейбақ пенде,
Өмірдің қасиетін білмейді ғой!
Күнаһар кеудемізге таратқан мұң
Күрт ажал – есіркеуі жаратқанның.
Аспанға ұшып кетті ол бір-ақ сәтте,
Құтылып құрығынан азаптардың...

367
Мен солай жан ағамды көміп келдім
Қайғының азабана төзіп бердім.
Мәйіттің бет-реңі жып-жылы екен,
Сұп-суық санын көргем өліктердің.
Азатты айтты бәрі арманды деп,
Үйленбей өмірінде қалған-ды деп.
Ол бірақ аяп жатқан секілденді
Біздерді аза тұтып, қалған жүдеп.
Жан еді сезімі өткір жаны нәзік.
Онысын таныдық та... танымадық.
Ғашығын жерге берген мұңдық еді,
Табысқан шығар оған жаны барып.
Мен солай ойға батам, қиялданам.
Мұныма күлсе күлсін ұялмаған.
Ғашықтық бір-ақ жанға өмір бойы –
Тілейтін нағыз мәрттік бір Алладан!
Жалғанда жан адамға бас бұрмады,
Жүрегін басқа аруға тапсырмады.
Азатым ар-жүрегі былғанбаған,
Қауышып ғышығымен жатсын-дағы!..

368
АҚТАҢКЕР
Өтепберген Ақыпбековтың рухына
Жалғанда жалғызбын деп жасымаған,
Пейілін пәк сезіммен асыраған,
Айналған айдын көлін аққу құстай,
Мөп-мөлдір, аппақ нұрға ғашық адам–
Өлеңін өрге сүйреп, өнерін де,
Өмірден өтіп кетті асыл ағам!
Дариға-ай, күні жетсе құлайды адам,
Аһ ұрып, кімдер жылап, мұңаймаған.
Ойласам Өт-ағамның өрт жүрегін, 
Ес таппай бір орнымда шыр айналам.
Еске алып жақсы күнді қуанушы ем,
Силаған сондай аға Құдай маған.
Жанары жасын атып жас шағында,
Самғады қыран құстай аспанында.
Лапылдап оттай жанып жүруші еді,
Бас бұрмай ұсақ-түйек басқа мұңға.
Жататын жалт-жұлт етіп інжу маржан
Ойының қатпар-қатпар астарында.
Жаралған жақсылықтың кіндігінен,
Нәр алған домбыраның күмбірінен,
Мың рет айналсам да көп емес-ау,

369
Ағаның қайта оралмас тірлігінен.
Әлдилеп жүрегінде ән мен жырын,
Қасында қатарласып бір жүріп ем.
Өмірдің көреді адам жазы-қысын,
Тағдырдың тартады адам жазымышын.
Өт-ағам өмір-бақи қалам тартты
Ар үшін, адам үшін, халық үшін.
Бармады ол бақай есеп бір қулыққа,
Көрмеппін пендешілік жаңылысын.
Қай қырын санамалап айта алайын,
Тамақтан өксігімді қайтарайын.
«Жақсының аты өлмейді» дейді халық,
Сол сөзді өз сезімдей қайталайын...
Ақтаңкер ақ сағымға сіңіп кетті,
Артынан ақ мінәжат айт, ағайын!

370

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет