Билет №3.
Дәрігердің сұрақтарына жауап алу үшін белгілі бір жоспармен жүргізеді. Дәрігер тәжірибесінде зерттеу кезінде тексерілушінің ауруға дейінгі психологиялық ерекшеліктері мен науқастың ауруы туралы мәліметтері анықталады.
А.Бұл психологиялық зерттеу әдістерінің қандай түрі?
Негізі психологиялық зерттеу әдістердің екі түрі бар: субъективті және объективті. Субъективті зерттеуге бақылау, сауал, тест әдістері; объективті зерттеуге тесттер мен эксперимент әдістері қолданылады. Бұл жағдайда бақылау, әңгімелесу, сұхбат әдістерінің түрі.
2.Дәрігер науқастың айтқанын мұқият тыңдап, бас изеу, күлімсіреу, арқасынан қағу т.б. арқылы үнемі қодау көрсетумен болды.
А. Дәрігер науқаспен қарым-қатынас жасауда қандай әдістерді қолданды?
Вербалды емес белсенді тыңдау және эмпатия
В. Науқаспен қарым-қатынас кезінде қолданылатын әдістерге сипаттама беріңіз.
Вербалды емес белсенді тыңдау:
Адамдарды басқаларды мұқият тыңдауға мәжбүр етеді.
Түсінбеушіліктерден аулақ болыңыз, өйткені адамдар басқа адамның айтқанын шынымен түсінетіндерін растауы керек.
Спикердің ашылуына көмектеседі және оны көбірек айтуға мәжбүр етеді.
Эмпатия, яғни дәрігермен пациентті зерттеу кезінде эмпатияның көрінісі, біріншіден, пациенттің сөздерін, сезімдері мен қимылдарын түсінуді білдіреді, екіншіден, бұл түсініктің көрінісі пациентке дәрігердің оның тәжірибесін білетіні анық болады.
Билет №4
1.Дәрігерге баяу, байсалды, асықпайтын науқас келді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Есте сақтауы, қабылдауы баяу, ойланып жауап береді.
А.Науқас қандай темпераментке жатады?
Науқас флегматик темпераментіне жатады. Бұл типтегі науқаспен тиімді – қарым қатынас орнату оңай. Ол барлығына сабырлықпен қарайды, тез ашуланбайды.
2. Дәрігердің қабылдауына науқас өз шағымдарымен келді. Науқас дәргерді естімей қалып қайталап сұрайды, кейде ұзақ және ойға шомып үндемей қалады, күрсінеді.
А. Науқас қандай сезімді басынан кешіріп отыр?
Науқаста мазасыздық белгілері бар. Оның ауруынан бөлек, қатты уайымдатып жатқан мәселелері болуы мүмкін. Депрессия өткен жағдайға күйзелумен сипатталса, мазасыздық белгілі бір жағдайдың немен аяқталарын болжай алмаған сәтте туындайды. Науқас не істерін білмей, барлық ойы сол мәселеде болады.
В. Дәрігер науқаспен қарым-қатынас жасауда қандай әдістерді қолдану қажет?
Дәрігер науқаспен вербальды және вербальды емес қарым – қатынас орнату керек. Вербальдыға мысал ретінде «Бүгін сіз көңілсіз сияқтысыз, бір нәрсе сізді мазалап тұр ма?», «Өкінішті», «Үйде немесе жұмыста болып жатқан жағдайлар сізді мазалап тұр ма?» деген сөз тіркестерін пайдалануға болады. Ал вербальды емес коммуникацияға науқаспен көзбен контакт жасау, науқасты тыңдағанды білдірту үшін, жылы кейіп танытып, «иә», «дұрыс», «мхм» дегендей қолдау көрсету немесе басын изеп құптап қою. Сонымен қатар, дәрігер науқасты белсенді тыңдап, ол әңгімесін бітірмегенше тыңдау қажет. Науқас әңгімесін аяқтап болғаннан кейін ғана дәрігер өз пікірін білдіре алады. Ең алдымен науқасқа эмпатиясын көрсету керек. Ол дегеніміз науқас қиындығына ортақтасуы, науқаспен психологиялық контакт орнатуы. Науқастың көңіл-күйін көтеру үшін «Иә, сіздің басыңыздағы мәселе өте қиын, бірақ жақсы бір тұсы...» дегендей позитивті күшейту керек. Дәрігер барынша науқасқа қолдау көрсете алса, «дәрігер-науқас» коммуникациясының тиімділігі артады.
Достарыңызбен бөлісу: |