Билет №17
1.Терапевттің қабылдауында қарт кісі. Сырқатының әсерінен туыстары мен өзіне деген қарым – қатынасы түбегейлі өзгергенін айтты. Дәрігер науқастың айтқанын мұқият тыңдап, бас изеу, күлімсіреу, арқасынан қағу т.б. арқылы үнемі қолдау көрсетумен болды.
A. Науқаспен жұмыс жасауда эмпатия не нәрсеге мүмкіндік береді?
Жауабы: Науқасқа дер кезінде эмпатия көрмсету, науқастың дәрігерге сеніп ашылып өз проблеммаларын айтады және эмоцианалды түрде одақтасуға көмектеседі, сонымен қатар науқаспен психологиялық контакт орнатуға, ол туралы толық әрі нақты мәлімет алуға мүмкіндіктер береді.
2. Дәрігердің қабылдауына науқас өз шағымдарымен келді. Науқас дәрігерді естімей қалып қайталап сұрайды, кейде ұзақ және ойға шомып үндемей қалады, күрсінеді.
А. Науқаcтың тұлға типін анықтаңыз?
В. Дәрігер науқаспен қарым-қатынас жасауда қандай әдістерді қолдану қажет?
Жауабы:
А. Бұл науқас басқа да проблеммасы бар және ол туралы дәрігерге айтуға ыңғайсызданып немесе айтқысы келмей сол туралы ойлап, мазасызданып тұрған науқас.
В. Дәрігер науқасты сөзге тартып сұхбатты басқарып оның жан дүниесінде не болып жатқанын білу керек. Мысалы «сізді бірнәрсе мазалап тұр ма?» немесе «сізді бірнәрсенің мазалап тұрғанын сезіп тұрмын, бұл не нарсе?» деген сұрақтарды қоюға болады.
Билет №18
1. Соңғы күндері дәрігер мен науқастар арасында шиеленіс жағдайлар жиі болды, онымен қоса жұмыс жүктемесі де шамадан тыс. Дәрігер күні бойына науқастарды қабылдап шаршау сезімі туындады. Жұмысқа қызығушылығы азайып, жұмыстың нәтижелігі төмендеп, науқастар тарапынан шағымдар түсе бастады.
А. Дәрігердің эмоциялдық зорығуы дегеніміз не?
Жауабы: Эмоциялық зорығу – бұл тұлғаның психологиялық рухани қажуынан зорығуы, күйреуі. Тұлғаның көп жылдар бойы бір қалыпты жұмыс істеуден және адамдарға қандай жағдай болмасын ілтипат пен, ізетпен жұмыс істеуден пайда болған қажу.
2. Дәрігердің қабылдауында 21 жастағы науқас жөтел, қалтырау, қызуы көтерілгенін, ентігу, себепсіз әлсіздік, тәбеттің төмендеуі шағымдарымен келді. Дәрігер науқаспен қарым - қатынас жүргізуде бірден сырқатының белгілерін сұраудан бастады.
А. Дәрігер науқаспен сұхбат жүргізуде қандай қателікке жол берді?
В.Медициналық сұхбаттасуды жоспарлау, науқастан ақпарат жинау тәсілдеріне тоқталыңыз?
Жауабы:
А. Дәрігер ең алғаш науқаспен сәлемдесіп, өзін таныстуруды және ыңғайлы отыруна қарамады, сонымен қатар көзбен контакт жасамады.
В. Медициналық сұхбат жоспары – науқаспен байланыс орнату(сәлемдесу, танысу); науқастың келу себебін анықтау; сөздік физикалық тексеру жүргізу; науқас денсаулығына қатысты маңызды жайттарды талқылау; емдеу шараларын анықтау немесе келісу; кеңес беру(дәрігердің сұхбатты аяқтауы) кезеңдерінен тұрады.
Науқастан ақпарат жинау үшін жағдайға қарай ашық(анық, толық жауап беруге арналған), жабық(қысқа нақты «иә» немесе «жоқ») және бағыттаушы сұрақтар қою керек.
Достарыңызбен бөлісу: |