Жауабы: Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады. Соның ішінде бұл ойлау түрі практикалық іс-әрекеттілік



бет8/16
Дата27.04.2023
өлшемі53,41 Kb.
#87564
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
14 билет
1. Науқасты тексеруге кіріспес бұрын дәрігер мынаны айтады: "Мен қазір дермографизмге арналған тері сынағын өткіземін. Кеудеңіздің жоғарғы жағын киімнен босату керек. Мен бұл таяқшаны теріге аздап басамын. Сіз ауырсынуды сезбейсіз, тек теріге аздап қысым сезінесіз. Нәтижелерді біз бірге көреміз".

А. Дәрігер түсініктеме беру кезеңіндегі қателіктерді табыңыз?


2. Дәрігердің бөлмесінде науқас орындықтың ұшында отыр. Қобалжып отырғаны да анық байқалады. Жас дәрігер жиі терезеге қарап, ұялы телефонына қараумен болды.


А. Дәрігер қандай қателіктер жіберді?


В. Дәрігердің науқаспен тиімді қарым-қатынас жасауын қалай түсінесіз?

Жауабы:
1) Қателіктер: Науқасқа дермографизм зерттеу әдісі туралы түсіндіру жүргізілмеді, яғни не үшін жасалынатыны, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері және болуы мүмкін асқынулар жайлы айтылмады, көңіл-алдаушы сұрақтарды орынды қолданып отырмады. Науқас көқарасын сұрамады, рұқсат алмады. Науқасқа бұл әдіспен тексеру алдында психологиялық қолдау, яғни қорқыныш болса, онда оның қорқынышын басу керек.


2) А) Науқастың жайлылығына қамқорлық жасалмады, сұхбат барысында көз жанасу орнатпады. Науқас қобалжуын баспады. Мұқият тыңдамады, өзінің іс-әрекетімен науқасқа кедергі келтірді. Назар аудармады, бастапқы сенім орнатылмады.
В) Тиімді қарым-қатынас дегеніміз - ақпаратты адресатқа беру және назар аударту арқылы қажетті кері байланысты алу.


Билет 15
1. Ж: Интервьюдің соңы. Қалған түсініксіз сұрақтарды айқындау, келесі кездесуді жоспарлау, кеңес берудің нәтижелерін жасау.
2. Ж: Дәрігерге қуанышты жаңалықтарды айтумен қатар, қайғылы ақпаратты да жеткізу жүктеледі. Кімге болса да, бұндай жаңалықтарды есту оңайға тимейді. Науқастың отбасы мүшелері, туысқандары дәрігерге сенеді және науқастың өмірін дәрігерге тапсырады. Дәрігер науқасқа, оның отбасы мүшелеріне, жақын туыстарына қайғылы ақпаратты жеткізу барысында қорқыныш сезімінен аулақ болуы тиіс. Өйткені дәрігердің іс- әрекеті қарым- қатынаста отырған адамға бірден әсер ететіні сөзсіз. Дәрігер қайғылы ақпаратты жеткізбес бұрын науқастың отбасы мүшелеріне эмоциональді қолдау көрсетіп, шындық қандай ауыр болғанымен де дәрігер науқастың отбасы мүшелеріне өтірік айтпау керек.
Қайғылы ақпаратты жеткізу барысы:
1. Ең алдымен әңгімелесу орнын таңдап алу керек;
2. Науқастың келісімімен әңгімелесу барысында оның туысқандары, достары қатысуына болады;
3. Науқаспен отырып сөйлескен дұрысырақ болады. Егер науқас болса, оны отырып сөйлесуін сұрау керек.
4. Әрине, қайғылы ақпаратты жеткізген кімге болса да ауыр тиеді. Сондықтан, дәрігер қайғылы ақпаратты жеткізген кезде ыңғайсызданып қобалжуы мүмкін. Дегенмен, дәрігер өз қимыл- әрекетіне абай болып, оны науқасқа сездірмеуге тырысуы тиіс.
5. Науқасқа дәрігер бар ынтасын бөліп, оның көзіне қарап сөйлесу керек.
6. Қарым- қатынас кезінде кезінде медициналық терминді сирек қолданған жөн. Науқасқа қайғылы ақпартты жеткізер алдында оны ескерткен жөн.
7. Дәрігер әрдайым науқасқа психологиялық, эмоциональды қолдау көрсету керек.
Науқасқа қай уақытта қайғылы ақпаратты жеткізу керек?
Науқасқа диагноз анықталғаннан кейін бірден оның сыртқаты жайлы ақпаратты жеткізу керек. Науқасқа сырқатынан жазылатынына сендіріп, үмітін үздірмеу керек. Науқас өзінің ауруы жайлы нақты мәліметтерді сұраған кезде, дәрігер науқасты жұбату мақсатында шындықты жасыруға болмайды және науқасты бірден өлімнен күресуге шақыру шақыру мүмкін емес. Өйткені науқас әлі дайын емес. Уақыт өте келе науқас өз- өзін психикалық тұрғыдан дайындағаннан кейін ғана, оның шағымдарын тыңдап, қойылған сұрақтарына жауап беруге тырысу керек.
Науқасқа қалған өмірінің ұзақтығын айтуға бола ма?
Егер науқас оның қаншалықты өмір сүру уақыты қалғанын білетін болса, оның жағдайы одан әрі нашарлай түседі. Науқастың өмір сүру уақытын толығымен анықтау мүмкін емес, дәрігер де қателесуі мүмкін. Сондықтан науқасқа нақты қалған өмір сүру уақытын айту керек емес, тек болжамын айтқан жөн. Науқасқа оның жағдайының нашар екендігін міндетті түрде айту керек. Кейбір науқастар нақты мәліметті талап етуіде мүмкін. Ондай науқастар осы күнге дейін аяқталмаған жұмыстарын аяқтап бәріне үлгергісі келеді.
16-билет
1.Сізге 30 жастағы науқас қабылдау бөліміне түсті. Науқас жұмыс бастылығын алдыға тартып, науқас сіздің жазып берген анализдерді тапсырудан бас тартты.
А. Науқаспен қандай қарым - қатынас әдісін қолданар едіңіз?
Жауап: Дәрігер пациенттің немесе оның заңды өкілінің кез – келген медициналық көмекпен келісу немесе келіспеу кұқығына құрметпен қарауы керек. Бұл тұста дәрігер пациентке:
ұсынылатын ем мен шараның сипаттамасын;
ұсынылатын ем мен шараның қауіп - қатері мен ұтымды жақтарын сипаттау, әсіресе өлім мен мүгедектік қаупіне баса көңіл бөлу керек;
ем мен процедура қабылдамаған жағдайда болатын нәтижені сипаттау ; жететін жетістікті сипаттау, жетістік дегенді дәрігер қалай түсінетінін ашып беру;
аурудан айығып, қалпына келгенде күтіп тұрған қиындықтар мен бұрынғы белсенділігіне оралуға қанша уақыт кететінін айту қажет.
Медициналық көмектен бас тарту, оның мүмкін болатын салдарларымен қоса медициналық құжаттарда тіркеліп, азаматтың өзі немесе заңды өкілі және медицина қызметкері қол қоюлары керек.

2.Сіздің қабылдауыңызға есту қабілеті нашар науқас келді. Есту әрекеттері бұзылуы салдарынан, науқас жасқаншақ, ұялшақ және жақын туысқандарына тәуелді . Науқас сіздің айтқан кейбір сөздеріңізді ғана естиді. Есту қабілетінің төмендеуімен сырқаттанған науқастармен сұхбат жүргізу өзіндік қиындықтар туындады.


А. Есту қабілеті нашар науқаспен қарым-қатынас жасаудың қандай әдісін қолданар едіңіз?
Жауап: Есту қабілетінің төмендеуімен сырқаттанған науқастармен сұхбат жүргізу өзіндік қиындықтар тудырады. Бұл жағдайда қағазға жазу арқылы жүргізілген сұхбат өте құнды. Қағазға сұрақ пен жауап жазу, көп уақыт алғанымен, осылай біз науқастын шағымдарын анықтап, көмектесе аламыз. Егер науқаста кинетикалық сөйлеу қабілеті болса, тез уақыт аралығында сурдоаудармашы табу қажет.
В. Есту қабілеті нашар науқаспен қарым-қатынас жасауда дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар қандай?
Жауап: Ең алдымен науқасқа басқаша(таңғалу, түсінбей қалу, жаны ашып қарау секілді) назармен қарамай өзімізді қалыпты ұстау маңызды. Сұхбаттасу барысында ретсіз қимылдамау, ретсіз дауыс көтермеу керек Вербальды және вербальды емес коммуникация әдістеріне көп назар аудару қажет. Есту қабілеті нашар науқаспен сөйлескенде, медициналық қызметкер оған үлкен ұқыптылықпен қарап, аса назар аударғаны жөн, яғни науқастың не мақсатпен келгенін түсінуге тырысу керек .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет