Билет №30
Жас дәрігер науқастың көзінше учаскелік медбикеге тұрпайы түрде ескерту жасап, өзінің мәртебесін көрсетті.
A) Дәрігердің қылығын сипатта.
Б ) Медициналық ұжымдағы дәрігердің қарым-қатынас этикасының негізгі принциптері қандай?
B) Өзін-өзі таныстыру, амандасу дағдылары дегеніміз не?
Жауабы: А) Жас дәрігер бұл жағдайда мейірбикеге орынсыз қылық көрсетті. Мұны буллинг немесе мобинг деп атауға болады. Яғни буллинг дегеніміз – қызмет бойынша әріптесті кемсіту немесе оған зиян келтіру. Науқастың немесе оның туыстарының көзінше дәрігер мейірбикенің қателігін айтпауы тиіс, себебі: ол науқаста сенімсіздік тудыруы және жаман әсер қалдыруы мүмкін.
Б) Медициналық ұжымдағы дәрігердің қарым-қатынас этикасының негізгі принциптері:
- Басқа дәрігердің (медицина қызметкерлерінің: мейірбике және т.б.) біліктілігіне көпшілік алдында сын айтуға, күмән келтіруге болмайды.
- Кез-келген мәселеде және жанжал кезінде әріптестерімен сыйластықты сақтап, дұрыс әрі сенімді шешім қабылдау қажет.
- Егер әріптесінің медициналық қате жібергенін байқаса, алдымен қатені жөндеуді және пациентке қалай көмек көрсетуді шешу қажет. Ал әріптесімен ол мәселені бөлек, оңашада талқылау керек
- Сын негізді, әрі нақты болуы керек және жеке тұлғаны қорламауы қажет.
- Емдеу туралы шешім қабылдау және ол үшін жауапкершілік әрдайым емдеуші дәрігерде болады. Бірақ қиын жағдайларда дәрігер тәжірибелі әріптестерінен кеңес сұрай алады.
В) Ең алдымен дәрігер науқасқа амандасуы қажет.
Мысалы: «Сәлеметсізбе, кіріңіз отырыңыз» немесе «Қайырлы күн, келіңіз отырыңыз».
Одан кейін өзін-өзі таныстыруы керек.
Мысалы: «Менің аты-жөнім ...........» немесе «Мен сіздің терапевт дәрігеріңіз аты-жөні».
Амандасу және өзін-өзі таныстыру кезінде дәрігер науқасты тұрып қарсы алуы, ілтипатты түр ұстануы, жағымды дауыспен сөйлеуі қажет!
Билет №31
Науқас оң жақ табанның жарақаты диагнозымен травматологияның қабылдау бөліміне келді. Ісінуді және ауырсынуды тоқтату үшін пациентке диагностика мен емдеудің барлық кезеңдерін алдын ала түсіндірмей аяғын матап қатты байлап тастады.
A) Дәрігер қандай әдісті ұстануы керек еді ?
Б ) Пациенттің сіздің жұмысыңызға қанағаттануын қамтамасыз ететін қандай әдістер бар?
В) Емделушімен кері байланыс дегеніміз не?
Жауабы: А) Науқасты емді және шешімді қабылдауға қатыстыру әдісін ұстануы керек еді. Яғни дәрігер:
1 – науқасқа диагноз туралы ақпарат беріп, түсіндіруі керек.
2 – науқасқа емдеудің бірнеше түрін ұсынып және өзі үшін қай түрінің әсері жақсы болатынын айтуы керек;
3 – емдеуді бастамастан бұрын науқастың таңдауын біліп, рұқсатын алуы қажет.
Б) Пациент дәрігер жұмысына қанағаттануы үшін қолданылатын әдістер:
1. Эмпатия – адам жан дүниесін түсіну;
2. Әрдайым қолдау көрсету;
3. Белсенді тыңдау (ия, көріп тұрмын; жалғастырыңыз; көзіне қарау және т.б.)
4. Шешім қабылдауға пациентті қатыстыру;
5. Қарапайым, түсінікті тілде сөйлеу (медициналық терминдерді қолданбай);
В) Емделушімен кері байланыс деп – оның ауруға және оны емдеу жолына деген көзқарасын айтамыз. Кері байланыс ол пациент пен дәрігердің бірін-бірі түсінетініне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Кері байланыстың кезеңдері:
1. Дәрігер пациенттің айтқанын қорытындылайды және негізгі мәселелерді анықтайды.
2. Науқастың тұжырымдамаларды қабылдайтынына көз жеткізу үшін дәрігер одан сөздерін қалай түсінгенін немесе қайталауын сұрайды.
3. Дәрігер науқастың қарсылығының жоқ екеніне көз жеткізеді.
4. Пациентке таңдау мүмкіндігін беру арқылы ғана дәрігер шешім қабылдайды және оның көзқарасын сұрайды.
5. Соңында пациенттің шынайы жауап бергеніне және ештеңе жасырмағанына мұқият мән беріп, көз жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |