Жауаптары №1- тапсырма


Архиоптерикс құсы бауырмен жорғалаушылар мен құстар арасындағы өтпелі формаға жатады. Екі классқа тән белгілерін ажырату



бет36/49
Дата21.12.2022
өлшемі1,93 Mb.
#58637
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49
Байланысты:
Оңғарбай Таңшолпан эволюция

Архиоптерикс құсы бауырмен жорғалаушылар мен құстар арасындағы өтпелі формаға жатады. Екі классқа тән белгілерін ажырату

Палеонтологиялық дәлел өліп біткен тірі ағзалардың қазынды қалдықтарына негізделген. Бұл салада дәлелді мынадай екі топқа бөлуге болады: өтпелі формалар және филогенездік қатар. Өтпелі формалар деп бір мерзімде екі ірі жүйелік топтың белгілерін үйлестіретін ағзаларды айтады. Оған тек өліп біткендер ғана емес, сондай-ақ қазір де тірі ағзалар мысал бола алады. Мәселен, біржасушалы эвгленаларға жататын балдырлар фотосинтезді іске асыру мүмкіндігі болмаған кезде (жасыл эвглена) гетеротрофты жолмен қоректенуге көшеді, яғни олар өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы өтпелі форма. Клоақалы (жұмыртқалаушы) үйректұмсық пен түрпі (эхидна) - жорғалаушылар мен сүтқоректілер арасындағы жануарлардың өтпелі формасы. Ал тірі қазынды латимерия (саусаққанатты балық) — балықтар мен қосмекенділер арасындағы өтпелі форма. Қазындылардан ең мәлім өтпелі формалар - көнеқұс (археоптерикс) және иностранцевий.Көнеқұс (археоптрикс) - жартылай құс, жартылай кесірт (ящер). Бұл - мөлшері қазіргі кептердей немесе сауысқандай, шағын денелі тіршілік иесі. Ол ағашта немесе жер бетінде өмір сүрді. Сірә, бір бұтақтан екіншісіне ұшып-қонып, едәуір қашықтыққа ұша алған болса керек. Кесірттерден көнеқұс қанатындағы тырнағы бар саусақтарды алған. Қабырғалары төс бөлімінде ғана емес, бүкіл омыртқа жотасы бойлай орналасқан. 20 омыртқасы бар нағыз сүйектен тұратын құйрығы болған. Көнеқұстың құстармен туыстастығы қауырсынды жабынының және қанатының болуы. Тұмсығы да бар, бірақ жақсүйектің түр өзгеру үдерісі аяқталмағандықтан, тұмсығында мүйізді қаптамасы болмайтын болып келеді.

Археоптерикстің бауырымен жорғалаушыларға тән белгелері:



  • Бас сүйек пішіні

  • Жақ сүйектерінде тістердің болуы

  • Қанаттарында тырнағы бар саусақтар бар

  • Омыртқалары өспеген ұзын құйрық бөлімі

  • киль жоқ

Археоптерикстің құстарға тән белгілері:

  • Қауырсындардың болуы

  • Қанаттың алдыңғы аяқтары

  • Аяқтағы саусақтар құстар сияқты орналасады - үш алға, бір артқа

  • Қанаттарында терең және қарама-қарсы қауырсындар бар

  • Артқы аяқтарында саңылау бар

  • құрылысы жағынан құс қауырсынына ұқсас



13- тапсырма



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет